1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Социалистік реализм әдісі



бет8/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

17.Социалистік реализм әдісі
Реализм дегеніміз - накты тарихи-когамдык орта мен оның туындысы адамның арасындағы байланысты, болмысты шынайылықпен суреттеу.




18.Сентиментализм
Мама Сентиментализм - әдеби багыт ретінде Англияда 1720 жылдары дамыды. Сентименталистерде тұлғаны терең, улкен сезім иесі ретінде карайтын жаңа көзқарас калыптасты. Сентименталистер сезімді акылдан, табиғатты еркениеттен жоғары койды. Осыдан сентиментализмге терең лиризм тән. Карапайым адамдардың сезімдері мен коршаган әлемді» эмоционалдык турғыда кабылдауға кеп мән берілді.Адамныц сезімталдык касиеттерін ояту аркылы емірдегі әділетсіздіктерді болдырмауға ұмтылыс жасады. Автор мен кейіпкерлердің әлемін ашуда пейзаж негізгі көркемдік құралдырдың бірі ретінде көрінді.
Сентиментализмде жетекші жанрлар поэзияда - элегия, лирика, поэма, прозада - роман, драмада мещандык, психологиялык драма, «жылауык комедия» устемдік етті. Бұл бағыттыц жетістігі - шыгармаларда табигатты суреттеуге, жеке тулганыц ішкі әлеміне, психологиясына, сезімдеріне көп мән беріліп, соныц нәтижесінде әдебиет лиризммен байыды.

19.Қазақ әдебиеті теориясының қалыптасу тарихы
Қазақ әдебиеті теориясының қалыптасуына А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Ә.Тәжiбаев, Б.Наурызбаев, М.Дүйсенов, Ә.Шәрiпов, З.Қабдолов, Ә.Нарымбетов, З.Ахметов зор үлес қосты. Қазiргi әдеби процесс мәселелерін, жеке қаламгерлер шығармашылығын, жанр, стиль, әдеби әдіс проблемаларын терең талдауға арналған Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, М.Базарбаев, Р.Бердiбаев, Т.Кәкiшев, Б.Ыбырайым, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, А.Жақсылықов, А.Iсiмақова, Т.Есембеков, Г.Пірәлиева сынды ғалымдардың еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымын жаңа бір белеске көтерді. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» қазақ әдебиеттануындағы алғашқы әдебиет теориясы оқулығы болса да, ғалым теориялық толғамдарды ұлттық танымға сүйене отырып талдады. Уақыттың өзі дәлелдеп бергеніндей, «Әдебиет танытқыш» еңбегі әлемдік теориялық ойдың биігінен көрінеді. Ал Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының негіздері», Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» еңбектері жас ұрпақты сөз өнерінің ерекшеліктерімен сусындатып, әдебиет туралы танымтүсінікті қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Әдебиет сүйер қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты зерттеу кітабының атқарған ролі зор. Ұзақ жылдар бойы студенттердің қолынан түспей жүрген кітапта әдебиеттің теориялық мәселелері қасаң қағида түрінде ұсынылмай, суреткердің шеберлік мәселесімен, әдеби шығармашылық психологиясымен сабақтастықта қарастырылған. Сонымен бірге бұл зерттеудің шығармашылық өнердің қырсыры, нәзік иірімдері мен құпия қалтарысы туралы сыр толғайды, теориялық мәселелерді қазақ әдебиетінің мысалдары негізінде терең талдайды. Кітап «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқытудың жақсы дәстүрін қалыптастыруға мұрындық болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет