«Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнен артық ешқандай баға жоқ» ,- деген Елбасымыздың сөзі әрбір қазақстандық азаматтың жүрегінде еліміздегі тұрақтылық, болашаққа деген сенімділік пен көркейіп келе жатқан мемлекеті үшін мақтаныш сезімін тудырады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды.
Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді.
Этникааралық қатынастар (ұлтаралық қатынастар) сөздің кең мағынасында әр түрлі салаларда – саясатта, мәдениет пен тағы басқа да халықтардың өзара іс-қимылы ретінде түсіндіріледі.
Бұл этностардың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл әртүрлі ұлттардың тұлғааралық қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек, отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық және басқа да бейресми қарым-қатынас түрлерінде болады.
Ал конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар) арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар.
Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды факторы болды, бұл қазіргі әлемде де солай қалып отыр. Конфессиялар мен этностық топтардың алуан түрлілігіне тән қоғамдастықтардың тұрақтылығы конфессияаралық қатынастарға байланысты. Конфессиялар арасындағы келісім – бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын.
Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда – этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету.
Аталған дүниетанымдық ұстаным Қазақстан қоғамының саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылықтық бағдарын айқындайтын негіз болып табылады. Әрбір нақты кезеңде ол байытылады, толықтырылады, нақтыланады, бірақ оның мәні бір болып қалады – көпэтникалық Қазақстанда әрбір адам оның этникалық, діни, нәсілдік және өзге де тиістілігіне қарамастан өзін еркін, қорғалған және өз болашағына сенімді сезінуі тиіс.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Мемлекет бастапқыдан барлық этностар үшін мемлекетті қалыптастыру мүмкіндігін беретін Қазақстанда тұратын халықтардың мүдделерін біріктіру, этностық емес, азаматтық қоғамды қалыптастыру пайдасына таңдау жасады. Кофи Аннан Қазақстан Республикасына сапары кезінде «басқа мемлекеттер үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақтылықтың, орнықты дамудың үлгісі» деп атады.
Әлеуметтік сауалнаманың нәтижесіне сәйкес мемлекетіміздегі ұлтаралық қатынас тұрақты.
Көптеген қазақ (89,8%), орыс (84,8%) және басқа ұлттар (88,3%) респонденттерінің пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері арасында бейбіт достық қарым-қатынас орнаған.
Бұл ретте, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі соңғы жылы ұлтаралық қатынастар саласында қандай да бір елеулі өзгерістер болған жоқ деп санайды.
Сауалнамаға қатысқан қазақ ұлтының 19,7%-ы әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас соңғы жылы жақсарды деген пікірде.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел халқының саны 18 395 567 мың адамды құрайды.
Республика халқының этникалық құрамында ең көп саны — қазақтар (67,98 %), орыстар (19,32 %), өзбектер (3,21 %), украиндар (1,47 %), ұйғырлар (1,47 %), татарлар (1,10 %) болып табылады.
Бүгінде қазақстан халқы – бұл біртұтас идея мен бауырластық рухымен біріктірілген КСРО-ның әр түкпірінен құрылған халықтар. Қазақстандықтар шын мәнінде бауырлас халық, дегенмен де бейбітшілік, келісімге келіп, жаңа Отанды табу үшін көптеген ұлттармен бірге қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.
Өзге ұлттардың Қазақстан аумағына жер аударылуы 1920-1940-шы жылдары басталды. Кеңес өкіметі кейбір халықтарды туған жерлерінен күштеп көшіре бастады. 1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Беларусиядан 360 мың адам жер аударылды. 1937 жылдан бастап мемлекеттік шекараға жақын орналасқан Қиыр Шығыс аудандарынан Орта Азияға корей халқын күштеп көшіре бастады.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1941 жылғы 28 тамыздағы «Поволжьеде тұратын неміс халқының қоныс аударуы туралы» Қаулысына сәйкес, 1941 жылдың күзінде Поволжьеден 1 млн астам неміс қоныс аударды, олардың 420 мыңы Қазақстанда орналастырылды.
1942 жылдың маусымында Краснодар өлкесінен, Қырым АКСР, Армения, Әзірбайжан және Грузиядан Қазақстанға 25 мыңға жуық грек, сондай-ақ 29 мыңға жуық басқа халықтардың өкілдері қоныс аударды.
1940 жылдан бастап 1941 жылға дейін Қазақстанға 100 мыңға жуық поляктар жер аударылды. 1943-1944 жылдары Қазақстанға 507 мың балқар, қарашай, ингуш және шешендер, 110 мың түрік-месхетин, 180 мың қырым татарлары күштеп қоныс ауыстырды. 1937 жылдан 1944 жылға дейін Қазақстанға 1 миллион 209 мың адам, ал көшірілгендермен бірге 1 миллион 740 мың адам жер аударылды.
Жер аударудан кейінгі алғашқы айларда ондаған мың адам аштықтан және аурудан қаза тапты. Тірі қалғандарға жаңа тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынды, әйтпесе олар каторгалық жұмысқа жіберілетін болды. Егер қазақ халқының қолдауы мен жанашырлығы болмағанда, күшті моральдық сынақ пен ауыр жұмыстардан аман қалу қиын болар еді.
Қазақстанда қазіргі уақытта қырыққа жуық діни сенім өкілдері тұрады, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Кеңес Одағы кезеңінде ұзақ уақытқа діндер ұмытылғаннан кейін, бүгін Қазақстанда діни ғимараттар – мешіттер, шіркеулер, синагогалар және басқа да ғибадатханалар қайта ашылуда. Сонымен қатар елде тіркелген діни бірлестіктер мен орталықтар еркін жұмыс істейді. Олардың барлығы бейбітшілік пен қоғамның бірігуі жағдайында азаматтардың рухани тәрбиесіне бағытталған. Ең көп таралған діндер ислам және христиандық болып табылады. Сондықтан Құрбан айт және православиелік Рождество сияқты мерекелер біздің республикамызда демалыс күндері болып табылады.
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңызды бастамасы болды. Бұл форум кең халықаралық резонансқа ие болды және басты жаһандық конфессияаралық диалог алаңына айналды. Съезд әлемнің әр түрлі діни бағыттағы өкілдерінің басын біріктірді. Оның қатысушылары бұл іс-шара дінаралық келісім ісіне қомақты үлес қосатын болады деп атап өткен еді.
Жалпы этнос құрылымының күрделілігі этникалық топтар арасындағы өзара қарым-қатынастың көптүрлілігін анықтайды. Бұл мәселенің бір бөлігі қазіргі әлемдегі ұлтшылдықты түсіну болып табылады.
Ғылымда этностар арасындағы өзара қарым-қатынастар «ұлттық қатынастар», «ұлтаралық қатынастар» ұғымдарымен анықталады. Батыс әлеуметтануында «нәсілдік және этникалық қатынастар әлеуметтануы» термині қолданылып жүр.
«Ұлттық қатынастар» термині ұзақ уақыт әдебиеттерде пайдаланылып келді, өйткені талдаудың негізгі нысаны елдің бұрынғы одақтас республикаларының титулдық этностарын құрады, оларға қатысты «ұлт» термині белгіленген параметрлер бойынша заңды да болды.
Жоғарыда айтып өткендей, этникааралық қатынастар кең және тар мағынада қарастырылады. Кең мағынада – бұл халықтардың түрлі салалардағы қарым-қастынастары: экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік сала және т. б. Тар мағынада – әртүрлі ұлт өкілдерінің тұлғааралық қарым-қатынасы ретінде, қарым-қатынастың әртүрлі салаларында – отбасылық-тұрмыстық, еңбек, бос уақыт, көрші, бейресми қарым-қатынастың басқа да түрлерінде орын алады.
Этникааралық қатынастарда әртүрлі салаларды қамтитын осы шақ та, өткен уақытта да мүдделер көрініс табады; өзара іс-қимыл тек қана іс-әрекеттерде ғана емес, сонымен қатар көзқарастарда, мақсаттарда, құндылық бағдарларда да іске асырылады.
Этносаралық ұстанымдар өзара іс-қимылдың – оң немесе теріс – бөгде этностармен ортақтастық ұстанымы, олардың өкілдерімен кез келген өмір сүру саласында және кез келген түрде (жеке қарым-қатынас, басқа этностармен байланысты түрлі құбылыстарды қабылдау) өзінің және бұрынғы ұрпақтардың тәжірибелерін жинақтайды. Этностардың дәстүрлі мәдениетінде негізделген ұлттық стереотиптер ерекше рөлге ие.
Этносаралық қатынастарға көптеген факторлар әсер етеді: тарихи (одақтар, қосылу, жаулап алу, депортациялар); саяси (мемлекеттік құрылым формасы, басқару нысандары, саяси элиталардың өзара қарым-қатынастары); әлеуметтік (қоғамның этникалық және әлеуметтік стратификациясының арақатынасы, әлеуметтік мобильділіктің айырмашылықтары); мәдени (мәдениеттердің жақындығы, дәстүрлер, тілдер және т. б.); психологиялық; ахуалдық және т. б. Қоғамның, экономиканың тұрақты жай-күйі, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, халықтар арасындағы тату көршілік немесе достық қарым-қатынастарға бағытталған мемлекеттің ұлттық саясаты олардың жақындасуына, өзара қарым-қатынасына, интеграциялық үдерістерді кеңейтуге, әртүрлі этностар өкілдерінің рухани келбетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біздің этносаралық келісім үлгісі көпұлтты қоғамда азаматтық бейбітшіліктің іс жүзінде жүзеге асырылған формуласы ретінде өзге мемлекеттерге үлгі ретінде ұсынылған.
Дәл осы Ассамблея біздің мемлекеттік ұлттық саясатымыздың тарихында ғана емес, әлемдік тәжірибеде «ұлттық мәселені» шешуде бірегей модель құрды
Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады.
Қазақстан Республикасы бабалардан қалған және жалпыадамзаттық дәстүрлерді сақтай отырып, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік беретін өз дамуының сарабдал саясатын таңдады.
Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайту мақсатында, Қазақстан Президенті Жарлығымен 1997 жыл — «Ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», ал келесі 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болып жарияланды. Алайда, тарихи сананы қайта жаңғырту белсенді жүзеге аса бастаған уақытта алдыңғы буын ұрпақтың еңбегі мен жетістіктері объективті бағалануы үшін және негізсіз сындарға жол бермеу мақсатында, Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1999 жыл елімізде «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп белгіленді. Сондықтан да, Қазақстан халқы құрамының полиэтностық болып қалыптасу тарихы дәл осы қағидаларды негізге ала отырып зерделенеді.
1992 жылы Қазақстан халқының кезекті форумдарының бірінде жасаған баяндамасында Елбасы: «…халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы қалыптастырды. Бүгінгі таңда, тарихымызды қайта таразылау кезінде, бұл байлықты жоғалтуға, интернационализмнің игі дәстүрлерін жоққа шығаруға хақылы емеспіз. Олар соңғы он жыл бойында және партиялық нұсқаумен қалыптасқан жоқ. …Қазақстанға бұл халықтар барлық жағдайда өз еркімен қоныстанбаған. …Біздің жеріміз барлығын жылы қабылдап, мыңдаған адамдардың туған үйіне айналды. Бұл жағдайда қазақ ұлты, оның ашықтығы, ғасырлардан келе жатқан қонақжайлық және бейбіт көршілестік дәстүрлері ең шешуші рөл атқарды. Бірлескен еңбек, аға ұрпақтың басына түскен ауыртпашылықты еңсеру, күнделікті тұрмыстық тіршілік пен мерекелер арқылы республика халықтарының қазіргі келбетін таныстыратын өзіндік ортақ дүниесі қалыптасты» деп, тарих пен тағдыр ортақтығы жағдайында қазақстандық ортақ мәдениет пен бауырластық ұстаным қалыптасқандығын айтып, ел бірлігінің тұғырнамасын анықтап берді. Барлық этностарды бодандықтан енді арылған қазақ халқының ұлттық санасының жаңғыру үрдісіне түсіністікпен қарауға да шақырды. Мәселенің өз деңгейінде шешімін табуы үшін билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-әрекетін қалыптастырудың тиімді тетіктерін қарастырды. Форумдардың бірінде мұндай шешімді Елбасы былай ұсынады: «Біз күнделікті әр адамның, әр халықтың және әр ұлттың дауысын естиміз бе? Өкінішке қарай, әрдайым олай емес. …Біз жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтарының келісімі және бірлігі Ассамблеясын құра аламыз. Ол жалпыхалықтық ұлтаралық келісімді бекіту міндетін шешетін саяси емес, үкіметтік емес ұйым болар еді». Осылайша, көп ұзамай 1995 жылы наурызда Елбасы Жарлығымен «Қазақстан халқы ассамблеясы» институты құрылып, іске қосылды. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудың басты буыны болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда 800-ден аса этномәдени бірлестіктердің басын қосқан ірі азаматтық қоғамдық құрылым ретінде орнықты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді. Кеңінен алғанда, негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конференссияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты.
Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны халыққа түсіндіру, соның негізінде қоғамдық пікірді қалыптастыру Қазақстан дамуының негізгі кепілі бола алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндеттерінің Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы әзірленді.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Рспубликасының Презденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпұлттық патриоттық идеясы ұсынылған болатын. Бүгінде « Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесіне айналды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып табылатын қазақ тілі одан әрі дамытуға барлық күш – жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті.Сонымен қатар, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне,оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.
Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Рспубликасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік – саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайтуға бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым – қатынастарға, байланыстарға да өз әсерін тигізеді.
Ұлтаралық келісім мен татулық мәселелері елдің ішкі бірлігі жайындағы мәселелер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде жан-жақты көрініс тапты [1]. Республикада этникааралық қарым-қатынас мәселелерін дұрыс шешуде, әсіресе, жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңіруде Н.Ә.Назарбаевтың осы еңбегінің үлкен мәнді методологиялық маңызы болды. Өйткені, Қазақстан дүниежүзілік өзгеде бір қатар мемлекеттер сияқты көп ұлт өкілдері қоныс тепкен аймақ болып саналады. Түрік және славян тілді қауымдардың ірі топтарының қазақ жерінде мекендеуі ұлтаралық қатынас мәселелерін әрдайым басты назарда ұстап, реттеп отыруды талап етеді. Басты орын алып отырған осы мәселені шешу ішкі саясатта Қазақстан тәуелсіздігімен алысымен-ақ күн тәртібіне қойылды. Көпұлтты Қазақстан мемлекетінде әртүрлі ұлттық мүдделерді шешудің бір ғана жолы бар. Бұл қазақ ұлтының біріктіруші рөлі негізінде барлық халықтардың тепе-теңдігі қамтамасыз ету болып табылады.Бұл қазақ ұлтының біріктіруші рөлі негізінде барлық халықтардың тепе-теңдігін қамтамасыз болып табылады[2,35-41бб.].
Қазақстанда жалпы мемлекеттік және ұлттық мүдделердің бірлігі, ұлтаралық қатынастың үйлесімді сабақтасуы айрықша мәнге ие болып отыр. Бірақ бұл Қазақстанда ұлттық қарым-қатынас мәселелері түбегейлі шешілді деген сөз емес. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәселелерін нығайту экономикада орын алып жатқан дағдарысты жою, әлеуметтік шындық, сөз бен істің үйлесімділігі сияқты принциптерді жүзеге асыру жолдарын іздестіру. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылықтың мағынасын дұрыс бағалау –өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосады.
Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.
Қазақстан әлемнің басқа мемлекеттері үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақты және орнықты дамудың үлгісі бола алады. Бұрынғы Кеңес Одағының бір де бір мемлекетінде ұлттар мен диаспоралар осындай келісімде өмір сүріп жатқан жоқ. Қазақстандағы ұлттық мәселенің мұндай жағдайы, әлбетте, қарама-қайшылықтармен емес, ұлтаралық қатынастардың ерекше адамгершілік үлгісімен және әр түрлі мәдениеттердің өзіндік бай симбиозыментүсіндіріледі.
Қазіргі және келешек ұрпақтың басты міндеті – бір-біріне деген ықыласты қатынастар, төзімділік және көпұлттылық кемшілік емес, керісінше, мемлекеттің артықшылығы болып табылатын Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан әрбір халықтың тілі мен мәдениет құрметтеу арқылы осы бейбітшілікті аялау және сақтап қалу болып табылады.