1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының негізгі бағыты



Дата11.11.2022
өлшемі23,27 Kb.
#49499
Байланысты:
дуниетану


1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып бастауыш сыныпта Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі Дүниетану пәнін негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдістәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетану пәнін білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады. Дүниетану пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқыпүйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады. Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады. 1. Фактілер мен құбылыстарды бақылау. 2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою. 3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау. 4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексеріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. 6 Оқу үдерісінде баланың қызығушылығын, өздігінен үйрену, танып білу белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс формаларын ұйымдастыруға үйретуді. Дүниетану пәніндың жалпы әдістемесінің аса маңызды міндеттерінің бірі-ғылым ретінде жаратылыс пен оқу пәні ретінде Дүниетану пәнін арасындағы байланысты анықтап береді. 2. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге арнайы мектептегі “Дүниетану пәнін” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал «Дүниетану пәнін» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдістәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:  оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);  оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);  дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білікдағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады. 3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәні жоғары сыныптарда өтілетін физика, химия, биология, география, астрономия сияқты пәндердің алғы шарттары. Бастауыш сыныпта алынған осы ғылымдар төңірегінде алған білімдері жоғары сыныптарда дамытылады. Бұл оқу пәнін өзінің дидактикалық ерекшеліктері бар, оны мектеп курсының өзге пәндерінен ерекшелейді. Табиғат жайлы ғылымдардың барлығы айнала дүниенің даму барысын түсіндіру, табиғаттың даму заңдылықтарын ашу негізін қарастырады. Табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын және өзара тәуелділігін анықтайды. Тірі және өлі табиғат арасындағы айырмашылықтарды, байланыстарды түсіндіреді. Табиғат құбылыстарының сырын түсіндіре отырып материалистік көзқарас, яғни дұрыс дүниетанымдық көзқарас қалыптастырады. Мұғалім көмегімен айналадағы табиғатты зерттеу (бақылау) арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны қорғауға деген ықыласын тудыра отырып, өздері тұрған жердің табиғат айырмашылықтарын, олардың себептерін анықтайды. «Дүниетану», «Қоршаған айнала» пәндері «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш ірі бөліктен (блок) құралады. Бұл айналадағы дүние туралы балада біртұтас көзқарас қалыптастыру және онда адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек. 7 Әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп үздіксіз оқытылады. Әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның еңбек әрекеті және бөлінбес бөлігі ретіндегі табиғатпен, негізгі мүшесі ретінде қоғаммен әрекеттестік қарым-қатынасы туралы білім мазмұны арқылы жүзеге асады. Пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларынан (қоғамдық және Дүниетану пәнін ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер, т.б.) хабардар ету негізінде дүниені, әлемді, қоршаған ортасын танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қоршаған айнала пәні арқылы оқушы алғашқы тірі және өлі табиғат, табиғаттағы құбылыстарды, дене мен заттар, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін, олардың адамдарға қажеттілігі туралы біледі. Осындай мағлұматтарды ұғына отырып ұғымдар жүйесі қалыптасып, сөз қоры молайып, табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын түсінеді. Сондай-ақ, табиғатты аялау, үнемдеу т.с.с. экологиялық тәрбие беріледі. Өз-өзін бақылау сұрақтары: 1. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәні қандай ғылымдармен байланысады және не үшін екенін түсінідіріңіз? 2. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің теориялық негізін түсінідіріңіз? 3. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай? 4. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз 1.2 Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің даму тарихы Жоспары: 1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы 2. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы 3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі 1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы. Мектепте Дүниетану пәнін пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Дүниетану пәнін пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, Дүниетану пәнін тарихынан тұрды. Дүниетану пәнін тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған Дүниетану пәніндан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды. В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі Дүниетану пәнін 8 бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы Дүниетану пәніндың негізгі оқулық ретінде қолданылды. XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Дүниетану пәнінды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Дүниетану пәнін жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде Дүниетану пәнін пәнін 2 - сынып пен 4 - сыныпта оқытылды. Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару ұсынылды. Жарлық бойынша барлық гимназия мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде коллекциялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті материалды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді. Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім беретін мектептерде Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде ширек ғасыр бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді. Дүниетану пәнін мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама бойынша бастауыш мектептің 1- сыныпында пәнді оқытуға 2 сағат бөлінді. Одан кейінгі сыныптарда сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды. Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес реальдық және сыныпсикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курсы алынып тасталды да, биологияны, географияны және физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші мектеп жасындағыларға Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды. Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде Дүниетану пәнін және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады. К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды. К.Д.Ушинскийдің бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнінды оқыту жөніндегі көзқарастары «Ана тілі», «Балалар әлемі» деген кітаптарында, сонымен бірге мұғалімдерге арналған «Ана тілі» кітабында және «Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік тұрғыда К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше педагогикалық білгірлікпен жазылған деп бағаланаған. Кітап көрнекілік және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін жүйелі түрде арттыру негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қара пайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір жеке тақырып материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады. К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын деп көрсетті. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді. 9 Осы кезеңде Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін дамытуға және А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд Дүниетану пәнін оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы Дүниетану пәніндың мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы Жоспары: бойынша 2және 3-сыныпта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар кірді. А.Я.Гердтің пікірінше, бастауыш мектепте жекелеген жаратылыс ғылымын оқып білуге орын жоқ, табиғатты зерттеп, танып білуге кешенді тұрғыдан келу қажет, яғни біріккен пән түрін енгізу керек дегенді насихаттайды. Оның «Құдірет әлемі» оқулығы мен «Заттық сабақтар» деп аталатын әдістемелік құралдары көп жылдар бойы өлі табиғат курсын оқыпүйренуде мұғалімнің негізгі әдістемелік көмекші құралы болып келді. Өзінің әдістемелік еңбектерінде А.Я.Герд бірқатар идеялар ұсынады: 1. Практикалық сабақтар мен экскурсияларда баланың өзіндік белсенді әрекетін тудыра білу; 2. Мектептің тірі табиғатпен байланысын кеңейту; 3. Табиғатты танып білу үшін тікелей зерттеу жүргізу; 4. Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеуге кешенді тұрғыдан келу; 5. Оқушылардың эволюциялық көзқарасын қалыптастыру. А.Я.Гердтің осы сияқты көптеген идеялары мектеп практикасында көп жылдардан соң, яғни тек біздің уақытта кең қолдау тапты. 70-жылдардағы редакция 1871 жылы Дүниетану пәнінды гимназияның бастауыш сыныптарынан алып тастауға әкелді. Ал жоғары сыныптарда бұл циклді пәндерді оқыту күрт қысқарды. Кейбір гимназияларда бұл пәнге мүлде тиым салынды. Тек либеральдық училищелердің жоғары сыныптарында ғана ол қысқартылған түрде оқытылды. Капитализмнің дамуы XÌX ғасырдың соңындағы революциялық қозғалыс мектептегі білім беру ісін реформалау қажеттігін туғызды. Қоғамдық пікірдің қысымымен Халық ағарту министрлігі гимназиялық білім беруді түбірімен қайта құру мәселесін қоюға мәжбүр болды. 1901 жылы комиссия құрылып, Дүниетану пәнін пәнін орта мектептің барлық сыныпында енгізуді ұсынды. Бұл жобаны қоғамның либеральдық бөлігі мақұлдады, ал сыныпсикалық білім беруді жақтаушылар мұны құр әурешілік деп санады, өйткені бастауыш сынып оқушылары жаратылыс ғылымдарын түсінбейді деп есептеді. Дүниетану пәнін саласы бойынша сарапшы ретінде натуралист Д.Н.Кайгородов шақырылды. Ол кезде Д.Н.Кайгородов табиғат туралы ғылыми – көпшілік кітаптардың авторы ретінде белгілі болатын. Бірнеше жыл бойы ол табиғаттың жылнамасын жариялап, Россияда фенологияның дамуына жол ашқан. Д.Н.Кайгородов мектепте табиғатты зерттеудің міндеті деп балаларды «табиғатты көріп, естіп, түсіне білуге және табиғатпен біртұтас байланыста екенімізді сезіндіруге үйретуден тұрады» – деп насихаттады. Алайда ол Дүниетану пәнін баланың ақыл-ойын дамытуда маңызды роль атқарады деген көзқарасты қолдаған жоқ. Табиғат оның пікірінше «өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыдан сауығуына» қызмет етуі тиіс. Сондықтан анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық мәліметтер баланың табиғатты қабылдауын бұзады деген жаңсақ пікірді қолдады. Д.Н.Кайгородовтың бағдарламасы табиғи бүтін бірлестікті зерттеуден тұрды. Ол мынадай алты бірлестікті көрсетеді: орман, дала, бақ, шалғын, тоған және өзен. Әр бірлестік алғашқы үш сыныпта жыл мезгілі бойынша қарапайымнан күрделіге қарай оқытылуы тиіс болды және 10 Дүниетану пәнінды оқытудың негізгі тәсілдері экскурсиялар мен фенологиялық бақылаулар деп санады. Д.Н Кайгородов жаратылыс ғылымдарының ғылыми жүйелі білімі қажет дегенді теріске шығарды. Сондықтан педагог ғалымдар оның бағдарламасына қарсы болды. Осы келіспеудің нәтижесінде Халық ағарту министрлігі Д.Н Кайгородовтың бағдарламасын қайта қарап, бастауыш сыныптарда оны қысқартуға мәжбүр болды. Содан кейінгі жаңа бағдарлама авторы Петербург университетінің профессоры, зоолог В.М.Шимкевич болды. Бұл бағдарламаға А.Я.Гердтің бастауыш мектепке арналған идеялары қоса алынып, ол мынадай мазмұнда болды: 1 - сынып Қатты, сұйық, газды заттармен танысу; Қыздыру барысында дене көлемінің ұлғаюы; термометрмен танысу. Су. Суды сүзу, мұзға айналуы, булануы, тұманның және шықтың пайда болуы; Тұздың еруі мен кристалдануы; ауа құрамындағы су. Ауа, ауаның серпімділігі, қысымы, қозғалысы; Ауа құрамы және тыныс алу және жану кезіндегі ауаның өзгеруі. Топырақ, топырақтың құрамы; тау жыныстары (қарапайым физикалық қасиеттері). 2 - сынып Тұқым, тұқымның құрылысы, құрамы және өнуі. Сабақ, сабақ түрлері және атқаратын қызметі. Бүршік. Тамыр, түрлері және қызметтері; тамырдың түрөзгерісі. Жапырақ, құрылысы мен түрлері. Гүл,түрлері, құрылысы мен бөліктерініңатқаратын қызметтері. Жемістер, түрлері мен таралуы. 3 - сынып Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балықтардан айырмашылығы. Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері; Сезім мүшелері. Тері жабыны. Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарламасына мықтап енді, онда білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша жүргізілді. Дүниетану пәніндың бастауыш мектепке арналған барлық оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады. 1902 жылдың күзінен бастап бағдарлама барлық мектептерге толық енгізілді. Курс бастауыш мектепте «Табиғаттану» деп атала бастады. Оқу материалы төмендегідей жүйеленді: 1 - сынып. Өлі табиғат. 2 - сынып. Өсімдіктер. 3 - сынып. Жануарлар мен адам. 2. Кеңестік дәуірдегі әдістеменің дамуы. Кеңес мектебі пайда болған алғашқы кезінен–жаңа үлгідегі мектеп құру міндеті күн тәртібінде тұрды. Міне осы уақыттан бастап советтік кезең (2-кезең) болып саналады. 1920 ж. қабылданған бағдарламаларға сәйкес Дүниетану пәнінды оқыту мектептің 2-5-сыныптарына оқу пәні ретінде енгізілді, әрі қарай пәндік оқыту жүзеге асырылды. Жаңа бағдарламалар жасауға В.Н.Верховский, Б.Е.Райков, А.А.Яхонтов қатысты. Бағдарламалар негізіне зерттеу әдісі, зертханалық-практикалық сабақтар, экскурсиялар сияқты педагогикалық тәсілдер енгізілді. Алайда ол кездің мектептерінде зертханалық-практикалық сабақтарды ұйымдастыруға қажетті құрал – жабдықтар тапшы болды. Осыған байланысты бірінші орынға экскурсия түрі шықты, өйткені оларға анағұрлым құралдар қажет етпеді. Мектеп 11 зертханасындағы жұмыс экскурсияда жиналған материалдарды өңдеп, талдап, зерттеуден тұрды. Жас натуралистердің экскурсиялық станциялар мен биостанциялар құру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілді. Педагог Б.В.Всесвятскийдің жас натуралистер қозғалысын ұйымдастыруы бүкіл одаққа таралып, Дүниетану пәнін бойынша сыныптан тыс жұмыстың маңызды түріне айналды. XX ғасырдың басында бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқытудың жалпы әдістемесі шығарыла бастады. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқытуәдістемесін дамытуға педагог Л.С. Севрук мол үлес қосты. Ол жеке тақырыптық сабақтарға әдістемелік нұсқау даярлады, әсіресе өлі табиғат бөлімі жайлы тақырыптарға толық етіп жазған. Бұл сол кезде өлі табиғат – өсімдіктер – жануарлар схемасы бойынша жазылған бірденбір жетекшіәдістемелік құрал болды. Алайда бұл пәннің жүргізілуі өте төменгі жағдайда қалды. Оқыту формальды түрде жүрді. Оқу құралдары тапшы, тәжірибе жасауға арнайы жай болмады, оқу барысында тек бор мен кітап ғана пайдаланылды. XXғасырдың алғашқы онжылдығында педагог-ғалымдардың күшімен Дүниетану пәнін курсының барлық бөлімдерінде қарастырылатын лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау даярланады. А.Я.Герд атап өткендей табиғатты танып білуде табиғатқа экскурсия өткізудің міндеттілігі және оның маңызды ролі айқын көрсетіліп, мектепке енгізіледі. 1911 жылы Б.Е.Райков Дүниетану пәнінды оқытуда тәжірибезерттеу әдісін қолдануды ұсынды. Оқушылар өздеріне ұсынылған заттарды немесе организмдерді зерттей отырып, олардың қасиеттері мен құрылысының ерекшеліктерін анықтауға тиіс болды. Зерттеу принципі мектеп жұмысының практикасынамықтап енді. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі, оқу материалының тәжірибелік сипаты осы әдістің өзіне тән белгісі болатын. Тәжірибелік-зерттеу әдісі кең тарап, Дүниетану пәнін әдістемесінің дамуына үлкенықпал етті. 1916 жылы К.П.Ягодовскийдің «Бастауыш мектептегі Дүниетану пәнін дан практикалық сабақтар» атты еңбегі жарық көріп, бастауыш мұғалімдерінің әдістемелік құралына айналды. Кітап Л.С.Севруктің ескірген оқу құралын алмастырып, бастауыш мектепте Дүниетану пәнін пәнін оқытудың қалыптасуына елеулі әсер етті. Дүниетану пәнін пәнін оқыту саласындағы ірі әдіскер А.Я.Гердтің ұлы В.А.Герд болды. Ол өзінің «Естествознание как особый предмет в начальной школе» атты еңбегінде бастауыш мектепте Дүниетану пәнінға жеке сабақтар бөлуді, бұл пәнге өзіне тән әдістерімен оқытуды талап етті. Оқулық үлкен тарихи маңызға ие болды. В.А.Герд жаңа үлгідегі мектепті ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Сонымен революцияға дейін Дүниетану пәнін пәндері бойынша педагогикалық, әдістемелік жұмыстар жеткілікті белсенді жүргізілді, бірақ үздік әдістемелік идеялардың практикаға енгізілуі баяу және қиындықпен жүрді. Ол кезде Дүниетану пәнін пәні маңызды пән ретінде саналуы жағынан соңғы кезекте тұрды, маңызды пән ретінде саналған жоқ. 1923 жылы мектептегі Дүниетану пәнін курсына түбегейлі өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік ғылыми кеңес кешенді бағдарлама түзу идеясын ұсынды, бұл жекеленген пәнді оқытуды жоққа шығарды. Бірақ бастауыш мектепте табиғаттанудың жалпы принциптері сақталынып қалды. 1927 жылы МҒК шешімімен бағдарлама негізінің 1-сатысы бастауышта білім беру 4 жылдық болып енгізілді. Табиғаттану негізгі оқу пәні ретінде 1-4 сыныптарға дейін жүргізілетін болды. Бұл бағдарлама 1931 жылға дейін жүзеге асты. 1931 жылдан бастапмектептер он 12 жылдықжаңажүйеге көшірілді. Соған байланысты бастауыш мектепте табиғаттану пәні бойынша жаңа бағдарлама ұсынылды. 1933 жылы мектепке арналған тұрақты оқулықтар бекітілді, оның ішінде В.А.Тетюрованың «Табиғаттанудың бастамасы» оқулығы бар. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтар табиғаттану әдістемесін қайта құруды, практикалық бағытты күшейтуді талап етті. Осы кезеңде Дүниетану пәнін әдістемесін дамытуға А.А.Половинкин, К.П.Ягодовский, К.А.Сонгайло, С.А.Павлов сияқты педагог-әдіскерлер үлкен үлес қосты. Александр Александрович Половинкин (1887-1955) бастауыш мектепте географияны оқыту әдістемесі саласында жұмыс істеді. 1939 жылы бастауыш мектептің мұғалімдеріне арналған географияны оқытудың алғашқы әдістемесін жазды. Онда оқушыларға алғашқы географиялық «план», «карта» түсініктерін қалыптастыруға нұсқаулар беріліп, оқушыларды қоршаған ортамен таныстыру үшін экскурсия жасаудың қажеттігін негіздеді. Константин Павлович Ягодовский (1877-1943) – бастауыш мектепте Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесі жөніндегі көптеген еңбектердің авторы: «Бастауыш мектепте Дүниетану пәніндан қалай сабақ беру керек», «Мектепте және үйдегі тіршілік мүйісі», «Бастауыш мектепте Дүниетану пәніндан практикалық сабақтар», «Дүниетану пәніндан сабақ беру тәжірибесі» және т.б. бірқатар әдістемелік құралдар жариялады. К.П.Ягодовскийдің еңбектерінде кіші мектеп жасындағы балалардың табиғатты зерттеуге психологиялық қажеттілігі бірінші рет анық және сенімді түрде ашып көрсетіледі. Оның бүкіл ғылыми жұмысының қорытындысы «Дүниетану пәніндың жалпы методикалық мәселелері» кітабы болып табылады. Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін негіздеуге ұмтыла отырып, автор алдымен педагогикамен және психологиямен байланыстыруды талап етеді. Өйткені тәрбие мен оқытудың жалпы теорияларынсыз, балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескермейтін әдістемені ғылыми негізде құруға болмайды деп дұрыс есептеді. К.П.Ягодовский бағдарламалардағы Дүниетану пәнін материалдары мазмұнына қойылатын мақсаттар мен талаптарды көрсетеді. Оның Дүниетану пәнінды мүмкіндігінше бұрынырақ оқып білу керек, өйткені бұл келесі жүйелі курстарды оқыту үшін қажетті негіз болып табылады деген. Сонгайло Константин Антонович (1890-1961) – көбінесе бастауыш сыныптарда географияны оқыту әдістемесі мен мазмұны саласында еңбектер жасаған географ-методист. Көрнекті педагог-натуралист Сергей Андроникович Павлов мектепте құрал-жабдықтар мен оқу құралдарымен қамтамасыз етуде көп жұмыс атқарды. Оның коллекцияларды дайындау, зертханалық сабақтарға приборлар әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулары мектептегі табиғат туралы ғылымдарды оқып-үйрену процесін жетілдіруде үлкен маңызға ие болды. Ол мектепті табиғатқа жақындатуға ұмтылды, онда тірі табиғат бұрышын ұйымдастыруды насихаттады. Дегенмен бұл кезеңнің бағдарламалары іс-жүзінде тым кең әрі күрделі болып шықты. Сондықтан олар бірнеше рет қысқартуға ішінара өзгертуге ұшырады. 40-жылдары табиғаттану оқу пәні ретінде бастауыш мектептің алғашқы үш сыныпының оқу жоспарынан алынып тасталынды. Тек 4-сыныпта ғана өлі табиғаттың жеке курсы енгізілді. 1-және 2сыныптардағы материал маусымдық құбылыстардың айналасында топталды және өлкетану материалдары жергілікті обьектілер бойынша оқытылды. 3-сыныпта өсімдіктер мен оларды адамның пайдалануы, жабайы және үй жануарлары қарастырылды, адам денесі және оның денсаулығын қорғау 13 туралы түсініктер берілді. Тек 4-сыныпта ғана дербес оқу пәні ретінде жүргізіліп, жеке оқулық болды. Он жылдық оқу тәжірибесі табиғаттану бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтардың материалы тым көптігін, бөлінген оқу сағаттарына сыймайтынын және оқушылардың оны ойдағыдай меңгеруі қиын екендігін көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет