«Ана тілін сүйеміз» Тәрбиеші-ана: Абибуллаева Эльмира Тақырыбы: «Ана тілін сүйеміз»



Дата11.06.2023
өлшемі14,94 Kb.
#100594



«Ана тілін сүйеміз»

Тәрбиеші-ана: Абибуллаева Эльмира

Тақырыбы: «Ана тілін сүйеміз» ұлы адамдардың ғибратты сөздерімен танысу-отбасылық әдебиеттік сағаты
Өткізілген күні:.08.10.2022жыл
Мақсаты: Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, еркін сөйлеуге баулу.
Альмира: Сүйемін туған тілім - ана тілін,
Бесігімде жатқанда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Ділназ: Туған тілім – тірлігімнің айғағы!
Тілім барда айтылар сыр ойдағы!
Өссе тілім мен де бірге өсемін!
Өшсе тілім мен де бірге өшемін

Роман: Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау - үлкен қылмыс. Этика, эстетика дегендердің тым нәзік сырларын әр халық өз тілінде ғана еркін түсінсе керек.


Авторы: Ғабит Мүсірепов

Гүлназ: Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.


Автор: Мұхтар Әуезов
Тәрбиеші-ана: Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.

Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгі қазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі, оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріп әкелуі. Әрине Абайға дейін де поэзия болды. Бірақ ол зар заман жырлары мен дастандары. Ал Абай тілінде сұлулықпен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр.

Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөле ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхно жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Ендеше сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз.

«Мадияр» отбасының ««Ана тілін сүйеміз»» атты өткізілген іс-шарасы бойынша

Анықтама

2022 жылдың 8-қазан күні «Мадияр» отбасында қазақ ұлы ойшылдарының қанатты сөздерімен танысу кеші өтті. Сынып сағатының мақсаты:


-Қазақ тілінің байлығын таныту;
-Тілге құрметпен қарауды үйрету.
Сынып сағатында Альмира мен Ділназ өлең оқып, Роман мен Гүлназ тіл туралы қанатты сөздерді оқыды. Қортындыны тәрбиеші-ана Абибуллаева Эльмира тілге құрмет көрсету керектігін айтып тәмамдады.

08.10.2022ж.


Тәрбиеші-ана: Абибуллаева Эльмира

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет