№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн жəне



Pdf көрінісі
бет62/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн жəне
алыстығын, бағытын қабылдау.
Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара əрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады
жəне адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау
кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады жəне объекттердiң
формасын, көлемiн жəне өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын жəне
олардың бағытын қабылдаудан тұрады.
Адамның ортамен өзараəрекеттесуi адамның денесiн жəне оған тəн координаттар
жүйесiн де қамтиды. Адам затттарды қабылдауы, өзiнiң жəне олардың кеңiстiктегi
орналасу ерекшелiгiн талдау негiзiнде жүзеге асады. Бұл - адамның кеңiстiктiк анализ
деп аталатын күрделi аналитикалық-синтездiк iс-əрекетiнiң жемiсi. Кеңiстiктiк
бағдарлауда қозғалыстық анализатор ерекше рөл атқарады. Кеңiстiктiк бағдарлаудың
арнайы механизмдерiне анализаторлардың iс-əрекетiндегi ми сыңарлары арасындағы
жүйкелiк байланыстарды жатқызуға болады. Олар: бинокулярлық көру, бинауралдық есту,
бимануалдық сипап сезу, дириникалық иiс сезу жəне т.б. Заттардың кеңiстiктiк қасиеттерiн
бейнелеуде барлық жұп анализаторларға тəн болатын функционалдық асимметрия
маңызды рөл атқарады. Функциялық ассиметрия анализатордың бiр жағының жетекшi,
доминантты болып табылатынын бiлдiредi.
Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдауда
олардың көздiң тор қабығында бейнеленуiнiң үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен
кескiн, кiшi заттарға кiшi кескiн сəйкес келедi. Адамның көз құрылысының ерекшелiгiне
байланысты алыста орналасқан зат, көлемi жағынан бiрдей болғанымен, жақын
қашықтықтағы затқа қарағанда, кiшi болып бейнеленедi. Заттардың көлемi мен түрiн
қабылдау көру, сипап сезу жəне бұлшықеттiк-қимылдық түйсiктердiң күрделi үйлесiмi
негiзiнде жүзеге асады.
Заттардың 
аумақтылығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет