1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет114/116
Дата02.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#78539
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116
Байланысты:
C. М. Жакыпов. Жалпы психология

§ 3. Адами қабілеттің жаратылысы
Адами қабілеттің жаратылысы күні бүгінге дейін ғалымдар арасында даулы талас туғызып отыр. Неғұрлым кеңінен таралған көзқарастың бірі өз тарихын Платоннан бастайды. Осы көзқарасты ұстанған авторлар, қабілеттілік биологиялық шарттастырылған және олардың айқындалуы толығымен тұқымдық сипаттамаға тәуелді деп дәлелдейді. Оқыту мен тәрбиелеу олардың пайда болуының жылдамдығын ғана өзгертеді, бірақ олар әрқашан сол немес басқа кейіпте айқындалынады. Осы көзқарастыртың делелі ретінде балашық шағында қылаң берген, оқу мен тәрбиелеудің әсерінде айқындаушы бола алмауы ықтимал дербес ерекшелік фактілері пайдаланылады. Мәселен, Моцарттың музыкалық дарындылығы үш жасында білінсе, Гайднда – төртте. Кескіндеме мен мүсіндемедегі талант сәл кешірек айқындалады: Рафаэлде – сегіз жасында, Ван Дейкада – он жасында.
Қабілет мұрагерлігінің өзіндік даму тұжырымдамасы адам қабілеттілігінің оның миының көлемімен байланысы туралы шамалау болып табылады. Бізге ересек адамның ми орташа шамамен 1400 г болатыны белгілі. Көрнекті адамдардың ми көлемін анаықтағанда, олардың миының орташа шамадан әлдеқайда көп екені көрсетілген. Сонымен, И.С.Тургеновтің ми көлемі 2012 г, Д.Байрон – 1800 г және т.б. құраған. Алайда, бұл шамалау соңынан ми көлемі орташа шамадан аз болған атақтылардың көбеюінен жарамсызданып қалды. Мысалы, белгілі химик Ю.Либихтің ми 1362 г, жазушы А.Фрнастікі – 1017 г болған. Онымен қоса, ең ауыр ми – 3000 г артық болған ол ақыл- ойы қалып қойған адамдікі болған.
Френология деп аталынған Франц Галляның оқуы қабілеті мұрагерлігі идеясымен байланысты. Френологтар адамның психикалық өзегешілігі оның бас сүйегінің сыртқы формасына тәуелділігін бақылауға тырысқан. Негізіг идеясы бас миының қабығы әрқайсысында адамның белгілі бір қабілеттілігі тоқтаған бірқатар орталықтардан құралады деп негізділінген. Бұл қабілеттердің даму дәрежесі тиісті ми бөлігінің шамасына тікелей тәуелділігінде орналасқан. Арнайы өлшеу негізінде әрқайсысы белгілі бір дербес ерекшелікке лайықталынған бас сүйектің үстіңгі қабаты 27 участоікқа бөлінген френологиялық карта құрылған. Солардың арасынан “қабілет томпағы” музыкаға, поэзияға, кескіндемеге; “дөңестер” атақұмарлық, сараңдық, батылдыққа және т.б. белгіленген. Алайда бұл тәсіл жарамсыз болып қалды. Сансыз көп ашылған жаңалықтар бас сүйек ми қабығының формасын қайталамайтынын көрсетті, сондықтан адамның ақыл-ой және адамгершілік ерекшелігін бас сүйектің томпағы және ойпаты бойынша анықтау ғылымға қарсы және тиянақсыз.
Ч.Дарвиннің эволюция теориясы ұстанымдарынан бастау алып, қабілеттілік мұрагерлігін түсіндірген Фрэнсис Гальтонның еңбегі кең танымалдыққа ие болды. Көрнекті қайраткерлердің өмір жолын талдай отырып, Гальтон адам табиғатының жоғары сатыға көтерілуін ақыл-ой және денелей дамыған адамдар, ерекше дарынды нәсілдің мұрагерлік заңдылығы негізінде сырын ашу долымен мүмкін деген қорытындыға келген. XX ғасырда Гальтонның желісін жалғастыра отырып, Коте атақты адамдардың дарындылық дәрежесін энциклопедиялық сөздіктерде оларға меншіктеп берліген жол саны бойынша анықтап, 400-ге жуық адамды бөліп алып, кімнің жоғары қабілеттілігі қаншама ұрпаққа жалғасатындығын анықтаған.
Аталмыш бекіту негіздемені жоққа шығару еместігін атап өтейік. Әсіресе, неміс музыканты Бахтың жанұя тарихына әсер етеді. Онда музыкалық зор қабілеттілік алғаш 1550 жылы анықталынған. Жанұядағы бастаудың көзі Т.Рибоның “Жан дүниелік қасиеттердің мұрагерлігі” еңбегінде көрсетілгендей, жұмыстан соң жан дүниесін музыка мен әнге аранған тоқашшы В.Бах болған. Оның екі ұлы болған, екі ғасыр аясындағы белігілі Германияның үздіксіз музыканттар қатары осылардан басталады. Бахтың жанұясында жалпысы 60 - қа жуық музыкант болған, соның ішінде 20 – көрнекті. Сонымен қатар, Л.Н.Толстайдың әжесі – Ольг Трубецкая мен А.С.Пушкиннің әжесі – Евдокия Трубецкая апалы-сіңілі болғаны белгіленген. Неміс мәдениетінің бес ірі өкілі – ақын Шиллер мен Гельдерлин, философтар Шеллинг мен Гегель, және дле физик Макс Планк туысқандар болған: олардың арғы атасы XV ғасырда өмір сүрген Иоганн Кант болған.
Қабілетті дамытудағы мұрагерліктің маңызын зерттеу мақсатымен өткізілген зерттеулердің бірінде балалардың музыкаға қабілетті ата-аналарының не екеуі де музыкант, не екеуі де музыкант емес болғанын анықтаған. Төменде осы зерттеудің нәтижесі келтірілген (кесте)

Балалардың музыкалық қабілеттілігі ата-аналарының музыкалық дарындылығына тәуелділігі



Ата-аналар

Балалар %

Музыканттығы айқын көрінген



Мүлдем музыканттығы жоқ



Екеуi де музыкант

85

7

Екеуi де музыкант емес

25

58

Кестеде келтірілген мәліметтер мұрагерлік факторлардың маңызын түсіндіре отырып, баланы тәрбиелеген ортаныңы маңызын есептемегенін атап өту керек. Ал біз қабілеттің дамуының елеулі дәрежесі адам өмір сүретін және әрекеттенетін ортаның маңыздылығымен айқындалынатын жақсы білеміз. Егіздер әдісін қолданумен өткізетін қазіргі зерттеулер қабілет дамуындағы мұрагерлік пен ортаның маңызын нақтырақ бағалауға мүмкіндік береді. Егіздер әдісінің мәні егіздерді мақсаттылық зерттеумен қорытындыланады. Солай, бірқатар зерттеулерде біржұмыртқалы (момнозиготтық) және жай ағалы-сіңілілі (сибс деп аталатын) егіздердің қабілет көрсеткіштерін өзара салыстырған. Онда монозиготтық парлардың қабілет мен олардың ішкі даму деңгейі 70-80% сәйкес келсе, сибс парларында 40-50% құраған. Бұл зерттеу қабілет немесе бейімділік мұрагерлікпен өте тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Алайда, қабілетті дамыту үшін ең маңызды орта ма, әлде мұрагерлік пе деген сұрақ тағы да жауапсыз қалып қояды.


Бұл сұраққа гитерозиготтық (әр түрлі мұрагерлікке ие) және гомозиготтық (бірдей мұрагерлікті) егіздердің жекелеген сипаттарын зерттеген А.Басс пен Р. Плоумин өз еңбектерінде жауап беруге тырысқан. Әр түрл жанұяда өмір сүрген және тәрбиеленген гомозиготтық егіздерді салыстырмалы зерттеу олардың дербес психологиялық және мінез құлықтық ерекшелігі бұдан кеңеймейді, көбіне сол баяғы бір жанұяда өскен балалардік сияқты қалып қоятынын көрсеткен. Сонымен қоса, кейбір жағдайларда дербес ерекшеліктер олардың арасында тіптен азайып қалады. Бірдей мұрагерлікке ие егіздер-балалар оларды бірге тәрбиелегенге қарағанда, жеке тәрбиеленудің нәтижесінде кейде бір-біріне өте ұқсас болып кетеді. Бұл бір-бірімен үнемі бірге болатын және бір іспен бірге айналсуына мүлдем ешқашан болмайтын біржылғылар-балалар арасында толық тең құқылы қатынас сирек сәйкестендіріледі.
Қабілеттің мұрагерлік жаратылысын толып жатқан артистер, суретшілер, теңізшілер, дәрігерлер, педагогтардың династиясы да куәландырып отыр. Алайда, көптеген жағдайда тек қана биологиялық қана емес, алдыменен әлеуемттік мұрагерлік айту керек шығар. Бала ата-анасының ізімен тек мұрагерлік болжамы үшін емес, бала күнінен олардың кәсібін сүйіп, ұнатқаны үшін де жүреді. Сондықтан отандық психология ғылымында қабілеттің өте қызықты, бірақ қабілеттің анықталуының барлық дәлелдері түсіндірілмеген мұрагерлік сипатының тұжырымдамасы есептеу қабылданған.
Басқа көзқарасты өкілдер, психиканың ерекшелігі бүтіндей тәрбиелеу және үйрету қасиетімен анықталынады деп есептейді. Солай, тіпті XVІІІ ғасырда К.А.Гельвеций данышпандықты тәрбиелеу құралымен қалыптастурға болады деп жариялаған. Бұл бағытты жақтаушылар ең дамымаған және дөрекі тайпалардың балалары да тиесілі білім алып, білімді еврейлерден еш айырмасы болмаған жағдайға сілтеме етеді. Осы тәсілдеменің аясында қатынас тапшылығына әкелетін әлеуметтік оқшаулану жағдайлары туралы, соның ішінде “маугли-балалары” деп аталатындар туралы айтылады. Бұл жағдайлар қоғамнан тыс жеке адамның дамуы мүмкін еместігінің дәлелі болып табылады. Осы тәсілдеменің пайдасына тағы да белгілі бір мәдениет жағдайындағы кейбір арнайы қабілеттердің көптеген даму дәлелдері айтылады. Ондай дамудың үлгісі А.Н.Леонтьевтің басшылығымен Ю.Б.Гиппенрейтер және О.Н.Овчинниковалар өткізген дыбыстық биіктікті естуді зерттегенде көрініс тапқан.
Дыбыстық жоғарылығы есту немесе дыбыстың жоғарылығын қабылдау музыкалық естудің негізін қалайды. Арнайы әдістеме көмегімен осынау перцептивтік қабілетті зерттей келе ғалымдар сынап көрген ересек үш орыстың бірінде оның соншалықты күшті дамымағанын тапқан. Тура күткендегідей, сол адамдар еш музыкалық қабілеті жоқ болып шыққан. Бұл әдісті сыналған-вьетнамдарға қолданғанда кері нәтиже берді: олардың барлығы дыбыстық жоғарылылықты естудің көрсеткіші бойынша ең жақсылар болып шықты. Басқа тест бойынша бұл сыналушылар сондай 100% музыканттығын анықтаған. Осы таңқаларлық айырмашылық орыс және вьетнам тілді өзгешеліктер былай түсіндірілді: бірнішісі тембрлік, екіншісі – тональдік тілге жатады. Вьетнам тілінде дыбыс жоғарылылығы мағыналық өзгешелік қызметін атқарса, орыс тіліндегі сөйлеу дыбыстарының жоғарылылығында ондай қызмет жоқ. Орыс тілінде басқа барлық еуропа тілдеріндегідей өз тембрімен фонемалар өзгешеленеді. Нәтижесінде барлық вьетнамдықтар ерте бала кезінен бастап, ана тілін меңгерте отырып, орыстар мен басқ аеуропалық балаларда болмайтын бір мезетте музыканттығын ояту қабілетін дамытады. Бұл мысал қабілеттің қалыптасуындағы орта мен жаттығу шарттарының маңызын көрсетеді.
Бұл тұжырымдаманың ақырғы қорытындысы әрбір адамда кез келген қабілетті қалыптастыруға болады дегенге саяды. Осы көзқарасты ұстанған американдық ғалым У.Ушби қабілет ең әуелі адамның бала кезінде қалыптасқан интеллектуалды әрекет бағдарламасымен анықталынатынын дәлелдейді. Өздерінің бағдарламаларына сәйкес бір адам шығармашылық міндетін шешіп жатса, келесісі не үйретті соны орындауға ғана жағдайлы болып жатады. Қазіргі кезде осы тұжырымдаманы ұстайтындар АҚШ-та дарынды балаларды “жетілдіретін” арнайы орталықтар құрған. Адамның потенциалдығын жақсырақ пайдаланатын Филадельфий институтында балалардың ақыл-ойын дамыту бойынша сабақ әр минутты қымбат және миды “бос сандалтуға” болмайды деп есептей келе оларға төрт-бес жасында бастайды.
Өмірлік бақылау мен арнайы зерттеулер өз кезегінде қабілеттің табиғи алғы шарттарының бар болуына қарсы шығуға болмайтынын куәландырады. Отандық психология тума қабілеттілікті мойындамай отырып, белгілі бір әрекеттің жетістікті орындалуының шарты болып қалуы мүмкін ми құрылғыларының еоекшелігі мен туа біткен бейімділіктерді жоққа шығармайды.
Отандық психологияда қабілет мәселелерімен Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын, А.Н.Леонтьев сияқты және т.б. белгілі ғалымдар айналысқан. Отандық психологияда қалыптасқан позицияны қыспалы түрде былайша сипаттауға болады: адамның қабілет жаратылысынан биоәлеуметті.
Олай болса, мұрагерлік адамның жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық құрылғыларының ерекшеліктері оның бейімділіктерінің елеулі дәрежесін анықтайтындықтан адам қабілеттің дамуы үшін зор маңыздылығы болады. Бірақ, басқа жағынан, бейімділіктер өздігінен адамдағы пайда болатын тиесілі қабілетті білдірмейді.
Қабілеттің дамуы көптеген әлеуемттік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін және т.б. жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет