1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Образ және көркемдік деталь. Заттық детальдар



бет9/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

20.Образ және көркемдік деталь. Заттық детальдар
Образ - суретті сөз. М.Жұмабаевтың «Тұранның бір бауында» атты өлеңіндегі айдың суретін алайық: Ай туды, күңгірт кеш еді, алтын табақ, Ару ғой ай дегенің алтын қабақ. Жүзінен сол сұлудың нұр төгілді, Жапырақ - суда ойнаған алтын шашақ. Күнделікті өмірде түнде көріп жүрген қарапайым айды «жүзінен нұры төгілген алтын қабақ сұлу аруға» теңеу арқылы көз алдымызға әсем бейне елестейді. Ақын сөздеріндегі бейнелілік пен әсерлеуден (ай – алтын табақ, жапырақ - суда ойнаған алтын шашақ), дыбыс үндестігінен (а-а, ж-ж), ой тапқырлығынан туған эстетикалық қуат та анағұрлым күшті. Образ жанымызға әсер етеді. Лириканы жүрекпен сезіну керек, ол түсіндіруге жүгінетін қара сөз емес. Образдылық – cуреттілік, сөзбен сурет салу немесе «қатар тұрған екі сөздің бір-біріне сәулесін түсіруі» (Потебня). Образ – кейіпкер, тұлға, қаһарман. Сөз өнеріндегі өмір шындығы адам бейнесі арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне көтеріледі. Көркем туындының негізгі нысанасы – ең алдымен, сол адамның өзі екені белгілі. Образ - әдеби шығармадағы адам. Адам – күрделі жаратылыс. Е.Замятин: «Адам – роман сияқты: соңғы бетіне дейін қалай аяқталатынын білмей дал боласың. Олай болмаса, оны оқып та керегі жоқ» - деп жазады. «Адамның ең алдымен зерттейтіні - өзі, өзінің жан-дүниесі» - дейді Л.Толстой. Адам тағдыры - өмірді танудың өзгеше жолы. Ғалым Б.Ыбырайымның: «Әдебиеттегі көркем образ - суреткердің идеялық-көркемдік концепциясының, шеберлігінің, дүниетаным тереңдігінің куәсі, сондай-ақ болмыстағы алуан құбылыстардың, өмір шындығының өзекті сипаттарының жандыбейнелі көрінісі, дәлелі. Сол себепті бірегей, толыққанды сом тұлғалар – көркемдік кепілі»1 - деген сөзіне ден қойсақ, суреткердің басты құралы - образ. Көркем шығармада өмір шындығын сығымдап, сырын жеткізетін, жанымызға эмоциялық-эстетикалық әсер беретін – кесек, сом образдар. Көркем шығармада кейіпкердің дүниетанымы, өмірге көзқарасы, болмыс-бітімі жан-жақты ашылады. Кейіпкер – көркем шығармаға жан бітіретін, шығарма арқауын бір арнада өрбітуге негіз болатын көркем тұлға.
Көркем шығармада образды сомдайтын кіші бөлшек – көркемдік деталь. Көркемдік деталь шығармада құбылысты тұтасынан суреттемей, суреттелетін нәрсенің нақты бір қырын, жеке белгісін, бүтіннің бөлшегін дәл тауып, ұтымды бейнелеу арқылы оны көз алдымызға келтіреді. Жазушы шеберлігі, ең алдымен, өмір құбылыстарын іріктеу мен оны дәл детальдар арқылы бейнелеу ерекшелігінде көрінеді. Кейде деталь арқылы автор ойын түсінуге, қаламгер қолтаңбасын, стильдік ерекшелігін тануға болады. Толыққанды бейненің құрамдас бір бөлігі болатын деталь өзі де ең кіші көркем бейне, микрообраз қызметін атқарады. Деталь қай кезде де өзінен ірі, қомақтырақ бейнені құрайды: мысалы, қатал күзетшідей сыздана, тесіле қарайтын жалғыз сау көз, қаздың жұмыртқасындай сопақ бас, өңірін жапқан ұзын сақал, қадала сөйлейтін мәнер – осы детальдар біріге келіп, Құнанбайдың портретін кескіндесе, ол өз кезегінде одан да ірі көркем бейнені – тұтас адам бейнесін, мінезді сомдауға қызмет етіп тұр. Көркемдік детальдарды портреттік, заттық, пейзаждық, тілдік детальдар деп жіктеуге болады. Көркемдік детальдар шығармада түрлі қызмет атқарады.
Деталь туындыдағы оқиға динамикасына ажар кіргізе отырып, характердің көркемдік сипатын белгілейді. Мыс: Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесіндегі заттық деталь – шелек Айшаның характерін ашуға септеседі. Қаламгер пайдаланған деталь образ характерінің жан дүниесін, нанымдылығын көрсетеді. Деталь суреттеудегі эстетикалық әсерді, эмоциялық бояуды молайтады. Оның эстетикалық функциясы бүтін мен бөлшектің бөлінбес бірлігінде көрінеді. М.Әуезов «Абай жолында» Тоғжанның кескін-келбетін оның киіміндегі бір деталь – сылдырлаған шолпысын суреттеу арқылы оның сұлулығын, әсем де кербез жүрісін, сымбатын, көркем мінезін ашады және сол арқылы Тоғжан образын тереңнен таныта түседі. Әдеби туындыда көркемдік детальдың кейіпкер психологиясын, ішкі құпия сырларын танытудағы көркемдік ролі зор. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының көркемдік шешімінде Әмірші құла түзде, шөлде келе жатып өмір мен өлімнің арасында жанталасқан шынашақтай құсты көріп қалады. Тамағы бүлк-бүлк еткен, жер апшысын қуырған аптаптан жанын қоярға 65 жер таппай, шырылдаған кішкене құстың ақтық азабына қарағысы келмей, көзін теріс әкетеді. Осы тұста – түз тағысының, құстың бүкіл қимыл-әрекеті деталь. Ажал алдында адам да, аң да, құс та бірдей. Әмірші қаһарымен халықты қақыратқанымен, оның ажал алдындағы дәрменсіздігі, астан-кестең көңіл-күйі ұтымды бейнеленген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет