46. Өркениет ұғымы. А.Тойнби, О.Шпенглердің тұжырымдамалары
Өркениет– қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” ретінде қолданылды.
Арнольд Джозеф Тойнби (1889 - 1975) — британдық тарихшы, тарих философы, культуролог және социолог. Өркениет теориясын өндірушілерінің бірі, «Тарих түсініктемесі» деп аталатын салыстырмалы өркениет тарихы туралы он екі томдық еңбектің авторы. Тойнбидің жергілікті өркениет туралы теориясы Тойнби дүниежүзілік тарихты туылудан өлімге дейін бірдей фазалардан өтетін шартты ерекшеленетін өркениеттердің жүйесі деп қарастырды. Оның айтуынша, өркениет - ол екі критерий бойынша қаралатын тұйық қоғам: 1) дін 2) діннің ұйымдастыру формалары.
Тойнби 21 өркениетті қарастырды 1. египеттік 2. андтық 3. ежелгі қытайлық 4. минойлық 5.Тойнби 21 өркениетті қарастырды 1. египеттік 2. андтық 3. ежелгі қытайлық 4. минойлық 5. шумерлік 6. майяндық 7. сирийлік 8. индтік 9. хеттік 10. эллиндік 11. батыстық 12. қиыр шығыстық (Корея және Жапония) 13. православтық христиандық 14. православтық христиандық Ресейде 15. қиыр шығыстық (негізгі) 16. ирандық 17. арабтық 18. индуисттық 19. мексикандық 20. юкатандық 21. Вавилондық
Өркениеттің шығу тегін, әрі оны классификациялауды жан-жақты қарастырған ағылшын тарихшысы Арнольд Тойнбидің 12 томдық еңбегінің ғылыми маңызы күшті. Ол өркениетке 21 қоғамды жатқызады. Оның 10 -ы тәуелсіз өркениет болып есептеледі. Өркениеттен басқа А. Тойнби жабайы (примитивное) қоғамды есепке алады. 1915 жылғы батыс антропологтары мұндай қоғамның санын 650 -ге жеткізді. Бұл тізімді жасаған кезде әлгі қоғамның бәрі бар еді. Өркениетті жабайы қоғаммен салыстырғанда екеуінің айырмашылығы жер мен көктей болатын. Жабайы қоғамның өмірі ұзақ болмады, территория жағынан шағын, халқының саны аз болды. Ал өркениет болса, ұзақ өмір сүрді, территориясы кең, ел саны қомақты.
Бұл теориялардың ішіндегі ең белгілісінің бірі Освальд Шпенглердің (1880-1936) «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегіндегі тарихи-морфологиялық концепциясы еді. Ол дүниежүзілік тарихты эволюциялық процесс ретінде қарастырып, (Ежелгі дүние, Орта ғасыр, Жаңа уақыт) оны, белгілі-бір ландшафтта айқын көрінетін өзіне тән меншікті түрі, ойы бар, сонымен қатар, өзіндік өлімі бар көптеген қуатты мәдениеттердің спектаклі — деп есептеді.
Шпенглер үшін біртұтас әлемдік мәдениет болуы мүмкін емес. Әр мәдениеттің өз тағдыры бар: «Адамзаттың ешқандай да жоспары, идеясы жоқ!». Оның ойынша әрбір халық өз мәдениетін жасауына қабілетті емес.
Бүкіл адамзат тарихында өз мәдениетінің үлгісін аяқтаған тек сегізі болды: вавилондық, египеттік, қытайлық, үнділік, антикалық (грециялық-римдік), арабтық, батыс еуропалық және Майя халықтарының мәдениеті. Осы тұрғылардан шықсақ мәдениеттің бір түрлері ретінде қазақ мәдениеті өзінің пайда болу сатысында қалыптасып келеді.
Шпенглер өз зерттеулерін мынадай оймен аяқтайды: Еуропалық мәдениеттің гүлденуі аяқталды. Ол өркениет фазасына енді және рух әлеміне және өнер саласына енді өзіндік ештеңе бере алмайды. Әрбір мәдениеттің рухани сөнуінің өзіне тэн ерекше тәсілі бар. Европалық мәдениеттердің артында не эвристикалыққа, не көркем өнер өнімдеріне жатпайтын тек қана таза экспансиялық қызмет қалды. Бірақ, мәдениеттердің бұл кезеңінің барлығына ортақ белгілері және ең айқындары жатсыну, практицизм, мейірімсіздік, рационалшылдық. Өмірдің тірі сезімінің орнына бұл жерде оны рационалды негізде түсіндірумен алмастыруға тырысады, сол үшін де көптеген теориялар жасалуда. Барлық өркениеттерде рухтанған жанды болмыс интеллектуалдықпен ауыстырылады, ақшалар қоғамдық өмірдің негізіне айналады, мәдениет эклектикалыққа, ал өнер жаңалықтары сенсациялық немесе жанжал түрімен ығыстырылады. Шпенглерше еуропалық әлемнің барлығын өзінің жаңа идеяларымен таң қалдырған Еуропаның құлдырауының апокалиптік бейнесі осылайша аяқталмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |