1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері мен олардың рухани-дүниетанымдық ұстанымдарының ерекшеліктері



бет58/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
73. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері мен олардың рухани-дүниетанымдық ұстанымдарының ерекшеліктері.Қазақ халқының тарихында XX ғасырдың бас кезіндегі Алаш зиялыларының алатын орны ерекше. Олар өз халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы күресті. Сол күрес жолында өздерін құрбан етті. Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы үшін күрескен қайреткерлер көптеп саналады. Олардың ішінде саяси-әлеуметтік көзқарастары жағынан шоқтығы биік тұрғандары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай. Мақалада осы адамдардың саяси-әлеуметтік көзқарастарына тоқталамыз. Бұлар қазақ халқының өмірінде үлкен із қалдырған ұлы тұлғалар. Ондай ұлы тұлғалар туралы Елбасы: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда адал орындаудан жал-тармағын адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұрттың азаматы болы қала бермек. Тарихтың қай кезінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген»,-деп көрсетеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов пен М.Шоқайдың көзқарастары бойынша бұрынғы хандық, әміршіл биліктердің барлығы Түркістан халықтарының тәуелсіздігі үшін қызмет істей алмайды. Себебі, олар бұл халықтардың саяси-әлеуметтік мешеулігін көздейді. Уақытша өкіметтің сыртқы істер Министрі А.Милюковтың пікірі бойынша, орыс империясын бұлжымас тұтастығында сақтау ұстанымы оған кіретін ұлттардың тәуелсіздігінен әлдеқайда қымбат екендігі. Жоғарыда аталған Алаш зиялылары саяси ой саласында демократиялық бағыт ұстаған адамдар. Олардың демократиялық ойлары тек ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізумен шектелмейді, келешекте өз халықтарына дербес автономия немесе дербес мемлекет құруды көздеді. Ә.Бөкейханов жетекшілік еткен «Алаш» партиясы мен Алаш автономиясы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық мемлекет құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық жән халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Бұл принциптер большевиктер мен Кеңес өкіметінің ұлттық мемлекет құрудағы принциптеріне қарсы болды. Сондықтан алаштықтар Қазан революциясын, Кеңес өкіметін қолдамады, қарсы шықты. «Алаш» партиясы бағдарламасының «Мемлекет қалпы» деп аталатын І-тарауында былай де жазылды: «Россия демократическая, федеративная республика болуы Үкімет басында учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша келісімді жылға сайланатын Президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу. Депутаттар тегіс, тең тете, һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хақында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болады. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығаруы һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап, іс тексеруі, запрос (сұрау) жасаухұқы да Г.Думада болады. Мемлекет салығы Г.Думада салынбау» [2]. Ә.Бөкейханов өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласында Кадет партиясының жерді жеке меншікке беру мәселесі, ұлттық автономияны қолдамайтындық көзқарастарымен келіспейтіндіктен шыққандығын айтады. Таптық жіктелу мен пролетариат диктатурасына сүйенген Кеңес өкіметінің халыққа бостандық пен еркіндік әпермейтіндігін, ұлттық мемлекет құрмайтындығын, 13 еркіндік, теңдік, бостандық, әділеттілік туралы Кеңес өкіметінің айтқандарының даурықпа сөз екендігін алаш зиялылары дер кезінде байқап, ондай өкіметті қолдамады, қарсы шықты. Ондай өкіметке Алаш зиялылары ұлттық тұтастық пен халықтың бірлік принципін қарсы қойды. Отарлық езгіндегі қазақ сияқты халыққа ол кезде таптық жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу дұрыс екендігін Алаш жетекшілері түсінді. Ә.Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ, қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ, болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң 200 жылда, басына бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!» деп бірігуге ұлттық тұтастыққа шақырды.Алаш зиялыларының «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» автономиясындағы жұмыстары осы ұлттық бірлік пен тұтастыққа жетуге, ұлттық мемлекет құруға бағытталған. Қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресте сіңірген зор еңбегі үшін Ә.Бөкейхановты «Алаштың Әлиханы» де еркелете атады Ә.Бөкейхановтың ұлттық мемлекетті құру жөніндегі көзқарасы мынандай ұстанымдарға сүйенеді: бірінші ұстанымы - Алаш ұлттық демократиялық болуы керек. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі қажет екінші ұстанымы - Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі керек; үшінші ұстанымы - қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киіліуі керек; төртінші ұстанымы - қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитет! өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек; бесінші ұстанымы - ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру. XX ғасырдың ұлы реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлтының ғылымының негізін салушы, ақын-аудармашы, түріктанушы, лингвист- ғалым Ахмет Байтұрсыновтың қазақтың ұлт-азаттығы мен бостандығы үшін күресінде орны ерекше. Саналы өмірін қазақ жұртының азаттығы, жері, тілі, діні, ділі жөніндегі мәселелерге арнаған Ахмет, өз өмірінде 5 рет сотталып, 2 рет жер аударылған. А.Байтұрсыновтың саяси-әлеуметтік көзқарасындағы басты мәселелердің бірі - құқықтық мемлекет мәселесі. Ол құқықтық мемлекет қандай принциптердің негізінде құрылу керек деген мәселеге көп көңіл бөлді. Оның пікірінше, қазақ мемлекетшілігінде кәсіптік, рухани деңгейі жоғары, сайлаушылардың талабынан шығатын сауатты парламент құру керек. Ахмет құқықтық мемлекетте өкіметті, әсіресе, парламентті қалыптастыруда, қазақ елінің аса ұқыптылықпен қараудың керек екендігін талап етіп, кәсіптік негізде Заң шығаратын, билік жүргізетін азаматтарды сайлауды жан-жақты жақтайды. Ол былай деп көрсетті: «Сайлау көп үшін берілген нәрсе, көп пайдасын көздеп сайланса...тексеріп, таңдап сайланса, сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, зарары қаралмай «мынау туғаным-туысқаным, я құда-құдағайым» деп, яки «мынау анадан пәлендей сомды артық беріп тұр ғой» деп сайланса, ол сайлау емес, құр талас, я сауда»XX ғасырдың басында қилы саяси жағдайда қалыптасып, шыңдала түскен ұлт зиялыларының бірі - Мұстафа Шоқай. Ол - Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. М.Шоқайдың азаттық, теңдік, еркіндік, әсіресе ұлт бостандығы жөнінде өз көзқарастары болды. Ол саяси қайраткер ретінде большевиктерге қарсы бағыт ұстады, олардың Қазақстан мен Орталық Азиядада жүргізген ұлт саясатының сыңаржақтығын, терістігін әшкереледі. М.Шоқай большевиктік саясаттың патша үкіметінің саясатынан еш айырмашылығы жоқ екендігін, соның жалғасы екендігін түсініп, оған қарсы шықты. Оның пікірінше, 1929 жылы Қазақстанда Переселен басқармасы ашылып, бүкіл республика көлемінде патшалық билік тұсындағы қоныс аудару жүйесі қайтадан қалпына келтірілді. Переселен Басқармасының ашылып, ішкі Россиядан орыс шаруаларының қоныс аударуының жаңа кезеңінің ашылуы, көшпелі қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа аударумен бір мезгілде жүруі де, әрине, кездейсоқ емес-тін... Жерге бекіту арқылы орыс шаруаларының иелігіне өтуге тиіс «артық» жерлерді неғұрлым көбірек шығаруды армандаған отаршылдардың патша заманынан бері келе жатқан арманын Кеңес өкіметі, бір-ақ қаулымен орындай салды. М.Шоқай большевиктердің Түркістанда пролетариат диктатурасын жариялауын, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне сәйкес келмейтін, қисынсыз, жасанды саясат деп есептеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет