1. Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары. Мәнерлеп оқу. (ауызша)



Дата30.11.2022
өлшемі16,91 Kb.
#53805
түріСабақ

Билет№24
1. Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары. Мәнерлеп оқу. (ауызша)
2. «Ротация» әдісі бойынша сабақ фрагментін дайындаңыз. Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты (ауызша)
3. Авторларға хронологиялық кесте жасаңыз. Тақырыбы: Фариза Оңғарсынова (жазбаша)
1. Тіл дамыту — әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы. Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі.Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше. Ал жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар, семинар-сабақ, т.б. сабақтардың орны зор.
Практикалық сабақтар тіл дамыту жұмыстарына қолайлы болып келеді. Мысалы, І. Жансүгіров шығармашылығын оқытып болған соң, қорытынды сабақты ақын поэзиясының тіл көркемдігі, поэтикалық, эстетикалық нәрі, табысы айналасында өтуге болады. Мұндай жұмыстар тек бала білімін тереңдетіп қана қоймай, тілін дамытуға қазақтың бай тілін меңгертуге, оны бейнелі, образды, көркем түрде пайдалана білуге де жетелейді.
Тіл дамыту жұмыстарының негіздері: тіл дамыту жұмысы оқушының әдебиеттен, қоршаған ортадан алған әсері негізінде жүргізіледі. Неше түрлі тақырыпта жазылған туынды, шытырман оқиға, кейіпкер әрекеттері шәкіртке әсер етеді. Сол әсер ойлануға әкеліп, ой қозғап, бейнелі сөз тілге оралады. Мұғалім әрбір оқушыға жаңадан танылған бейнелі сөздің мән-мағынасын ашып, толық меңгертуге жол, әдіс іздейді; тіл мәдениеті бір күнде жасалмайды. Оқыту үрдісін де жүйелілікті, дағдыландыруды қажет етеді.
Мәнерлеп оқу – сөйлеу техникасын, дауыс сапасының даму жолдарын көрсету. Мәнерлеп оқу – сөйлеу техникасын, дауыс сапасының даму жолдарын көрсету Шәкірттерді көркем оқуға баулу үшін тапсырмалар арқылы оқушы қызығушылығын арттырамыз. Мұғалім одан – жазушылардың бір тақырыпқа жазылған шығармаларын оқытса, оқушылардың сұлулықты сезінуі, әсемдікті қабылдауы толыға түседі. Мәнерлеп оқу арқылы көпшілік алдына емін-еркін шығып этикалық оралымдарды шебер қолдана алады.Мәнерлеп оқуға төселдіру үшін үздіксіз шығармашылық жұмыстар, фонологиялық жаттығулар, мәтінмен жұмыстар жүргізіп отырсақ, шебер сөйлеушінің қалыптасуына жол ашамыз.
Мәнерлеп оқу - әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эсстетикалық әсерін сензіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
б) көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Мәнерлеп оқудың түрлері. Мәнерлеп оқу V–VII сыныптардан басталады, ол үш түрлі формада үйретіледі.
1.Даралап оқу. Оқушы өлең жаттайды. Оны мәнерлеп орындату дейміз. Кейде бала прозаны да жатқа орындайды. Мұнда сөйлеу мәнері басты орын алады. Өлеңді жаттап, ешқандай мақам, ырғақсыз айтса, оның берері жоқ. Бұ л оқу көбіне сезімдік танымға жатады. Жаттауға бүгінгі ақындардың шығармаларынан бастап, фольклор шығармаларын да ұсынамыз. Даралап оқу баланың лексикасын байытады, логикалық ойын дамытады.
2.Мәтінді рөлге бөліп оқыту. Мұны кейде кейіпкерге еліктеп оқу деп те атаймыз. Бұл көбіне талдау сабақтары тұсында қолданылады. Оған диалог сөз, драмалық шығарма үзінділері, мысал, айтыс жанры қолайлы. Мәтінді рөлге бөліп оқыған жерде кейіпкерлерге мінездеме берудің қажеті жоқ. Мысалдың аллегориясын ғана ескертеміз.
3.Әндетіп оқу. Эпостарды өткенде монологтарды домбыра (жыр) күйіне салып айтса, бұл да күшті есте қалады. Абай шығармаларын өткенде де әндерін мәтінге негіздеп орындату керек. Ән мен көркем шығарманың бірлесуі – зор үлес.
2.«Ротация» әдісі бойынша сабақ фрагментін дайындаңыз. Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты (ауызша)
1-қадам
Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу
2-қадам Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу
Әр топ оз сұрақтарына жауап беру
3-қадам
Сағат тілімен орындарын алмастыру
4-қадам
Барлық топтардың жауаптары талқылану
Рефлексия: Ротация әдісі. Сұрақтар тарату
1.Дарынды оқушы мінсіз оқушы ма, оның бойында қандай қасиеттер болады?
2.Дарынды және талантты оқушылардың барлығы бірдей оқуға құштар болама, қалай?
3.Дарынды оқушыларға тән креативті ойлаудың сипаттамасы;
4.Дарынды және талантты оқушының бойындағы табандылық қасиетке нелерді жатқызар едіңіз?

3. Авторларға хронологиялық кесте жасаңыз. Тақырыбы: Фариза Оңғарсынова (жазбаша)


1939 жылы 25 желтоқсан - Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
1958 жылы - Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде жарық көрді.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.
1966 жылы -Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» жарық көрген.
1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.
1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.
1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы,
1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1996-2004 жж. ҚР мәжілісінің І және ІІ шақырылымдарының депутаты болды.
2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет