29. Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі және оның әлеуметтік-этикалық мазмұны. «Бірінші шарт - дана болу. Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар (басшы, Д. Ы.) белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу. Үшінші - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші адамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету. Төртінші - бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс-әректінде ол халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс. Бесінші - бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, олардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу. Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп алу». Ғұлама «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс...» (сонда, 356-бет)-деп, негізгі ойын нығарлай түседі. Сонда ең таңдаулы, кемелдікке жеткен бақытты адам қандай адам? 29)Бұл сауал - адамзат қоғамын Адам-ата жаралғалы бері ойландырып келе жатқан мәңгілік мәселе. Әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөзлері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» секілді еңбектерінде осы мәселеге тереңдей барып, күні бүгінге дейін өзінің құнын жоймаған бағалы пікірлер айтты. Жаһанданудың салдарынан әлем дағдарысқа, тоқырауға ұшырап отырған мына заманда Әл-Фарабидың гуманистік идеяларға негізделген ғылыми ой-пікірлерінің өміршеңдігі көрініп тұр. Әл-Фараби өмірге келген әрбір адам бақытты болу үшін өмір сүреді дейді: «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат...» (Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, «Ғылым», 1975, 3-бет), «Жан біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке жету үшін жаралған, ол бұған өзіне тән болмыс сатысына сәйкес жете алады» (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, 1973, 347-бет). Адамның бақытқа жету жолындағы күресінде үш түрлі жағдайды басынан өткереді. Олар: «1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан эффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды».