Сатып алу-сату шартының тараптарының міндеттері. Сатушы сатып алушыны эвикциядан сақтандыруы қажет, яғни сатып алушыға тауарды үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос түрде беруі тиіс; сапалы тауарды
беруге немес тауардың кемшілігі туралы ескертіп беруге міндетті. Эвикция- накты меншік иесінің немесе ұстаушының мүлікті қайтару туралы талап етуі. Нәтижесінде сатып алушы сатып алынған затына меншік құқығын жоғалтады. Эвикция кезінде сатушы сатып алушы жағында іске қатысуы тиіс және оны эвикциядан қорғауға міндетті. Егерде сатып алушының кінәсінен затқа меншік құқығы жоғалтылса, эвикция негізінде талап қойылмайтын.
Сатып алушының заттың сапасына байланысты міндеттерін орындамауы, сатып алушыға шартты бұзу және ақшасын қайтарып алу құқығы, яғни реституция берілді. Бұл талапты мәміле жасалған кезден бастап алты айдың ішінде қоюға болатын. Сатып алушы сонымен қатар сатып алынған бағаның тауардың нақты бағасынасай келмейтін бағамен сатып алған жағдайда бір жылдың ішінде бағасын төмендету туралы талап қоя алатын.
Ал сатып алушы тауарды мерзімінде қабылдап алып және тауар құнын төлеуге міндетті. Сатып алушы тауар құнын төлеуге міндетті, егер тауар сатып алушыға берілгенге дейін кездейсоқ жойылған күннің өзінде. Бұл рим кұқығы бойынша сатылған мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қауіпі сатып алушыда болады деген ережемен реттелді.
Консенсуальды шарттардың өзге де түрлері.Консенсуальды шарттарға сонымен қатар жалдау, тапсырма, серіктестік шарты жатады. Жалдаудың үш түрі белгілі болды: заттарды жалдау, қызметті жалдау, жұмысты жалдау немесе мердігерлік. Жалдау шарты бойынша жалға беруші қандай болмасын затты жалға алушыға уақытша пайдалануға беруге міндеттенеді, ал жалға алушы затты кабылдап ақысын төлеуге және мерзімі аяқталған кезде затты қайтаруға міндеттенеді. Жалдау пәні қозғалатын және қозғалмайтын заттар болуы мүмкін. Заттарды жалдау шарты консенсуальды. Жалдау шартының пәні тек тұтынылмайтын заттар ғана болады. Жалға беруші заттты уақыгында беруге міндетті болды және шартқа сәйкес беру. Ол затты пайдалануға жарамды түрде беруге міндетті және қажет жағдайда жөндеуге міндетті. Мүліктің кездейсоқ жойылу қауіпі жалға берушіде болды. Жалға алушы затты қосымша жалға беруге құқылы болды.
Қызметті жалдау шарты - бұл бір тарап жалға алушының пайдасына қандай да болмасын қызметті орындауға, ал жалға алушы қызмет үшін ақы төлеуге міндетті болатын консенсуальды контракт. Ал, мердігерлік шарты бойынша мердігер тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдап алыпакысын төлеуге міндетті болды. Оның пәпі жеке аныкталған заттарды дайындау немесе өндеу. Жұмыстың кездейсоқ жойылу қауіпі оны тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін мердігерде, ал тапсырғаннан кейін тапсырыс берушіде болады.
Тапсырма шарты - дегеніміз сенім беруші сенім алушығақандай да болмасын әрекетті сенім берушінің пайдасына ақысыз орындауын қабылдауы туралы консенсуальды шарт. Шарттың пәні заңи және нақты сипаттағы әрекет. Сенім алушы сенім берушінің берген тапсырмасын толықжәне шартқа сәйкес орындауға міндетгі. Сенім алу- шы тапсырма мазмұнынан ауытқамауы тиіс, ол сенім берушінің ал- дында жеңіл салақтық үшін де жауап береді және шарт аяқталған кезде есеп беруге міндетті. Тапсырманы орындауға байланысты шығындарды сенім білдіруші көтерді.
Серіктестік шарты бойынша екі немесе одан да көп тұлға өздерінің мүліктік салымдарын немесе құқыққа қайшы емес жеке қызметтерін ортақ шаруашылық мақсатқа біріктіреді. Рим құқығы бойынша серіктестіктің төрттүрі белгілі болды: а) отбасы мүшелерінде пайда болатын барлықмүлікгердің серікгестігі; б) оның мүшелерінің мүліктерінің кейбір бөлігін біріктірген, сонымен қатар серіктестіктің сәйкес қызметінен пайда болатын болашақ иелікке алынатын кірістерді біріктірген кіріс серіктестікгері; в) серіктестік мақсатына қажетті, сонымен қатар оны жүзеге асырған кезде алынатын қандай да болмасын бір істің серіктестігі бірлескен қызмет нысаны ; г) бір заттың немес бір істің серіктестігі. Серіктестік тоқтатылады ортақ мақсатқа жеткен кезде немесе қандай да болмасын бір серіктестің шартқа қатысуға бас тартуы негізінде. Серіктестік шартының тоқгатылу негізі сонымен қатар серіктестің біреуінің төлем қабілетсіздігі және қайтыс болуы.