1. «Әдіснама» ұғымын түрлі тұғырлар тұрғысынан қарастыру.
2.Әдіснаманың негізгі деңгейі және оның сипаттамасы.
1. «Әдіснама» ұғымын түрлі тұғырлар тұрғысынан қарастыру.
Педагогика әдіснамасы дегеніміз не? Осыған тоқталайық.
Біріншіден, ол әрқашанда өзгеріп отыратын педагогикалық шығармашылықтың алынатын ғылыми білімдер әдістерін анықтайды (М.А.Данилов);
Екіншіден, ғылыми-зерттеу мақсатына жеткізетін бағыттар мен негізгі жолды анықтайды (П.В.Коппин);
Үшіншіден, зерттеліп жатқан процесс пен құбылыс туралы ақпараттың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин)
Төртіншіден, педагогика теориясының қорына жаңа ақпаратты енгізуге көмектеседі (Ф.Ф.Королев);
Бесіншіден, педагогика ғылымындағы түсініктер мен терминдерді түсіндіреді, жинақтап қорытындылайды және жүйелейді (В.Е.Гмурмин);
Алтыншы, ғылыми танымның обьективті және логикалық, аналитикалық құралдарына сүйенетін жүйелік ақпарат құрады (М.Н.Скаткин).
Әдіснама – (әдіс және логос) қызметтің логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, құрылымы жөніндегі ілім (Кеңестік энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама – теориялық және практикалық қызметі ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдары жүйесі жөніндегі ілім (филосифиялық энциклопедия сөздігі).
Әдіснама – қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;
Әдіснама – гректің әдіс және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.
Мағынасы – әдіс туралы ілім. Әдіснама – теориялық ойлаудың философиялық негізі.
Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.
Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.
Әдіснама – іс-әрекеттің құрылымы, қисынды ұйымдастыруы, әдістері мен құралдары туралы ілім.
Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен құрудың қағидалары жүйесі мен тәсілдері, сонемен бірге, сол жүйе туралы ілім.
Әдіснама – дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып- білудің жолы, философиялық ұстанымы.
Әдіснама – таным және дүниені өзгертуге бағытталған тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдары мен шарттарын зертейтін білімдер саласы.
Әдіснама – іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім.
Әдіснама – адамның кез-келген іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.