3-билет
1.Дисбиоз түзету үшін қолданылатын дәрілер-колициногендер
2.Пастерлеу бұл-80с ұзақ жылыну
3.Бактериостатикалық әсер-микроорганизмдердің өсуі мен көбеюінің тежелуі
4.Симбиоз бұл-өзара тиімді өмір сүру
5.бір популяцияның екіншісінің тіршілік әрекеті басылатын түраралық қатынастардың нысаны-антогонизм
6.Екі популяция да өздеріне пайда әкелетін түраралық қатынастардың бір түрі-мутуализм
7.Ауаның санитарлық көрсеткіш микробы-алтын стафилококк
8.Ауаның микробтық саны-аспирациялық әдіспен
9.Топырақтың санитарлық микроорганизмдері-cl perfringens
10.Сыртқы орта объектiлерiн санитарлық-бактериологиялық зерттеудiң мақсаты:сыртқы орта обьектілерінің эпидемиялық қауіпсіздігін айқындау
1.Вакциналар Вакцина - микроорганизмдерден (бактерия, вирус) алынып, адам мен жануарлар организіміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Тірі вакцина -микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады.
Анатоксиндер-улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар.
Ассоциацияланған Вакцина -2-3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар.
Белсенді емес вакцина— негізінде жасанды ортада өсіріліп, кейін химиялық, термиялық, немесе радиациялық жолмен өлтірілген микробтық бөлшектер жататын вакцина түрі.
Химиялық вакциналар – микроағзалардан протективті антигендерді бөліп алынған вакцина Дивергентті вакциналар-жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен тығыз байланысты микроорганизмдер вакцина штамдары ретінде қолданылады.
2Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің физикалық- химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар,аэромонадалар және т.б) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (тұнығында) көп кездеседі. Су микрофлорасы организмдермен өңделетін,органикалық қалдықтардан өзін өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады.