Меншік құқығының пайда болу негіздері. Меншік құқығының пайда болу тәсілдері бастапқы және туынды тәсіл деп екіге бөлінетін. Бастапқы тәсіл дегеніміз затқа меншік кұқығының алғаш пайда болуы. Мұндай тәсілдерге басып алу (оккупация), иелену көнелілігі бойынша меншік құқығының пайда болуы, қойма, спецификация жататын.
Туынды тәсіл дегеніміз меншік құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі. Бұған: заттарды беру, өсиет бойынша бас тарту, бөтен біреудің меншігін пайдаланудан түскен кіріс, өнім және шарт не- гізінде меншік құқығының ауысуы жатады.
Оккупация дегеніміз ешкімге тиесілі емес затты өз меншігіне айналдыру. Басып алу иесіз заттарға қатысты қолданылады. Ешкімге тиесілі емес затгарға - иесіз заттар, жабайы аңдар, құстар, балықтар, табиғи емес заттар;
бұрын рим азаматына тиесілі болмаған жаулап алу және соғыс кезінде алынған затгар жатады.
Жоғалтылған және жасырылған заттар екіге бөлінді: олжа және қойма деп. Бұл туралы толығырақ төменде мәлімет беріледі. Ешкімге тиесілі емес заттар – res nullius терминологиясымен, меншік иесі бас тартқан заттар – res de re lictae; жаудың заттары – res hostiles терминологиясымен анықталды.
Иелену көнелілігі бойынша затты иелсну.Иелену көнелілігі - бұл затты адал ұзақ уақыт бойы пайдалану нәтижесінде меншік құқығының пайда болуы. Иелену көнелілігі ерте цивильдік құқықтың өзінде танымал болған. Ол рим азаматтарына қатысты қолданылды және меншік құқығы қозғалатын затгарға бір жылдан кейін, қозғал- майтын заттарға екі жылдан кейін пайда болды. Юстинианның Ко- дификациясында бұл мерзімдер қозғалатын мүлік үшін үш жыл, қозғалмайтын мүлік үшін бір жыл болды. Иелену көнелілігі бойын- ша меншік кұқығы пайда болу үшін мына алғышарттар орындалуы керек болды: а) иеленудің заңды негізі; б) адал иелену; в) иелену мерзімінің үздіксіз жүргізілуі. Иелену бір адаммен үздіксіз жүргілуі қажет болды.
Қойма. Қойма дегеніміз қандай да болмасын жерде бұрыннан жасырын жатқан, ашқаннан кейін иесін табу мүмкін болмайтын құнды- лық. Бөтен біреудің жерінен оқыста тауып алған қойма тауып алған адам мен жердің қожайынының ортақ меншігі болып саналды. Мақ- сатты іздеу нәтйжесінде жердің қожайынының рұксатынсыз және оны ескертпей тауып алынған қойма олжаға теңестірілді және оны беру құқықбұзушылық болып саналды. Қасиетгі жерлерден тауып алынған қоймаға меншік кұқығы пайда болмайтын.
Спецификация.Спецификация - бір немесе бірнеше заттардан жаңа зат дайындау. Ие болу құқығы материалдың меншік иесіне ти- есілі болатын немесе өз еңбегімен затты өндеген адамғатиесілі бола- тын. Юстинианның құқығы бойынша спецификатор жаңа заттың иесі меншік иесі болып саналды, егер ол бөтен затқа өз затынның бір бөлігін қосу арқылы жаңа зат өңдеп шығарса. Мұндай жағдайда ол материалдың құнын беруге тиісті болды.