1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет12/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
ЭКЗАМЕН ӘТ

13. Модернизм және постмодернизм

Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.

Постмодернизм – заманауи философиялық ағым, жаңа әлеуметтік-саяси өмірдің шындығын жеткізетін көркемдік әдіс. «Сананы тұрмыс билейді» деген әркім білетін аксиома тек адамзаттың әлеуметтік сапасына қатысты емес, адамзаттың рухани дүниесіне де, оның ең биік сипатының бірі көркемөнерге, сөз өнеріне де қатысты. 

Қазіргі постмодернизм бағытында ізденіс жүргізіп жатқан қаламгерлердің еңбегі бар. Бұл көбінесе шағын жанрларда, өлең мен әңгімелерден көрінеді. Бізге ертеңгі ұрпаққа сөз өнерінің озығы ретінде көрсете алатын шығармалар тууы керек. Қазір сюжет көп, толған проблема, кейіпкерлер де айналамызда алуан түрлі. Қазіргі заманның шындығын сериалдар мен жеңіл жанрлар, әзіл-оспақ көрсетіп жатыр. Олар көркем дүние емес, тауар, ғұмыры қысқа эстетикалық құндылығы жоқ дүниелер. Осы порталдардан біраз әңгімелер оқыдым. Жақсы әңгімелер бар, дегенмен көпшілігінің көркемдік-бейнелілік сипаты әдеби шығарма деуге сай емес. Жастар жақсы шығармаларды көп оқу керек, үйрену керек. Олардың жаңашылдыққа деген ұмтылысы қуантқанмен, нәтижиесі ойландырады. Бұрын мұндай шығармаларды газет-журналдар жарияламайтын. Постмодернист жазушылардың озық үлгілерін оқып, түсініп, бүгінгі шындықты заманауи үрдісте жеткізу маңызды. Абай да, Мағжан да, Мұқағали да шығармашылықтың үйрену, еліктеу кезеңінен өтті. Кейін сол тұлғалармен тең тұратын, бәсекелесе алатын дүниелер тудырды. Осындай алыптардың жолымен жүрсек әдебиет артта қалмайды. Қаламгерлерді өнері дамыған өзге елге жіберіп оқытудан көрі, болмаса әлемнің қаламгерлерін жинап жиын өткізуден көрі бұл жолды таңдаған әрбір жас бұл ағымның биігінде тұрған туындыларды жеке, оқи отырып бойға сіңіріп, терең түсініп, жүрекпен қабылдаса тиімді болар еді. 

Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.

Жалпы модернизм деген термин 1917 жылы алғаш рет неміс философы Рудольф Паннвиценің «Кризис европейской культуры» деген еңбегінде қолданылды. Паннвиценің аталмыш еңбегінің атауынан көрініп тұрғандай бұл әдеби ағым Батыс қоғамының экономикалық жағынан ғана емес, рухани жағынан тығырыққа тірелуінен туындаған болатын. Еуропалық қоғамның әйгілі экономистері мен саясаттанушылары, философтары бұл экономикалық, әрі рухани коллапстан шығудың айқын жолын көрсетіп бере алмады, Батыс өркениеті осылайша уақытша депрессияға ұшырады. Міне, осы кезде Батыс әдебиетінде футуризм, символизм, экспрессионизм, авангардизм, неоавангардизм секілді әдеби ағымдар пайда болды. Ал, модернизм деген бар болғаны осы ағымдардың бәрінің ортақ атауы ғана.

Ал, қазақ әдебиетіндегі модернизмге келсек, ол біздің көркемсөз өнерімізде ХХІ ғасырда, бүгін ғана пайда болған жоқ. Қазақтың ең алғашқы модернистері – прозада Ж.Аймауытов пен М.Әуезов, поэзияда М.Жұмабаев пен Бегнияз Күлеевтер болатын. Мағжанның «Жер жүзін топан басса екен», «Мені де, өлім, әлдиле» деген жырлары модернизм емей немене? Мұнда ақын өмірдің ешқандай мағынасы жоқ екенін мойындайды, сондықтан, Еуропа модернистері секілді терең қайғыға шомады, болашақтан үміт сәулесін көре алмай торығады. Мұндай мистикалық сарындар өмірден тым ерте, қыршын кеткен Бернияздың өлеңдерінен де молынан табылады. Сондықтан, Б.Күлеев трагедиялық жағдайда өмірден қайтқанда ең алдымен оны жоқтап, қабырғасы қайысқан өнер иесі Мағжан болатын. Бұл кездейсоқтық па? Жоқ, бұл өзімен рухтас жас ақынның қазасы жанына қатты батқан рухани туыс адамның шын жүректен шыққан мұңы еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет