1. Егістік тәжірибелер нәтижелері бойынша тыңайтқыштардың нормасын анықтау


Тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділіктерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері



бет5/9
Дата05.05.2023
өлшемі41,71 Kb.
#90346
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тынайткыш колдану

15. Тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділіктерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері
1.Қосымша өнім мөлшерін анықтау. 1га егістіктен алынған қосымша өнім мөлшері (Утың) төмендегі формула бойынша есептелінеді:Утың = (Ун – Дтың):100, мұнда,
Ун - облыс, аудан және шаруашылықтағы нақты өнім, ц/га; Дтың - тыңайтқыштармен жүргізілген көп жылдық далалық тәжірибелердің мәліметтері бойынша анықталған, өнім құраудағы тыңайтқыштардың үлесі,%.
Тыңайтқыштардан алынған қосымша өнімділікті: өндірістік тәжірибелердің мәліметтерінен; қосымша өнім алуға жұмсалған тыңайтқыштардың шығыны нормативінен экономикалық талдаулардың материалдарынан анықтайды.
Тыңайтқыштан алынған қосымша өнім мөлшерін, шаруа- шылықта тыңайтқышсыз алынған өнімнің мәліметі болған жағдай- да ғана нормасы бойынша есептейді. Тыңайтқышсыз алынған өнім- ді тәжірибе мәліметтері бойынша анықтауға болады.
2.Минералдық тыңайтқыштардан алынатын қосымша өнім шығындарын (А) төмендегі формула бойынша есептейді
А = А тың + Ақ + А ж + Ас + Аш, мұнда,
Атың – ауыл шаруашылығына арналған баға бойынша ми- нералдық тыңайтқыштардың түрлі ассортиментін сатып алуға жұмсалған шығындар; Ақ - минералдық тыңайтқыштарды танапқа тасымалдау, дайындау, сақтау және еңгізуге жұмсалған шығындар; Аж - тыңайтқыштан алынған қосымша өнімді жинау мен тасымалдауға және өңдеуге жұмсалған шығындар; Ас - қосымша өнімді сатуға жұмсалған шығындар; Аш - жалпы өндірістік, жалпы шаруашылықтық және т.б. шығындар.
3.Минералдық тыңайтқыштардан алынатын таза пайданы анықтау. Шаруашылықта ауылшаруашылық дақылдарына қолданылған минералдық тыңайтқыштардан алынатын таза пайда (Пт) төмендегі формула бойынша есептеледі: Пт= (С+с)-А
мұнда, С- тыңайтқыш қолдану нәтижесінде алынған негізгі өнім құны, теңге; с - қосымша өнім құны, теңге; А - тыңайтқыш қолдануға байланысты, қосымша өнім үшін шығындар қосындысы.
4.Қолданылған тыңайтқыштардың рентабелділігі 1 жылға немесе тыңайтқыштың тікелей және кейінгі әсерлері кезеңіне есептеледі:
Р = ( -1) ∙100 ; Р = ( -1) ∙100
Р - рентабелділігі, %;
(С+с) - тыңайтқыш қолданудан алынған негізгі және қо- сымша өнім құны;
Σ (С+с) - тыңайтқыштың барлық әсер ету мерзімінде алынған қосымша өнім құны;
ΣА - тыңайтқыш қолдануға байланысты шығындардың қосындысы, тенге.
5.Тыңайтқыш қолдану нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының өзгеруін мына формуламен анықтауға болады
Со = ; Су = ; мұнда,
Со - тыңайтқышсыз алынған өнімнің өзіндік құны, теңге; Ао - тыңайтқышсыз 1 га жұмсалған шығындар, теңге; А - 1 га егістікке тыңайтқыш қолдану мен қосымша өнімді жинауға жұмсалған шығындар, теңге; Yо - 1 га тыңайтқышсыз алынған өнім; Yтың - 1га тыңайтқыш қолданудан алынған қосымша өнім.
6.Еңбек өнімділігі мынадай формуламен анықталынады: По = ; Птың =
мұнда, По - тыңайтқыш берілмеген танаптарда 1 адам-сағатқа есептелген еңбек өнімділігі, ц; Птың - тыңайтқыш қолданылған танаптарда 1 адам-са- ғатқа есептелген еңбек өнімділігі, ц; То - тыңайтқыш берілмеген 1 га танаптан өнім өндіруге жұмсалған еңбек шығындары, адам-сағат; Ттың - тыңайтқыш қолданылған 1 га танаптан қосымша өнім алуға жұмсалған еңбек шығындары, адам-сағат. По - тыңайтқыш берілмеген танаптарда 1 адам-сағатқа есептелген еңбек өнімділігі, ц; Птың - тыңайтқыш қолданылған танаптарда 1 адам-са- ғатқа есептелген еңбек өнімділігі, ц; То - тыңайтқыш берілмеген 1 га танаптан өнім өндіруге жұмсалған еңбек шығындары, адам-сағат; Ттың - тыңайтқыш қолданылған 1 га танаптан қосымша өнім алуға жұмсалған еңбек шығындары, адам-сағат.
7.Ауыспалы егістік дақылдарына қолданылған тыңайтқыштардың барлық әсер ету кезеңіндегі рентабелділігін (Р) мына формуламен өрнектеуге болады:Ρ = ∙100
мұнда, ΣC- ауыспалы егістікке қолданылған тыңайтқыштардан алынған өнім құндарының қосындысы, теңге;
ΣА - ауыспалы егістік дақылдарының қосымша өнімді- лігін жинау мен тыңайтқыш қолдануға жұмсалған шығындардың қосындысы, теңге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет