Еңбек қалай биологиялық категория болса, дәл солай әлеуметтік те категория болып табылады, сондықтан да нақты өндірістік жағдайда еңбекті зерттеу, жұмысшыға әсерін тигізетін әлеуметтік факторларды ескере отырып іске асырылуы тиіс.
Өндірістік қажу - жұмыс пен еңбек шартының әсер етуінен пайда болатын, адам организмінің функционалды мүмкіндіктерінің уақытша және қайтымды төмендеуі.
Еңбек қауіпсіздігі
Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы.
Сәтсіз оқиғаларды тергеу мен есепке алу келесі шараларды ұсынады:
- тәуліктік мерзім ішінде тек кәсіпорын жетекшісімен бекітілетін, Н-I формасы бойынша акт құрастырылады;
- сәтсіз оқиғаларды арнайы есепке алу журналында бекітіледі.
Өндірістік улардың жіктелуі:
Өндірістік улардың адам организміне әсер ету сипаты бойынша (жалпы улылық, тітіркендіретін, сенсибилизациялаушы, канцерогендік, мутагендік, әйелдердің репродуктивтік функциясына әсері);
Организмге ену жолдары бойынша (тыныс жолдары арқылы, асқорыту жолдары, тері арқылы әсері),