1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет80/116
Дата28.02.2023
өлшемі1,21 Mb.
#70425
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   116
Байланысты:
C.М. Жакупов Жалпы психология 4

§ 2. Қиялдың түрлері
Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.
Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.
Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады.
Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің ң Полтава ң атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.
Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жерде образды жасау, адамның кеңістіктегі қиялға қабілеттілігімен анықталады. Әрине, бұл қиял түрі адамның ойлау және ес процессмен тығыз байланысты.
Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.
Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.
Арманның негізгі ерекшелігі, оның болашақтағы іс-әрекетке бағытталғандығында, яғни арман-өзін қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Бұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады.
Бірақ кейбір адамдар үшін арман тек іс-әрекеттің орнын ауыстырушы ретінде ғана қолданылады. Олардың армандары тек арман күйінде ғана қалады. Мұндай құбылыстың себептерінің бірі, олардың әрдайым сәтсіздікке ұшырауында. Бірқатар сәтсіздікке ұшырау нәтижесінде адам өз жоспарын жүзеге асырудан бас тартады да, тек армандап ғана жүреді. Мұндай жағдайда арман саналы, ерікті процесс ретінде, бірақ аяқсыз қалатын процесс ретінде көрінеді. Арманның бұл түрі тек негативті құбылыс ретінде қаралмайды. Бұның позитивті мәні организм жүйесін реттеу механизмдерін сақтап, қамтамасыз етуінде. Мысалы: Сәтсіздік көп жағдайда адамның негативті психикалық күйге түсуіне ықпал етеді, яғни дискомфорт немесе депрессивті реакцияға түседі. Өз кезегінде негативті психикалық күй адамның әлеуметтік- психологиялық адаптациясындағы қиындықтарға себепші болатын, дезадаптивті бұзылулар мен қандай да бір аурудың преморбидті сипаттамасын қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде көрінеді. Бұндай жағдайда арман пайда болған проблемалардан уақытша кете тұруды қамтамасыз ететін психологиялық қорғаудың өзіндік формасы түрінде роль атқарады.
Ол негативті психикалық күйдің нейтрализациясына және адамның жалпы белсенділігі төмендеген кезде реттеу механизмдердін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Айта кету керек, арманның бұл түрлері белсенді ерікті саналы психикалық процесс болып табылады. Алайда, қиял пассивті формада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады.
Егер ерікті немесе белсенді қиял әдемленіп жасалынса, яғни ол пассивті қиял ырықты және ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Алдын-ала ойланып жасалынған мақстатты түрдегі қиял ерікпен байланысты емес образдарды жасайды. Бұл образдар адамның қиялында көрінеді. Адам өз қиялында өз күтіп жүрген белгілі-бір нәтижені ойлайды. Ал қиял іс-әрекетті алмастыра бастаса, тұлғаның психикалық өмірінде үстем ала бастаса, бұл психикалық дамудың бұзылғандығын көрсетеді. Бұл адамның шынайы өмірден алшақтап, өзі елестететін әлемге кетуіне әсер етеді. Мысалы: мектеп оқушысы сабаққа дайындалмай және дұрыс баға алмағасың, өзіне басқа бір өмірді ойлап табады.
Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет