И.П. Павлов пен оның iзбасарлары тəжiрибе жүзiнде дəлелдеген адамдарда үнемi
жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесiнiң
физиологиялық негiзi болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмiнде болатын
ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дəл, тiкелей
қабылдауға көнетiн тек қысқа
мерзiмдi интервалдар ғана. Уақыттық аралықтарды дəл бағалауға есту жəне қимылдық
түйсiктер себепшi болатындығы анықталған.
Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам iс-əрекетiнiң мазмұнына тəуелдi. Қызықты,
маңызды iстерге толы уақыт зымырап тез өтедi. Егер оқиға қызықсыз, елеусiз болса, уақыт
мүлдем өтпей қояды.
Уақытты бейнелеудегi кейбiр субъективтiлiк
адамның жасына да байланысты
болады. Мысалы, балалар үшiн уақыт өтпейтiндей көрiнсе, ересектер оның тез өткендей
қабылдайды.
Адам уақытты қабылдаудағы субъективтiлiктен практикалық iс-əрекет пен
тəжiрибесi негiзiнде арыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: