1.Дистилляциямен бөлінетін заттар тобы. Үшкіш улар.
2.Формальдегид. «Күміс айна» реакциясын жүзеге асыру әдістемесі.
Майдан тазартылған пробиркаға 1% күміс (I) нитратының 5 тамшысы
қосылады, ал түзілген тұнба ерігенше үшін 10% аммиак ерітіндісі
тамшылатып қосылады. Алынған ерітіндіге 1 мл ерітінді қосылады, содан
кейін ерітінді қыздырғыштың жалынына жағылады. «Күміс айна»
реакциясының пайда болуын қадағалаңыз. Ерітіндінің рН ортасы шамамен -
рН = 8 ... 9. Жоғары температурада «күміс айна» пайда болмайды, бірақ
күмістің қоңыр тұнбасы түседі
Фелинг реагентімен реакция жүргізу әдістемесі.
Сынақ түтігіне 1 мл ерітіндіні қосып, сілтілі реакцияға болғанға дейін
(лакмус арқылы) 1-2 тамшы 10% натрий гидроксиді ерітіндісін және Фелинг
реагентінің 2-3 тамшысын қосыңыз. Ерітінді қатты шайқап, газ пешінің
жалынына қыздырылады. Сары немесе қызыл тұнба пайда болады.
1. Күміс айна реакциясын сипатаңыз
2. Реакция тендеуін жазындар
Жауабы
1.Дистилляциямен бөлінетін заттар тобы. Үшкіш заттар.
Дистилляциялау әдісімен оқшауланатын улы заттар тобына жататындар :
1 ) Синиль қашқылы және оның тұздары (К, Na );
2) Алкилгалогенидтер (хлороформ, төртхлорлы көміртегі, хлоралгидрат,
дихлорэтан);
3) Алифаттылар қатарындағы альдегидтер және кетондар: формальдегид,
ацетон;
4) Алифатты спирттер (метил, этил, пропил, изопропил, бутил және изоамил)
сивушты майлар құрамына кіреді, этиленгликоль;
5) Алифатты қатардағы күрделі эфирлер : амилнитрит; амилацетат;
Ұшқыш заттар: бензин, ацетон, эфир буы, лактар, газ иісіне, кір жуатын сода,
клей, дихлопоз.
Химиялық токсикологиялық сараптауда токсикологиялық заттарды топтарға
жіктеу зерттелетін объектіден оларды бөлу әдістеріне негізделеді. Бұндай
топтар 6-ға бөлінеді, оның 3-еуі толық сот химиялық сараптауды жүргізуде
міндетті сот медициналық зерттеуге жатады. Міндетті зерттеуге жататын
токсикологиялық заттардың тобы-ұшқыш заттар (дистилляциямен
бөлінетін заттар) жатады.
Ұшқыш улар-биологиялық материалдардан су буымен айдау немесе буға
айналдыру арқылы оқшауланатын заттар.
Дистилляция- заттардың ұша алатын қасиетін пайдаланып,
оларды өзара
ажыратудың, бацытудың және тазалаудың әдісі болып табылады.
Ұшқыш уларды оқшаулау әдістері:
1)сұйықтар өзара ерімейді (толуол, бензол, дихлорэтан)
2)сұйықтар бір-бірінде шектеулі ериді(жоғары спирттер)
3)компоненттер кез келген қатынаста араласады (метанол, ацетон,
формальдегид, этиленгликоль, сірке қышқылы)
2.Күміс айна реакциясын сипатаңыз
Ең бірінші "Күміс айна" реакциясын ұшқыш токсикант формальдегид арқылы
жүзеге асыруды қарастырамыз. Яғни пробиркаға 1%-дық күміс (І)
нитратының 5 тамшысын қосқаннан кейін,түзілген тұнба ерігенше
аммиактың 10%-дық ерітіндісін тамшылатып қосамыз. Пайда болған
ерітіндіге 1 мл ерітінді қосамыз да оны қыздырғышпен қыздырамыз.
Осылайша
"күміс
айна"
реакциясының
пайда
болуын
бақылай
аламыз.Ерітіндінің рН ортасы шамамен 8...9 болу керек, яғни сілтілік орта.
Ескере кететін жағдай жоғарғы температурада күміс айна пайда болмайды.
Дегенмен бұл кезде күмістің қоңыр түсті тұнбасы түзіледі.
HCHO+2Ag2O-->>CO2(газ)+H2O+4Ag (осадок)
Жалпы "күміс айна " реакциясының сипаттамасына келер болсақ альдегидтер
жеңіл тотығып, қышқылдар (көміртек скелеті өзгермейді) түзеді, ал кетондар
қиын тотығады және екі қарапайым қышқылдар не қышқылдар мен кетон
түзеді. Егер тотықтырғыш ретінде күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін
алып, альдегидпен әрекеттестірсе, бос күйінде күміс бөлінеді. Бұл реакцияны
«күміс айна» реакциясы деп атайды және альдегидтерге сапалық реакция
болып табылады.
Реакция тендеуін жазындар
СН
3
СНО + Ag
2
O → CH
3
COOH + 2Ag (күміс айна)