Жер туралы ғылымдар • антропогендік әсер • адамдар және көміртек айналымы 1 1-бөлім: Көміртегі айналымы



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата16.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#93978
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Адамдар және көміртек айналымы
ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АДАМДАР ЖӘНЕ КӨМІРТЕК АЙНАЛЫМЫ
1
1-бөлім: Көміртегі айналымы
• Көміртек айналымы дегеніміз не?
Көміртегі атомдарының тірі ағзалар, атмосфера, мұхиттар, Жер қыртысы арқылы қозғалуы көміртегі айналымы 
ретінде танымал. Көміртегі атомы жоғарыда аталған қор сақтағыштардың біреуіне өтпей тұрып, бастапқы 
сақтағышта миллиондаған жылдар бойы тұруы мүмкін. Көміртегі атмосферада көмірқышқыл газы, ал жер 
қыртысында шөгінді жыныс, мұхиттарда ерітінді түрінде кездеседі. Көміртегі атомдарының айналым ішінде 
қозғалатын арнайы тәртібі жоқ, алайда көміртегінің қозғалысы көміртегі айналымы ретінде белгілі.
Қосымша сұрақтар
С1. Барлық тіршілік иелерінің ағзасында 
көміртегі бар ма?
С2. Қор мен трансфер дегеніміз не?
С3. Көміртегі сіңірушілер дегеніміз не?
С4. Көміртегі көзі дегеніміз не?
Иә, Жердегі барлық тіршілік иелерінің бойында 
көміртегі бар. Көміртегі жануарлар мен 
өсімдіктердің тіршіліктері үшін маңызды қарапайым 
құрылымдық бөліктер құрады.
“Қор” немесе “трансфер” ұғымы су, азот немесе 
көміртегі тәрізді заттардың айналым бойымен 
қозғалуын сипаттаған кезде қолданылады. Қор 
дегеніміз – айналымдағы зат қозғалмай, тыныш 
күйде сақталатын жер, мысалы мұхиттар мен 
өсімідіктер. Трансфер – өзгерістерге алып келетін 
процесс. Көміртегі айналымында трансферге 
ыдырау жатады, бұл кезде көміртегі өлі органикалық 
заттан атмосфераға ауысады.
Көміртегі сіңірушілер – көміртегіні шығарғаннан 
гөрі, өзіне көбірек сіңіретіндер. Көміртегі 
сіңірушілерге тропикалық ормандар мен мұхиттар 
жатады. 
Көміртегі көзі – көміртегіні сіңіргеннен гөрі, көбірек 
шығаратындар. Көміртегі көздеріне қазбалы 
отындарды жағуды немесе тірі ағзалардың тыныс 
алуын жатқызсақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет