1. Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдеп зерттеу


Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамсыз ету



бет4/4
Дата05.04.2022
өлшемі21,69 Kb.
#29904
түріОқулық
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу үдерісін технологиялаңдыру

4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамсыз ету. Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына түзетулер, толықтырулар енгізу (теориялық жəне практикалық сабақтардың арақатынасын қайта қарау, мекеме тандау пəні, студенттің таңдау пəндері есебінен əрекетті-бағдарлы пəндер көлемін арттыру).

5. Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру. Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану тиімділігін арттыруда осы көрсетілген бағыттардың құрылымдық мазмұнын іске асыру, сапалы жүргізу нəтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің жағдайын, нəтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кəсіптілігінің қалыптасуы жəне даму болашағының қажеттілігін анықтайтын əлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тəрбиелеу қызметтерінің əртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен əдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының ерекшілігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында жəне бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының (атқарушының) тұлғасын қалыптастыру. Оқу үдерісінің əдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады: В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованның оза оқыту, П.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, Л.В.Занковтың дамыта оқыту, Л.С.Выготскийдің жақын даму аймағы, т.б.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру – өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті əдістəсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кəсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үдеріс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да оқушыға білім мен дағды беруді көздейді. Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту əдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық əрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі – мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама жəне оқулықтар керек», – деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты. Əсіресе, мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, əдіс-тəсілдерді пайдаланып, оқушыларды біліммен қаруландырады. Олай болса, оқу-тəрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы – мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты.

Білім сапасы – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа жəне бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуында жəне тиімді əдістер мен құралдарды пайдалана білуінде. Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді. Олар:

- мұғалімнің оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға бет бұруы, ынта қоюы;

- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;

- басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы; - жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;

- мақсат қоя алу жəне міндеттерді бөлу қабілеті;



- іс-əрекетін ұйымдастыру жəне оған талдау жасау мүмкіндігі;

Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол мұғалімнен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты жəне мол дайындықты қажет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет