2 Ежелгі сақтар өнеріндегі мифологиялық дүниетаным көрінісі. Әлемдік тәртіп және оның құрылымы Сақ ісмерлерінің тастың жұмсақ түрлерінен құрбандық жозыларын жасап, оларды ғажайып ою-өрнектермен әспеттейтін. Түрлі-түсті асыл тастардан - сердоликтен, халцедоннан, ақықтан, ферузадан сақтың зергерлері моншақ - таналар жасаған. Дүниежүзілік мәдениеттегі әйгілі көріністердің бірі - сақ өнері. Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келді,әрі ежелгі құл иеленуші мемілекеттердің әскери өнерінің мамуы-на езіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтардың әскери өнерін зеттей келе,олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді.Сақтардың негізгі қаруы садақ пен ұзын найза болды. Сақ садақтары екі сеппелі бөліктен тұрды: сыммен жалғастыры-ла тартылған қос мүйіз.Геродот айтқандай,сақтар садақты кеудесіне емес,иығына койып атқан, олар оң иыққа да, сол иыққа да қойып ата берген. Сақ жауынгері – ол атты садақшы Авдиевтің айтуынша, оның күші – «жебе де, қорамсаппа және болдыруды білмейтін жүйрік атта». Садақ пен найзадан басқа, сақтарда қысқаша қылыш және арқан болды.Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан, сауыт, бас киім болды. Қалқан шағын ғана болды, теріден жасалды. Сауыт алғашында мыстан, кейіннен темірден жасалды, денеге тиіп тұрады, бірақ жауынгердің қимыл қозғалысына кедергі жасамады.Сақ әскерлері жеке топтан рулық топ тұрды.Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдану үшін қосымша күш жұмсалды. Негізгі мақсат майданның тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады, жаяу соғысқан жоқ.Сақтар, негізінен өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс, әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап жауынның есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда сақтар жауын толық талқандағанша қуалап толық жойып жіберуе ұмтылды. Ал жеңіске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді.Сақтарда үнемі жайылым жетіспеді. Олардың күшін әлсіреткен ең басты нәрсе тайпалар арсындағы қақтығыстар болды. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірі Митра «Авеста - Уәста» сөзіне жүгінсек, төрт ат жегіп шығады екен. Аттарға Сурья, Яма, Агни, Индира секілді құдайлардың қатынасы болған. Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Үнді-иран халықтарының қиял аңыздарында Күн аспан көкте төрт бүркіт зымыратып алып жүретін дөңгелекті күйме түрінде көрінеді. Сақтардың әлемінің (космостық) құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Космостағы тәртіп оларға арт түсінігіндей болып көрінген, сақтар оны Күн, Күн күйме деп ойлаған. Әлемдегі тәртіп, үйлесімі - гармония, олардағы бір нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар екен, әлемнің үлгісі - моделі оларға үш дүниенің - жерасты дүниесі -төменгінің, белорта дүниесі - жердің және жоғарғы дүние - аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің төрт жағы - сол, оң, алғы және артқы жақтары болған