25.Химиялық заттардың әсерін болдырмаудың ұйымдастырушылық және технологиялық шаралары
Зиянды заттың организмге түсуі мен оның бөлінуі арасындағы қатынас тың маңызды мәні бар. Егер заттың бөлінуі және оның организмде айналуы түсуге қарағанда баяу өтсе, онда зат организмде жиналып, мүшелер мен ұлпаларға ұзақ әсер етуі мүмкін. Мұндай типті заттар қорғасын, сынап, фтор және т.б. болып табылады. Су мен қанда жақсы еритін заттар баяу жиналады және организмнен солай баяу бөлінеді. Ұшқын органикалық заттар (бензин, бензол) жылдам сорбцияланады және сондай-ақ жиналмай тұрып, солай жылдам бөлінеді.
Адам денсаулығына, тірі организмге және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндіктерінің ықтималдылығына қатысты қауіпті өндірістік процестер кезінде болдырмауға қажет факторлар мыналар:
улы химиялық өнімді жұту кезінде (ингаляциялық әсер ету) адамға және тірі организмге уытты және уыттылығы
жоғары әсер ету тәуекелі;
адамға және тірі организмге тері жабындарының көрінетін некрозын (зақымдалуын) тудыратын қауіпті өнімнің уытты әсер ету тәуекелі;
көзге түскен кезде қайтымсыз салдарларды тудыратын қауіпті өнімнің уытты әсер ету тәуекелі;
жоғары сезімталдық реакциясы түрінде байқалатын дем алған кезде сенсибилизациялайтын әсері бар қауіпті өнімнің адам ағзасына уытты әсер ету тәуекелі (астма, ринит, конъюнктивйт, альвеолит);
тері жабындарымен қатынасында сенсибилизациялық әсері бар, аллергиялық байланысты дерматитке әкелуі мүмкін қауіпті өнімнің адам ағзасына уытты әсер ету тәуекелі;
дене клеткаларында мутацияның болуын тудыратын қауіпті өнімнің адам ағзасына және тірі организмге уытты әсер ету тәуекелі;
адам мен тірі организм үшін канцерогенділіктің болуын тудыратын қауіпті өнімнің адам организміне және тірі организмге уытты әсер ету тәуекелі;
ұдайы өндіріс функциясына зиянды әсер ететін қауіпті өнімнің адам организміне және тірі организмге уытты әсер ету тәуекелі;
бір реттік және созылмалы әсер етуі кезінде адам мен жануарлар организмінде мүше-нысанаға және/немесе жүйеге зиянды әсер ететін қауіпті өнімнің адам организміне және тірі организмге уытты әсер ету тәуекелі; 10) сулы ортада балыққа және басқа су жануарларына, балдырларға елеулі уытты әсер етуі мүмкін күшті уыттылыққа ие қауіпті өнімнің зиянды әсер ету тәуекелі; 11) сулы ортада балыққа, шаян тәрізділерге, балдырларға елеулі уыттылық әсер етуі мүмкін қауіпті өнімнің зиянды әсер ету тәуекелі, оларға елеулі уытты әсер етуге әкелуі мүмкін;