Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың 8 деңгейiн қарастыруға болады:
1.Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
2.Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3.Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4.Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
5.Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
6.Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7.Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
8.Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекеттің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады. «Жетіктік» адамның білімі, білігі мен дағдыларының қолдану саласын белгілейді. Құзырлылығы қалыптасқан маман – кәсіби қалыптасу барысында жетіктік үлгісіндегі мақсатқа ұмтылуда белгілі бір міндеттер жиынтығына ие болатын маман.
Профессиограмма (латынның Professio - мамандық + Gramma - жазба) – кез-келген мамандықтың жүйелі белгілері, яғни белгілі бір мамандықтың талаптарына сәйкес келуі. Профессиограммада сол қызмет аумағындағы психологиялық белгілер мен тәртіп ерекшеліктері де кірістірілген. Профессиограмманың 70-жылдардың бас шенінде Ю.С. Алферов пен Е.Г. Осовский ұсынған мынадай құрамын қарастыруға болады:
1.Еңбек мазмұны;
2.Кәсіби іс-әрекеттің түрлерін сипаттау;
3.Білім, білік және дағдыларының көлемі;
4.Психофизиологиялық талаптар (белгілі бір еңбек функцияларын орындауға қабілеттілік пен икемділікті игеруге жол ашатын, дербес және жауаптылықпен әсер етуге мүмкіндік беретін психикалық ахуал);
5.Біліктілікті көтеру мүмкіндігі;
6.Еңбекке моральдық ынталандыру түрлерінің тізбесі, қызығушылығы;
7.Осы мамандыққа дайындайтын оқу орындары.
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың ішкі және сыртқы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсатын орындауға көмектесетін қырыққа жуық сипаты мен икемділігін атайды.
Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.