Екіншіден — микроорганизм-дердің бір тобымен топырақты әрқашан байыту нәтижесінде, олардың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады. Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі. Мәселен, бұған фосфоробактериннің нитрификация процесін жақсартатыны жатады.
Үшіншіден — бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір микробтарды жояды (мәселен, фосфоробактеринді колданғанда күнбағыстың склеротиния ауруы азаяды, бәсеңдейді),
Төртіншіден — бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы микроорганизмде ге байытады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде, микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке бөлініп алынып ұқыпты зерттелді. Нәтижесінде, олардан практикаға қажетті бактериялы тыңайтқыштар даярланды. Мүндай тыңайтқыштарға:
1.Нитрагин
Топырақты азот қосылыстарымен байытуда бұршақ тұқымдас өсімдіктердің зор маңызы бар.
Ғылым олардың тамырында бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактерияларының барлығын анықтады. Оларды 1888 жылы бірінші рет Бейерник жеке бөліп алып зерттеді. Оны бактериум радицикола деп атады. Міне осы бактериялар бұршақ тұқымдастарды азотпен камтамасыз етуде елеулі роль атқарады. Осы бактериялардан нитрагин деп аталатын препарат даярланды.
Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гектарына 2—3 -ге дейін, ал шөп 50—60-ге дейін артатыны анықталды.
Соңғы жылдары Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институты қүрғақ нитрагинді өндірістік жолмен өндіруді жүзеге асырды.
Қүрғақ нитрагинді даярлау мынадай негізгі буындардан тұрады:
Бактерияларды анаэробты жағдайда өсіру;
бактериялар өсірілгеы қоректік ортаны машинада тартып, одан қоймалжың паста өндіру;
бактерияға бай паста үшін қорғаныш орта даярлап, онымен араластырып, артынан ,құрғату.
2.Азотобактерин
Азотобактеринді даярлаудың бірнеше тәсілдері бар, Әдетте лабораторияда және заводтарда агарлы азотобактерин даярланады .
Бұл үшін алдын ала қантты микроэлементтерді және борды суда ерітеді. Алынған ортаны қатты күйге .айналдыру үшін, 1,5 — 2%-тей агар қосады. Осындай коректік ортаны 0,2 — 0,5 литрлік сүт бөтелкелеріне құйып, залалсыздандырады да, сүйықты көлбей қатырады. Осы көлбей қатырылған ортанын бетіне азото-бактерді себеді. Бүдан кейін бөтелкелерді темпе-ратурасы +25 — 27° жерде 4 — 6 күндей үстайды.
Қөректік зат бетінде азотобактер қалың шырыш, түрінде өседі, кейін ол қара қошқыл түске айналады. Осындай бөтелкедегі азотобактер клеткасының саны 40 миллиардқа жетеді. Мұндай препараттарды үш ай ішінде қолдану керек.
3.Фосфобактерин
Топырақтағы күрделі фосфороорганикалық қосылыстарды және минерал фосфаттарды өсімдіктерге оңай сіңетін түрге айналдыруда микроорганизмдердің ролі зор. 1935 жылы Р. А. Менкина топырақтан осындай микроорганизмнің бір түрін тапты. Оны бациллус мегатериум фосфатикум деп атады. Бұл бактериядан фосфоробактерин деп аталатын тыңайтқыш даярланады.
Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп, топырақтағы нуклеин қышкылының құрамындағы фосфордың 86%-ін өсімдіктерге оңай сіңетін күйге айналдырады. Фосфоробактерин заводта өндіріледі. Ол үшің алдымен сұйық қоректік орта даярлайды да, оны ферментер деп аталатын арнаулы аппаратқа құяды
Достарыңызбен бөлісу: |