МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Мұғалім тұлғасы
Мұғалім педагогикалық Мұғалім педагогикалық қарым-
іс-әрекет субъектісі ретінде қатынас субъектісі ретінде
Екіншіден, ұсынылған түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъектілік қасиеттерді, оларды модульді көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз).
Кесте 3- Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы модулі (А.К.Маркова бойынша)
Мұғалім еңбегінің жақтары
|
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль
|
Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттілер
|
|
Мұғалім еңбегінің психологиялық сипаттамасы
|
|
Кәсіби білімдер
|
Кәсіби-педагогикалық іскерліктер
|
Кәсіби ұстанымдар
|
Кәсіби-психо-логиялық ерекшеліктер
(сапалар)
|
Еңбек процесі
|
Мұғалімнің педа-гогикалық іс-әрекеті
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің педагогикалық іскерліктері
|
|
|
|
|
|
Мұғалім тұлғасы
|
|
|
|
|
Еңбек нәтижесі
|
Мектеп оқушыларының білімділігі
|
|
|
|
|
|
Мектеп оқушыларының тәрбиелілігі
|
|
|
|
|
Үшіншіден, А.К.Маркованың кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік іс-әрекеттік компоненті – іскерліктерді түсіндіру келісі, авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.
А.К. Маркова көрсеткендей, «кәсіп – бұл адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы деген»
Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды
Кесте 4 -Мұғалім тұлғасының моделі
ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР
|
Педагогикалық мақсатты ұйғару
|
Педагогикалық ойлау
|
РЕФЛЕКСИВТІ-ПЕРЦЕПТИВТІ ҚАБІЛЕТТЕР
|
Педагогикалық рефлексия
|
Педагогикалық әдеп
|
Педагогикалық бағыттылық
|
Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.
П.Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды.
Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.
Сонымен, деонтология сөзі грек тілінде Deon, deontos – парыз, парыздылық және logos – ілім, сөз деген ұғымды білдіреді. Деонтология - парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы. Бұл терминді Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Педагогикалық деонтология - ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілік компоненті болып табылады.
Біздің пайымдауымыз бойынша мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымдар аясына саяды.
Оқушының (тәрбиеленушінің) ден саулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету;
Барлық жүріс-тұрысымен, ой-өріс, іс-әрекеттерімен (әрекеттестікте, мәліметтеу, насихаттау т. с . с.) осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу:
Оқушының табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесу;
Бүкіл жан дүниесімен, сана-сезімімен осы ұстанымдарды бұзуына зиян келтіретін салдарды жоюға ынталану.
Яғни, педагогикалық деонтология ғылымы бойынша ұстаздық әсердің ең негізгі мақсаттары: оқушының ден саулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау
Қорыта келгенде, кәсіби оқытушы педагог үшін ең маңыздысы оқушының (студенттің) іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.
Кәсіби оқытушы педагогтың міндеті – оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |