Индивидң түсінігінің бірнеше мəні бар. Алдымен, индивид -
ол табиғи жалғыз
тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда
адамның биологиялық жағы
айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын
пайдаланатын əлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да
адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші жəне екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен.
Бірінші
қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу),
жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса,
жеке-типтік
сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің
ерекшеліктері), мидың
нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың
функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды,
олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы жəне
органикалық
қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен
адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
1.2. сурет. Тұлғаң ретінде адамды əлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды.
Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады.
Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік жəне мінез.
ТЕМПЕРАМЕНТ
НЫШАНДАР МЕН ҚАБІЛЕТТЕР
МОТИВАЦИЯ
(БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)
МІНЕЗ
ЕРІК
СЕЗІМ
СЫ
ИНДИВИД ҚҰРЫЛЫМЫ
МИДЫҢ НЕЙРОДИНАМИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТІ
МИДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
АССИМЕТРИЯСЫ
ОСЫ ҚАСИЕТТЕР МЫНАЛАРДАН
Достарыңызбен бөлісу: