1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы



бет57/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Байланысты:
1. Åæåëã³ ñàòàðäû äíèåòàíûìäû ñòàíûìäàðû ìåí ðóõàíè íäûëû

62. Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы.
Тәрбие берудің ең көрнекті құралының бірі, амал-тәсілі әдебиет үлгілері, көркем шығармалар болған. Онда көрініс табатын авторлық суреттемелер, жасалған образдар оқырманды ойға жетелейді, түрлі әсерге бөлейді. Тағылымдық, танымдық қасиеттер бой көрсетеді. Бұл орайда өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді. Бұл құндылықтар дарынды ақынның сөз шеберлігі, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Өр ұғым, өр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген.
Абайдың қай өлеңін, қай қара сөзін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (ар, ұят, намыс, иман, ақыл, білім, ғылым және т.б.) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынағанда оны жек көру тұрғысынан емес, керісінше адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды аңғартады. Бұл ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңілі толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін қадаған кемшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап, мінейді. Одан арылудың жолы ғылым, білімде екенін ескертіп, ел назарын соған аударады.
Абайдың пайымдауында адамның бойындағы барша ізгіліктің басы отбасынан басталады. Ақын отбасында ата-анадан алынатын тәрбиені өте жоғары бағалаған. Сондықтан да өмірге келген әр адамды адалдыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке, сұлулыққа апарар жол ананың сүтінен, ата-ананың пәрменді үлгісінен тамыр тартады деген ойдың желісі Абай өлеңдерінде айқын аңғарылады.
Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, қарттар мен қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан ол:
Адамның бір қызығы– бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім, – дейді.

Абай өмір жолын тануды білімге, ғылымға негіздеу керек дейтін қағиданы ұстанады:


...Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді», көңіл көзі қарақты, ойлы адамдарға үміт артып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге талпынуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармаларының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес жүйесінің бірі болды.
63.Абайдың «Адам бол!» қағидасының рухани-дүниетанымдық мәні мен сипаты.
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мəселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мəселесі жəне оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нəтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани əлеміне жақындай береміз. Хəкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абайдың рухани əлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мəселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше əрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мəнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Əуезов Абайдың: «ұстаздық, əлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын жəне бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тəрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дəстүрі мен рухани мəдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тəрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мəдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тəн кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тəжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ұлы данышпанды адам өмірінің мəні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мəселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. «Адам тəрбие пəні қақында» осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес келеді.

Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мəнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге əлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, əр нəрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет