Абай өлеңдеріндегі антропонимдер
Абай поэзиясы қазақ әдебиетінде кең зерттелген тақырыптардың бірі.
Дүние есігін аштым деген әр қазақ Абайды оқыса, таңырқаса, Абай туралы
жазса, ғылым жолындағы әр қазақ ғалымы Абайды зерттеп жазса, бұл
Абайдың қазаққа сіңірген, қазақты ел етем деген мұраттарының, еңбектерінің
жемісі.
Абай өлеңдеріндегі антропонимдердің берілу сипаттарына назар
аударсақ біршама ерекшеліктерді байқаймыз. Ол ерекшеліктер Абай
өлеңдерінің хронологиялық ретінен бастап, өлең ішінде аталатын кісі
есімдерінің сыртқы көрінісі мен ішкі мазмұнынан аңғарылады.
Абай бала шәкірт болған жылдары шығарған өлеңдерінен бізге
жеткендеріне назар аударсақ онда ақын араб-парсы тілдеріндегі әдебиетпен
сусындағанын көреміз. Үйренгені, түйгені мол бала шәкірт шығыс
поэзиясының шайырларын атап, олардан ақындықта үлгі болуын меңзеген
өлеңінде шығыс тілдерінің ықпалы молынан білінеді.
Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз – бу һәммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд [1. 36]
Мұндағы шығыс шайырларының есімдері ғана емес өлеңнің бүкіл
жолдары шығыс тілдерінен қазақ тіліне енген сөздер. Алайда Абай сол
сөздердің қазаққа сіңген нұсқасында емес сөздің шығыс тілдеріндегі айтылу
мәнерімен жазған. Сонымен қатар «Шығыс ақындарынша» деген өлеңінде де
Абай шығыс тілдерінің ықпалында болады. Мысалы,
Сүләйман, Ямшид, Искандәр,
Ала алмас барша мүлкига [1. 35].
Бұл жолдарда кездесетін антропонимдердің оқылуына мән берсеңіз
шығыстың үлгісі айқын білінеді. Мұның негізінде әуелгі не нәрсенің болмасын
асыл нұсқасын сол қалпы сақтау ниетінен туған шәкірттік албырттық жатса
керек. Ал ес жиып, ақыл тоқтатқан, кемеліне келген ақын қазақ тілін
шұбарлағандарға қас. Оларды сынап отырады. Ол жердегі кісі есімдері де
қазақы тіл нақышына сай. Мысал ретінде келесі өлең жолдарына назар
аударайық.
Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз» [1. 94]
Мұнда «Әзірет Әлі» – исламдағы төрт әділетті халифаның бірі. Қазақ
арасына Әзірет Әлі атымен кеңінен таныс. Ал есімнің араб тіліндегі асыл
нұсқасы аздаған өзгерістерімен қазақ тіліндегі «Ғали»
1
есіміне жақын. Сол
сияқты төрт халифтың бірінің есімі болған Ғұсман
2
халифтың есімі де «Оспан»
түрінде кездеседі. Әрі Абайдың інісінің аты да – Оспан. Оспанның өмірден
озғанына орай бар қайғысын өлеңге төккен ақынның топтама өлеңдерінің
бірінде:
Кешегі Оспан ағасы
Кісінің малын жемепті.
Мал сұраған кісіге –
Жоқ, қайтемін демепті [1. 137]
дейді.
Бұл өлеңдердегі антропонимдерден жалпы байқағанымыз Абайдың
алғашқы кездердегідей емес, сөздерді сұрыптап, қазақы сипатта жазуы еді.
Бұған себеп «Әзірет Әлі» – халифаның ел жадындағы бейнесі осы атау
төңірегінде түсінілсе, «Оспан» – халифа есімінің қазақ баласына көп
қойылатын нұсқасы, әрі Абай інісінің аты да Оспан болғандығы. Яғни,
Абайдың таза халық арасындағы қалыптасқан түсініктен ауытқымай, ел
арасындағы есімдерді сол қалпында таза беріп отыр.
Осы арада Абайдың шығыс шайырларын сол шығыс ықпалында
атауының бір ұшы осында ма деген де ой келеді. Әрине Абайдың кейінгі
өлеңдері тіл тазалығын сақтаудың сол замандағы озық үлгісі болуға керек.
Абайдың келесі өлең жолдарындағы антропонимдерге тоқталып өтсек.
Мұнда да араб кісі есімдерінің қазақыланған түріне кездесеміз.
Әбсәмет жиенің,
Ол – сенің біреуің.
Достығын достықпен
Өтемек – тілеуім [1. 152]
Мұндағы Әбсәмет – арабтың «
مصلادبعد
» (Абдуссамад) деген сөздің қазақ
арасына тараған түрі.
Мына үйде отыр Разақ,
Елдің жөнін айтар ма,
Шақырып алып сұрасақ. [2. 9]
Бал болатын бала бар,
Бал болар ма Рахымшал?! [2. 7]
«Разақ» пен «Рахымшалда» «Әбсәмет» секілді өзгеріске ұшыраған.
Мұсылман әдебінде кісі есімін Алланың көркем есімдерінің біріне «абд»
сөзін, яғни арабша «құл» сөзін қосып атайды. Сонда ол есім «Алланың құлы»
деген мағына береді. Бұл Алланың жақсы көретін есімдерінің қатарына
жатады. Раззақ – Ризықтандырушы, Рахым – Рахым етуші деген мағынадағы
Алланың көркем есімдерінен болса, Сомәдтің араб тілінде бірнеше мағынасы
бар. Құран Кәрімнің қазақша мағынасын жасаған Халифа Алтай бұл сөзді
«Мұңсыз» деп алады [3.]
Түңлікбайдың қатыны, атың – Шәріп,
Байға жарып көрмеген сен бір кәріп [1. 39]
«Шәріп» – қазақша қасиетті, құрметті, киелі деген мағыналарға келетін
араб сөзі. Қазақ тілінің дыбысталу заңдылығына сай өзгеріске түскен түрі.
Ескендір, Темір, Шыңғыстай
Мұсылманда атақты [1. 167]
«Ескендір» Абайдың «Шығыс ақындарынша» деген өлеңінде
«Искандәр» деп атағанын мақала басында айтып өттік.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл. [1. 62].
Ғұламаһи Дауани – Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде
аталатын өткен дәуірлердің танымал ғалымы. Мұнда тағы арабтың кісі есімін
атаудағы ерекшеліктерінің біріне ұшырасамыз. Ол кісіні туған жеріне немесе
тұрған жеріне байланысты атау. Сонда «Ғұламаһи Дауани» дегеніміз –
«Дауаннан шыққан ғұлама» деген мағынаға келеді.
Абай өлеңдеріндегі біз келтірген мысалдарда қазақ жеріне исламның
келуімен енген араб антропонимдерінің қазақы нұсқаларын атап өттік. Бұл
мысалдар арқылы Абай өлеңдеріндегі антропонимдердің шығыстан келген
және қазақтың төл мәдениетін танытатын есімдер екенін айқын аңғаруға
болады. Сондай-ақ, Абай өзінің «Интернатта оқып жүр» өлеңінде орыс
жазушыларының тегін атап өтеді.
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой [1. 62].
Демек біздер Абай өлеңдерінде кездесетін антропонимдерді шығыс
үлгісіндегі, қазақ үлгісіндегі және орыс үлгісіндегі антропонимдер деп үшке
бөліп қарастыра аламыз. Олай болғанда төмендегі кестеге назар аударайық:
Шығыс үлгісіндегі антропонимдер
Сүләйман, Ямшид, Искандәр, Фзули,
Шәмси, Сәйхали, Науаи, Сағди,
Фирдауси, Хожа Хафиз, Ғұламаһи
Дауани.
Қазақ үлгісіндегі антропонимдер
3
Түңлікбай,
Абралы,
Жақсылық,
Көкбай,
Көжекбай,
Назар,
Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау,
Бәкең, Лекер, Бітімбай, Аталық,
Қыздар, Дауылбай, Темір, Шыңғыс,
Қондыбай, Қанай, Әбіш, Мағаш,
Ескендір, Шәріп, Әзірет Әлі, Оспан,
Әбсәмет.
Орыс үлгісіндегі антропонимдер
Салтыков, Толстой
Бұл кестедегі қазақ үлгісіндегі антропонимдердің ішінде кездесетін
Әбіш – Әбдірахманды, Мағаш – Мағауияны қысқартып, еркелетіп атауынан
туған. Ол есімдердің түп тамыры арабта жатыр.
Абайдың «Қыс» өлеңінде аталатын Қондыбай, Қанай есімдері
жинақтарда, «Абай тілінің сөздігінде», басқа тілге аударылып басылғандағы
түсініктерінде әртүрлі берілген. Тіпті аудару барысында да сол әртүрлілік
байқалады. Бірінші кесте Қондыбай, Қанай антропонимдерінің кітаптарда
басылған түсініктерін салыстыруға арналады.
Абай. Екі томдық
толық шығ. жин.
«Абай тілі
сөздігі»
В.Рождественский
аудармасында
берілген түсінік
М.Султанбеков
жасаған
аудармасында
берген түсінік
Қондыбай, Қанай
– ру аттарымен
аталатын, жерінің
шөбін жылқыға
жалдайтұғын
ауылдар. [1. 186]
Қанай – Қанай
деген өзеннің
бойында
отыратын ауыл
аты. [4. 311]
Қондыбай – ру
аты. [4. 329]
Кондыбай и
Канай – соседние
аулы, с которыми
соперничал род
Тобыкты. [5. 95]
Кондыбай, Канай
– название родов.
[6. 20]
Бұл кестедегі ортақ нәрсе Қондыбай мен Қанайдың ру немесе ауыл атауы
екендігі. Сонымен қатар қазақ арасында Қондыбай, Қанай есімді кісілер де
кездеседі. Демек, бұл екі атауда белгілі бір рудың ішіндегі аталары болуы
мүмкін. Сондай-ақ, қазақ тұрмысында жеке-жеке ауылдар үлкен ру ішіндегі
аталардың
4
атымен аталады.
Бір «Қыс» өлеңінің бірнеше нұсқадағы аудармасы бар. Олардың
арасындағы айырмашылықты кестеден қарайық.
Қазақша. Абай
жазған асыл
нұсқа.
Орысша.
В.Рождественский
жасаған аударма
нұсқалары.
Ағылшынша.
Ричард Маккейн
жасаған аударма.
Ағылшын
тілінен қазақ
тіліне кері
аударма
Соныға малды
жайып,
күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес,
қайрат қыл, бұз
қамалды!
Ит жегенше
Қондыбай, Қанай
жесін,
Угоняйте на новое
место табун,
Не поспав, не
умрешь, надо быть
посмелей!
Все же лучше, чем
волк, Кондыбай и
Канай,
Деду мы не дадим
пировать средь
степей. [5. 95] [9.
It`s better to give
the horses to the
poor than to a
wolf.
See off empty-
handed this
harmful, evil old
man! [7. 270]
(Richard
Mc`Kayn, 1995,
2009)
Аттарды кедейге
берген қасқырға
бергеннен
жақсы,
Шығарып сал
бос қолмен
зиянды, жауыз
шал!
Құр жібер мына
антұрған кәрі
шалды. [1. 78]
83] [10. 96]
(В.Рождественский,
1954, 2008, 2009)
5
Угоняйте на новое
место табун,
Не беда, если вам
не придется
поспать,
Лучше вам с
бедняками
делиться скотом!
Не давайте волкам
средь степей
пировать! [8. 59]
[11. 27] [12. 23]
(В.Рождественский,
1981, 2002, 2003)
Абай өлеңдерін орыс тіліне аударған ақындар қатары көп, солардың
ішінде «Қыс» өлеңін аудармағаны тағы жоқ. Соның ішінде екі редакциямен екі
түрлі басылған В.Рождественскийдің нұсқасын арнайы келтірдік. Себебі 1954
жылғы редакциясы мен 1981 жылғы басылуында елеулі айырмашылық бар.
Бірінде Қондыбай мен Қанайды айтса, екіншіде жалпылама кедей деп
қолданған. Ал орыс тіліндегі барлық аударма нұсқаларында Қондыбай, Қанай
есімдері бар (М.Султанбеков, Ә.Қодар, Ю,Кузнецов, т.б.). Ал бұл есімдердің
түсіп қалуы мен жалпы кедей атаулыға телитіні орысшада осы
В.Рождественский мен ағылшын тілінде Р.Маккейндікі.
Қорыта келгенде, Абай өлеңдеріндегі антропонимдердің кездесуі мен
оның шет тілдеріне аудармаларының арасында елеулі айырмашылық бар. Біз
бір ғана «Қыс» өлеңіндегі Қондыбай мен Қанай туралы сөз еттік. Сонымен
қатар қазақ антропонимдері мен шығыс антропонимдерінен қазаққа сіңген
антропонимдер үлгілерін жан-жақты зерттеу мәселесі аса өзекті. Абай
өлеңдеріндегі антропонимдердің өзімен-ақ, біршама жайттың басын аштық
деп білем. Жалпы алғанда қазақ антропонимдерін зерттеу жолға қойылған.
Енді жекелеген қаламгерлер шығармаларындағы қолданылуы мен сол
шығармалардың шет тілдердегі аудармасындағы өзгерістер мен айырмашылық
бағытында жүргізілген зерттеулер қажет-ақ. Ендігі еңбек сол тарапта.
Түсініктер:
1.
бұл есім де қазақ арасында кең тараған.
2.
қазақ тіліне кең тараған есімдердің ішінен араб тіліндегі айтылуына
жақыны.
3.
Қазақ үлгісіндегі антропонимдерге араб тілінен енген, алайда қазақ
тілінің дыбысталу заңдылығына бейімделіп кеткен кісі есімдерін де
қостық.
4.
Қазақтың рулық жүйесі, ру ішіндегі бөліністер ескерілген.
5.
Жақшаның ішіне, аудармашы мен аударманың жарық көрген
жылдары жазылған.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы:
Жазушы, 2002. – Т.1. өлеңдер мен аудармалар. – 296 бет.
2.
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы:
Жазушы, 2002. – Т.2. өлеңдер мен аудармалар. – 296 бет.
3.
Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. / Халифа Алтай. –
Мәдина: Фаһд патша Құран басым комбинаты, 1991.
4.
Абай тілі сөздігі. – Алматы: Өнер, 2011. – 616 бет.
5.
Кунанбаев А. Избранные. – Москва: Гослитиздат, 1954. – 416 бет.
6.
Кунанбаев А. Безветренной ночью луна... (десять стихотворений) /
перевод с казахского Мурата Султанбекова. – Семей, 1992. – 32 с.
7.
Абай. Қара сөз. Книга слов. Book of Words. / Идея проекта, подборка
произведений, общий дизайн Р.Сейсенбаева; Перевела прозу Абая на
рус. язык: К.Серикбаева; Перевел стихи Абая на рус. язык:
Ю.Кузнецов; Перевел стихи и прозу Абая на анг. язык: Ричард
Маккейн. / текст печатается по изданию: EL Bureau, London, 1995. / –
Алматы: МКА, 2009. – 338 с.
8.
Кунанбаев А. Избранные. / перевод с казахского / составитель
М.Магауин. – Москва: Художественная литература, 1981. – 223 с.
9.
Абай. 20 стихотворений на трех языках. / сост. Г.Бельгер. / на
немецкий язык перевел: Леонид Кошут (Берлин) – Астана: Аударма,
2008. – 136 с.
10.
Абай. Я – человек загадка... / сост. Г.Бельгер. – Алматы: Аударма,
2009. – 504 с.
11.
Абай. Стихи, поэмы, проза / сост. Г.Бельгер. – Алматы: Мектеп, 2002.
(Серия «Слова седьмое»)
12.
Абай. Стихи. Слова назидания. – Москва: Русская книга, 2003. – 240
с.
Достарыңызбен бөлісу: |