Заттарды беру- традиция. Традиция- затқа меншік құқығын беру ниетімен затты беру. Традиция негізі шарт болды. Бастапқыда тради- ция иелікке алушылар рим емес азаматтар болып табылатын манци- пациялық емес заттарға қатысты қолданылды. Традиция көмегімен меншік құқығының ауысуы- негіз арқылы ауысатын. Бұл негіз тарап- тардың еркі болып табылды. Юстиниан Кодификациясында традиция меншік құқығын ауыстыру туралы заттық шартты жасаудың бірден- бір тәсілі болып саналды. Традиция бойынша затты тікелей беру және оның мақсаты болуы міндетті болды.
Заттарды біріктіру.Заттарды біріктіру бір затты екінші затқа қосу және оның бір құрамдас бөлігі болу. Заттарды біріктірген кезде әр түрлі меншік иесіне тиесілі заттар бірігеді. Қозғалатын заттар үнтақ- талатын заттар және ұнтакталмайтын заттарды араластыру нэтижесін- де бірігетін. Біріктірген заттардың қайсысы негізгі зат деген сұраққа заттың шаруашылық бекітілу маңыздылығына, құндылығына байла- нысты анықталды. Жаңадан пайда болған заттың меншік иесі біріктірілген заттың құнын төлеуге міндетті болды.
Бөтен затты пайдалану нәтижесінде алынған өнімдср, және кірістер.Өнімдер, өнімді берген заттан ажыратылған кезден бастап өз алдына дербес затгар болып саналады. Өнімдер өнімді алған тұлғаға тиесілі болды. Өнімдер деп өнім келтіретін заттардың шаруашылық маңызын жоғалтпай унемі және тұрақгы пайдалану нәтижесінде алынған заттың органикалық туындысы. Гай «өнімге сүт, жүн де саналады, сондықган қозы немесе лақ өнімді алған тұлғаға тиесілі болып табы- лады» - деп жазады. Күңнің баласы өнімге жатпайды, сондықтан меншікиесінетиесілі. Яволен, кепілге салынатын затты ғана өнім деп санады.
Меншік кұқығын қорғау.Меншік құқығын қорғау кез-келген құқықбұзушыға қарсы әрекет еткен заттық талаптармен жүзеге асы- рылды. Меншік құқығын қорғауға байланысты 70-тен астам талап болды. Негізгі талаптар виндикациялық және негаторлық болды.
Өзінің заңды иеленуін қайтару үшін меншік иесі арнайы виндикациялық талап қоюға кұқылы болды.
Виндикациялықталап меншік иесінің еркінен тыс шыққан затын қайтарып алу туралы талабы, яғни бөтен біреудің заңсыз иеленуінен затгы қайтарып алу туралы талап. Талапкер болып меншік иесі таны- лады, ал жауапкер дау туған кездегі затты иеленуші кез-келген тұлға. Меншік құқығын дәлелдеу талапкерге жүктелді, егер дәлелдей алма- са жауапкер оны кұкыктық салдар туындататын айыптау құқығына ие болатын. Дәлелдеген жағдайда затқа меншік құқығы арнайы соттың бұйрығынсыз, бірақсот шешімін орындау тәртібімен бұрынғы меншік иесіне өтетін. Егер де жауапкер талапкерге затты қайтармаса сот шешім шығарған кездегі заттың құны бойынша жауапкершілікке жүктелетін. Осы талаптың көмегімен Пампониийдің айтуы бойынша, тек жекеле- ген заттар ғана емсс, атарларды да виндикациялауға болатын. Бұл жерде табын, үйір т.б. топ-тобымен жүретін малдарға қатысты да айтуға бо- лады, яғни жекелеген мал емес тобы біздікі болса, виндикациялауға болады. Сонымен қатар, егер кімде-кім бөтен біреудің тастарынан өз учаскесінде үй тұрғызса, ол үйді виндикациялай алады.
Талаптың басты максаты затты барлық өнімдерімен қалыпты жағ- дайда қайтару. Бірақ судья затты талапкерге қайтару кезінде жауап- кер адал иеленуші болса, затты сақтауға кеткен шығындарды өтеу туралы міндетті жүктей алатын. Ал, адал емес иеленуші затты қайта- ра отырып, өнім мен кіріс қүнын қайтаруға міндетті болды. Сонымен қатар адал емес иеленуші заттың жойылғаны ұшін барлық жағдайда да жауап беретін.