№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет102/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   120
БӨЛІМ 3. ТҰЛҒАНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
XIII ТАРАУ . ТЕМПЕРАМЕНТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Темперамент тұлға қасиетi ретiнде. Б.М.Теплов бойынша темперамент
анықтамасы. Темпераменттiң негiзгi типтерi: холериктiк, сангвиниктiк, меланхоликтiк
жəне флегматикалық.
Темперамент туралы оқуларға қысқаша шолу. Гиппократтың темперамент туралы
теориясы. Немiс философы И. Канттың темперамент туралы теориясы. Э.Кречмер
типологиясы. И.П.Павлов еңбектерiндегi темперамент мəселесiн зерттеу. Б.М.Павлов
бойынша темпераменттiң негiзгi қасиеттерi жəне оның көрiнуi. В.М.Русаловтың
темперамент туралы теориясы.
Темпераменттiң физиологиялық негiзi. Жүйке жүйесiнiң қасиетi темперамент
негiзi ретiнде. И.П.Павлов iлiмi. Жүйке процестерiндегi қозу жəне тежелу күшi, тепе-
теңдiгi мен қозғалғыштығы.
Темпераментке 
психологиялық 
сипаттама 
жəне 
тұлға 
iс-əрекетiнiң
ерекшелiктерi. Темперамент түрлерiне психологиялық сипаттама. Адам iс-əрекетi мен
темперамент арақатынасы ерекшелiктерi.
Темперамент тұлғаның бойындағы мəндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл
мəселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның
биологиялық жəне физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар əлеуметтiк
дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына
байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi
жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң
болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, əрекет қарқыны мен
күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.
Қазiргi уақытта темпераменттi зерттеуге байланысты көптеген бағыттар бар. Бiрақ,
зерттеу бағыттары əр түрлi болса да, көптеген зерттеушiлер темпераменттi биологиялық
негiз деп атайды.
Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр
жағынан эмоционалды қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың
күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тəн психикалық ерекшелiктердiң
жиынтығы'' (Теплов Б.М., 1985). Сонымен темпераменттiң екi компонентi бар-белсендiлiк
жəне эмоционалдылық. Мiнез-құлық белсендiлiгi жiгерлiлiк, екпiндiлiк, шапшаңдық


немесе, керiсiнше, баяулылық жəне инерттiлiкпен сипатталады. Ал, эмоционалдылық
белгi (жағымды немесе жағымсыз) жəне модалдылықты (қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу
жəне т.б.) анықтай келе, эмоционалды процестердiң жүруiн сипаттайды.
Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады:
холериктiк, сангвиникалық, меланхоликтiк жəне флегматикалық. Бұл темпераменттiң
негiзгi төрт түрi ең алдымен өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен
қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi. Сонымен, холерик типiне тез пайда болатын,
күштi сезiм, сангвиник типiне тез пайда болатын, бiрақ əлсiз сезiм, меланхолик типiне
ақырын пайда болатын, бiрақ күштi сезiм, флегматик типiне ақырын пайда болатын, əлсiз
сезiмдер тəн.
Бiрақта барлық адамдарды темпераменттiң негiзгi төрт түрi бойынша бөлемiз деп
ойлау қате болды. Тек кейбiр адамдар ғана темперамент түрлерiнiң таза өкiлдерi бола
алады; ал көптеген адамдарда бiр темперамент қырлары басқа темперамент қырларымен
қоса жүретiнiн байқауымызға болады. Бiр адамның бойынан əр түрлi жағдайларда, iс-
əрекеттiң əр түрлi аймағына деген қатынаста темпераменттiң əр түрiн байқауымызға
болады.
Ерекше мəн берiп айта кететiн жайт, темперамент адам қабiлетi мен дарындылығын
анықтамайды. Барлық темперамент кезiнде де үлкен қабiлеттiлiктi кездестiруiмiзге
болады.
Сонымен қоса, қай темперамент жақсы деп те сұрақ қоюға болмайды. Олардың
əрқайсысының да жағымды жəне жағымсыз жағы бар. Тұлғаның құнды қасиеттерiне
мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi жəне күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi,
меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды. 
Темперамент- белгiлi бiр адамға тəн, сыртқы əсерлерге жауап беру реакцияларының
динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi,
адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң
табиғи типтiк қасиеттерiне тəуелдi, жеке адамға тəн дара ерекшелiк деп
бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын жəне психикалық процестердiң өзгеруiнiң
динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен
өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.
Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады жəне ол
биологиялық, əрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып
табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен əсер етедi, кейде
адамның əрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп
қарастыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет