№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 4. Жеке адамның ерiктiк қасиеттерi



Pdf көрінісі
бет99/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   120
§ 4. Жеке адамның ерiктiк қасиеттерi
Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ендi жеке
адамның ерiктiк қасиеттерiнiң негiзгiлерiн қарастырып көрейiк.
Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi
қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету
жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк
күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi
көрсеткiшi боп табылады.
Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-əрекеттiң белгiлi бiр нəтижесiне жете бiлуден
көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы жəне белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық
деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай
қайткен күнде де оған жетудi көздейдi.
Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен
ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл
адам əрекет мақсаттары мен оларға жету тəсiлдерiн жан-жақты жəне терең ойлап,
қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нəтижесi жөнiнде өзiне-
өзi есеп берiп отырады.
Батылдық - жекее адамның еркiнiң жоғары дəрежеде екендiгiн көрсететiн қасиет.
Батылдық əсiресе мақсатқа бет алыс сəтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге
асыру барысында айқын көрiнедi.
Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап,
бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп
атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-
құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс
бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нəрселердi таба бiледi.
өстамдылық. өстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет
жасайтын психикалық көңiл-күйдi жəне шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен
көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы
денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының жəне қоғамның намысын,


абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда əрекет жасауға тура келедi.
өстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн жəне өз қылығын ақтайтын белсендiлiк
дəрежесiн таңдап алады. өстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу
қасиетi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет