1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретiнде



бет107/159
Дата09.03.2022
өлшемі1,21 Mb.
#27375
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159
Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретiнде. Адам мiнез-құлқының мотивтерi ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттелiндi. З. Фрейд бойынша, негiзгi мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлi көрiнiс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.

  • Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелiк ойлаудың бiр түрi.

  • Еркiн ассоциациялар әдiсi. Ырықсыз бейнелiк ойлау, еркiн ассоциациялар санасыз мотивтердiң көрiнiс табатын маңызды аумақтарының бiрi.

  • Сублимация санасыз энергияны әлеуметтiк құпталған тәсiлдерге ауыстыруда iске асатын творчестволық ойлау процесi.

  • Мотивтi саналау адамның өзiндiк саналауын, iшкi ойлау типiн қажет етедi.

Аутистiк ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның iшкi өмiрiнiң басымдылығымен, сыртқы өмiрден кетумен байланысты. Әдетте, түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистiк ойлаудың көрiнiстерi. Бұларда ойлар аффективтiк ұғымдарға бағынады.

  1. Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер). Бұл тұрғы танымдық процестердi жасанды моделдеу негiзiнде белгiлi-бiр мiндеттердi шешу тәсiлдерiн табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлiк жүйелердiң аналогы ретiнде ұғынылады. Есептердi шешу механизмдерi және оған қажеттi жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтiк тәжiрибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтiк құрылымдар болып есептелiнедi. Танымдық ретiндегi адамның кез-келген iс-әрекетiн талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нәтижелерге әкелумен қатар, бұрыс тұжырымдарды да өмiрге келтiредi. Осылайша, когнитивтiк психология тұрғысынан ойлау адам бiлiмдерiн жүйелейтiн, өңдейтiн, құрылымдайтын, реттейтiн танымдық процесс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет