Оқу үдерісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-əдістемелік жəне қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке əдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі. Оқу үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:
1. Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдеп зерттеу:
- бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кəсіби əрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;
- курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;
- бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талаптарды зерттеу жəне талдау; - оқу орнының нақты мамандық бойынша білім беру бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сəйкестік тұрғысынан талдау жасау:
- квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тəжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы;
- осы талаптардың оқу пəндері мен тəжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кəсіби əрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);
- білімгерлерді кəсіби əрекетке дайындаудың əдістемелік жəне оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |