1 Дәрістер Тақырыбы. Рим жеке құқығының пәні және маңызы



бет27/28
Дата21.02.2023
өлшемі79,02 Kb.
#69680
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
лекция рим (1)

Қарыз шарты. Қарыз шарты- қарыз беруші қарыз алушының меншігіне топтық белгілерімен анықталатын затты немес ақшаны беруі туралы, ал қарыз алушының мерзімі жеткен кезде сондай затты немес ақшаны қайтаруы туралы нақгы шарт. Қарыз шартының мәні бір тараптың екінші тарапқа затты меншікке беруі.
(1) Mutuum damus recepturi pop eandem speciem quam dedimus (alloquim c ommodatum aut depositum), sed idem genus, velut ut pro tritico vinum recipiamus, non erit mutuum (D.12.1.1.pr),-(1) Біз карызға береміз, сол species-ті қайта алу үшін, яғни қандай затты берсек сондай затты кайтарып алу. Егер басқа затты қайтаратын болса, ол қарыз емес. Мысалы астық орнына вино қайтарса.
Қарыз біржақты, ақысыз міндеттеме деп саналды. Валютаны кездейсоқ жою қауіпі жалпы ереже бойынша борышқорға оның кінәсінің нысанына қарамастан жүктелді. Қарыз шартын сипаттайтын белгілер:

  • Нақты шарт (затты алған кезден күшіне енеді),

  • Заттар меншік кұқығына беріледі,

  • Алушы тура сондай затгы қайтаруға міндетті.

  • Заттың кездейсоқ жойылу қауіпі алушыда.

  • Міндеттеме біржақты.

Рим күқығы пайыздың жоғарғы мөлшерін шектеді. Классикалық құқықта пайыздың жоғарғы мөлшері айына I пайыздан аспауы тиіс болды, ал Юстиниан кұкығында жылына - 6 пайыздан аспайтын.
Ссуда шарты (commodatum) бойынша бір тарап (commodans, ссуда беруші) екінші тарапқа (ссуда алушыға, commodatarius) жеке анықталған затты уақытша ақысыз пайдалануға береді, ал екінші тарап пайдалану мерзімі аяқталған кезде сол затты сақталған күйінде және тұтастай қайтаруға міндетгенеді. Шарт субъектілері - коммодант және коммодотарий. Берілген затқа меншік құкығы коммандантга сақталады, ал екінші тарап тек ұстаушы, ол мүлікті ақысыз пайдаланады және оны меншік иесіне қайтарады. Ссуда шартының белгілері:

  • Ссуда шарты- нақты шарт, яғни міндеттеме пайда болады мүлікті нақты пайдалануға берген кезден бастап;

  • Шарт пәні-тек жеке белгілерімен анықталған заттар;

  • Заттар меншік құқығына емес, уақытша пайдалануға берілді;

  • Ссуда ақысыз шарт;

  • Мүліктің кездейсоқ жойылу қауіпі меншік иесі болғандықтан ссуда берушіде болды. Мерзім мәнді талапқа жатпайды, сондықтан шарт нақты мерзімге жасалуы мүмкін немесе мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Мерзімсіз шартта ссуда беруші затты қайтару туралы талап ете алады кез келген уақытта. Ссуда шартында несие беруші заттың сапасы туралы ерекше қамқорлықгы кабылдау міндеттемесін мойнына алмады, заттек шаруашылық функциясын орындауы қажет болды, бұл бір жағына шарттың ақысыз

болуына да байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет