Әдіснамалық білімнің деңгейлері В.И.Смирнов бұл деңгейлерді схемалық түрде көрсетті М. А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы мынадай: «Педагогика әдіснамасы дамып келе жатқан қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп отыратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, оның негіздемесі мен құрылымы туралы, білім алудың тәсілдері мен әдістерінің принциптері туралы білімдер жүйесі».
В.И. Загвязинский берген анықтама әдіснаманың қазіргі анықтамасына көбірек жуықтайды: «Педагогикалық әдіснама – ғылыми – техникалық зерттеудің бастапқы (басты) ережелер құрылымы, функциялары және әдістері туралы ілім».
Әдіснаманы түсіндірудің әр түрлі нұсқаларын талдай келіп А.М.Новиков былай деп жазды: «Әдіснама дегеніміз іс – әрекетті ұйымдастыру туралы ілім». Мұндай анықтама әдіснаманың пәнін іс – әрекетті ұйымдастыруды заңдастырады.
Іс – әрекетті ұйымдастыру дегеніміз оны логикалық құрылымының нақты белгіленген сипаттамаларымен және оны жүзеге асыру үдерісімен бірге тұтас жүйеге келтіру деген сөз.
Айтылғандарды жинақтай келе, классикаға айналған В.В.Краевскийдің әдіснамаға берген анықтамасымен «әдіснама – педагогикалық теория құрылымы амалдар ұстанымдары және педагогикалық шынайылықты бейнелейтін білімді іздеу тәсілдері, сол секілді қызмет жүйелері бойынша білім алу, бағдарламаларды,логиканы зерттеу жұмыстарының сапасын негіздеу жөніндегі білім жүйесі» қорытындылаймыз.
Әдебиеттер тізімі
Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011. – 272 б.
Таубаева Ш.Т. Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 340 бет.
Философия и методология педагогики: научные школы стран СНГ и Республики Казахстан: хрестоматия. Под ред. д.филос.н., профессора А.Р. Масалимовой. - Алматы: Қазақ университеті, 2017 .- 402 с.
Методология педагогики: монография/ Е.А. Александрова, Р.М. Асадулин, Е.В.Бережноваи др.; под общ.ред. В.Г. Рындак. – М.: ИНФРА-М, 2018 – 296 с.