1.Егістік тәжірибелер нәтижелері бойынша тыңайтқыштардың нормасын анықтау Тыңайтқыштың нормасы-бір гектар егістікке бір жылға арналған тыңайтқыштың мөлшері.Белгілі бір тыңайтқышты қолдану нормасын анықтау үшін белсенді заттың көрсетілген мөлшерін 100-ге көбейтіп, алынған өнімді тыңайтқыштың белсенді затының пайызына бөлу керек.
2.Күріш дақылын өсіру жағдайлары және оған қолданылатын тыңайтқыштар Суармалы жерлерде егiлетiн астық дақылдарының iшiндегi күрiш қоректiк заттарға ерекше талап қояды. Тыңайтқыш қолдану басқа дақылдардан гөрi күрiш өнiмiнiң артуына көбiрек әсерiн тигiзедi.
Соңғы жылдары күрiштiң жалпы түсiмi артып келедi, оның басты себебi минералдық тыңайтқыш әсерiмен байланысты. Бүкiл дұниежүзiлiк ФАО бағдарламасының есебi бойынша кейбiр жағдайларда минералдық тыңайтқыш әсерiнен күрiш өнiмi екi есе артқан.
Қазақстанда күрiш Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарында өсiрiледi.
Республиканың кейбiр күрiш өсiретiн шаруашылықтары гектарынан 50 центнерден өнiм жинайды. Әрине, бұл күрiштiң түсiмi мол дақыл екенiн көрсетедi.
Күрiш топырақ құнарлылығына жоғары талап қоятын дақыл. Бiр тонна астық пен сондай мөлшерде сабан өнiмiн беру үшiн 22-25 кг азот, 10-15 кг фосфор және 30-35 кг калий пайдаланады.
Күрiш қоректену үшiн қажеттi элементтер топырақта жетiспесе оның өнiмi азаяды. Әсiресе, азоттың жетiспеуi күрiшке көбiрек әсер етедi; Фотосинтез процесiнiң өнiмдiлiгi төмендейдi, өсiмдiк сарғыштанып, түптенуi нашарлайды. Азот күрiшке вегетациялық дәуiрiнiң барлық кезеңiнде керек. Алайда, бiр өлшем құрғақ зат түзу үшiн күрiштiң бұл элементтi ең көп қабылдайтын мерзiмi-көктеу мен түтiк шығару аралығы. Күрiшке фосфор элементi де жан-жақты әсер етедi. Бұл элемент топырақта жетiспеген жағдайда өсiмдiкте ақуыздың синтезделуi нашарлайды, жапырағы жарылады, тамырлары нашар өседi, түптенуi кешiгедi, шашақ басының көлемi де кiшiрейедi. Айта кететiн жағдай, күрiшке фосфордың алғашқы кезеңiнде (көктеу) жетiспеуi, оның жақсы жетiлуiне кедергi келтiредi, ал кейiнiрек берген фосфор оның орнын толықтыра алмайды. Сондықтан, күрiштi фосформен бастапқы кезде қамтамасыз ету керек. Күрiштiң басқа дақылдардан өзгешелiгi ол суда еритiн фосфор қосылыстарымен қоса қиын еритiн фосфор, калий, темiр тұздарын жақсы сiңiредi. Басқа қоректiк элементтерге қарағанда күрiш топырақтан калийдi көбiрек алады. Әсiресе, түтiк шығару кезеңi басталарда калийдi көп керек етедi. Сондықтан күрiштi осы мерзiмде калиймен қамтамасыз етсе, соғұрлым тез жетiледi. Барлық тыңайтқыштардың iшiне күрiш өнiмiне неғұрлым көбiрек әсер ететiн азот тыңайтқышы. Қызылорда облысының шалғынды-батпақ топырағында азоттың жеке өзiн қолданғанда күрiш өнiмi 70 пайызға артты.
Күрiш суда өсетiн болғандықтан топырақтан азотты
аммоний ионы түрiнде сiңiредi. Күрiш үшiн ең қолайлы, пайдалы әсер ететiн аммоний сульфаты мен мочевина сияқты азот тыңайтқыштары.
Күрiшке баяу әсер ететiн азот тыңайтқыштарын (мочевиндi- формальдегидтi) қолданудың маңызы үлкен. Бұл тыңайтқыштар құрамындағы азотты өсiмдiк 2-3 жыл пайдаланады. Сондықтан баяу әсер ететiн тыңайтқыштарды көп мөлшерде (2-3 жылдық мөлшерi) сүдiгер жыртар алдында бiрден беру керек.
Күрiшке органикалық және жасыл тыңайтқыштарды қолдану оның өнiмiн едәуiр арттырады. Жасыл тыңайтқыш ретiнде асбұршақ, сиыр жоңышқа, соя сияқты дақылдарды пайдаланады. Күрiш ауыспалы егiсiнде органикалық тыңайтқыш (көң) мелио- ративтi танапқа гектарына 20-40 т есебiнде берiледi.
Алайда, күрiш ауыспалы егiсiнде әрбiр танаптың құнар- лылығын реттеу үшiн және дақылдардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн минералдық, органикалық тыңайтқыштарды ұштастырып пайда- лану керек.