58. Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уəлихановтың əлеуметтік прогресс идеясы Тəуелсіз Қазақстан тарихы үшін Ш.Ш. Уəлиханов – дəстүрлі қазақ қоғамының тарихы мен мəдениетіне терең бойлап, халқының болашақ дамуының, тарихта дербес дəрежеге жетуі мен прогрессивті дамуының стратегиясын анықтаған ұлтжанды тұлғаның үлгісі. Түркілер мен қазақтардың тарихы мен мəдениетін ауқымды көзқараспен шолып, оларды орыс зиялылары мен патшалық самодержавиесы үшін ғана емес, əлемдік ғылым мен мəдениетке танытуы Ш.Ш. Уəлиханов шығармашылығын қазақ халқының тарихи тағдыры үшін баға жетпес феномен ретінде бағалауға негіз болды. Қазақ халқы үшін отарлық тəуелділік жағдайында аса қажетті əлеуметтік прогресс жөніндегі мəселені ерекше өткірлікпен көтерген оның теориялық тəжірибесін бірқатар себептермен жаңа тарихи жағдайда қайта ұсынуға болар еді. Біріншіден, мұндай тəжірибе өзара мəдени ықпалдар мен мəдени қарымқатынастардың түйіскен тұсында пайда болды, сондықтан ол өзара түсіністік философиясы дискурсында жинақталған қазіргі көзқарастарға жақын тұрады. Екіншіден, шын мəнісінде, Ш.Ш. Уəлиханов өзінің шығармашылық мұрасында Қазақстанда қазіргі мəдениет пен саяси тəжірибе басшылыққа алып отырған қазақ даласындағы əлеуметтік прогресс түсінігіндегі еуразиялық ұстанымды айқындап берген. Үшіншіден, оның даму жағынан кенжелеген қазақ қоғамының əлеуметтік дамуының мəні туралы түсінігі халық тағдырына алаңдаулы қоғамның саяси элитасы мен озық өкілдердің саяси ұлттық сана- сезімінен бастау алған. Ресейдің ықпалды тап өкілдерінің қазақтарға деген мұндай қатынасы қазақ ағартушылары тарапынан наразылық туғызды жəне олар отарлаушыларды қатал сынға алды. Олар, шын мəнінде, Қазақстандағы патша əкімшілігі шенеуніктерінің тонау əрекеттерін қатты сынады. Зардап шеккен халықтың ауыр тағдырын жеңілдету жолдарын табу үшін шын ниетімен қам жеген Ш. Уəлиханов Ресейдің прогрессивті адамдарына үндеу тастап, күреске көмектесуді шақырды жəне олардан қолдау іздеді.
59. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу, білімнің маңыздылығы жайлы ойлары.Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара КОМИССИЯСында əскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен əкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, əрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық- педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін жəне интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан əрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Əсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тəсілін ұсыныс етеді. Нəтижесінде, 1888 жылы 10 сəуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан əрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кəіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары ушін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп интернат аштыруының тарихи мəн-маңызы зор болды.Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту əдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, əсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным- түсінігіне лайықты оқу-əдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің Балалар дүниесін, Л.Н.Толстойдың Əліппе жəне оқу құралын, Д.И.Тихомировтың Грамматиканың қарапайым Скачать курсын оқу құралы ретінде ұсынды.
Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны жəне нақты материалдары жағынан ана тілінің жəне халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның Қазақ хрестоматиясы атты оқулығы жəне дидактик. оқу мəселесі жөнінде Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.Ыбырай - жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады (Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыннан, Іздемей-ақ табылар). Автор оқу білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мəн берді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады (Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мəселеге келгенде, оның өмір ушін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді (Ата-енең қартайса, Tipey болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу). Жастарды өнер білім, тех-ны игеруге ундеу ақынның Өнер- білім бар жұрттар деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мəселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер- білімге шақырады