1) «Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз. Доктрина - іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар принциптерінің жиынтығы. Мысалы саяси доктрина саяси іс-әрекетті ұйымдастыруға және саяси құбылыстарды қарастыруға арналған өзара келісілген қағидаттар жиынтығы, бірізділікпен құрылған тұжырымдама болып табылады. Доктрина көбіне билік үшін күрестің, саяси қозғалыс мүшелерінің ықпалдастыру құралына айналады. Тарихта ең көрнекті мысалдар ол Трумэн мен Монро. Монро доктринасы - АҚШ сыртқы саясаты принциптерінің декларациясы. Доктрина Америка және Еуропа құрлықтары елдерінің бір-бірінің ішкі істеріне өзара араласпау принципін жариялады. Ал біздің елімізде этностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдауға, қазақстандық ұлтты қалыптастыруға бағытталған Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы бар.
Зайырлылық (светскость) қағидаты мемлекетті діни ілімдерден бөлуді көздейді, бірақ дінді қоғамдық өмірден алып тастауды білдірмейді. Ол сондай-ақ қоғамдық-саяси билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни ұйымдардың ықпал ету салаларын ажыратуға ықпал етеді.
2) Қазақ хандығының құрылу процесін сипаттаңыз. Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіны Мұхамед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығынын құруылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады. XV ғасырдын II жартысында Қазақ Хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілхайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең, алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді. 1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды. 1486 жылы қазақ әскерлері Сыр бойы қалалары үшін Мұхамед Шайбаниді жеңді. XV ғасырды аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды. XVІ ғасырдың басында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті – Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхамед Шайбани болды. 1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхамед Шайбанидің әскерін жеңді. XVІ ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтады.
3) «Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің жедел дамуы болып саналады». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. Мен келісемін
Кеңестік режимнің сөзсіз жетістіктерінің бірі - халыққа білім беру жүйесін дамыту және үздіксіз халықты сауаттылыққа үйрету. 1918 жылы "Бірыңғай еңбек Мектебі туралы Декларация" және "Бірыңғай Еңбек мектебі туралы ереже" қабылданды, онда кеңестік білім беру жүйесінің негізгі принциптері жарияланды - ақысыз, ұлдар мен қыздарды бірлесіп оқыту, теологиялық пәндерді оқытудан шығару, жазаның барлық түрлерін жою, мектептің өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі кезеңге бөлінді - бірінші, 8-13 жастағы балалар үшін және екінші, 13-17 жастағы балалар үшін. Медреселерді, мектептер мен орыс-қазақ мектептерін кеңестік мектептерге айналдыру бойынша белсенді жұмыс басталды. Азамат соғысының соңына қарай Қазақстанда 144 мың оқушыдан тұратын 2410 мектеп жұмыс істеді, оның 31 мыңы - қазақтар.