Тақырыбы: Кім тапқыр Мақсаты: Сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау; Көрнекілігі



Дата24.05.2023
өлшемі18,47 Kb.
#96760
түріСабақ

Тақырыбы: Кім тапқыр

Мақсаты: Сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау;  
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар 
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру 
Кіріспе сөз : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сыныпта «Кім тапқыр» атты сайысымыз болады. Сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
Сайысымыз 6 кезең тұрады. 
1 – кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ» демекші бірінші сайысты бастайық.
Тапқырлар тобына Б әріпі беріледі. Сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы керек.

  1. Суды немен ішесің?

  2. Сенің досың кім?

  3. Сенің есімің кім?

  4. Бүгін сенде неше сабақ?

  5. Қандай тағам ұнатасың?

  6. Арманың не?

  7. Қай көшеде тұрасың?

  8. Балаларға арналған журнал?

Алғырлар тобына М әріпі беріледі.Сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.

  1. Қай ауылда тұрасың?

  2. Киноға кіммен барасың?

  3. Тақтаға немен жазасың?

  4. Сүйікті пәнің?

  5. Сенің есімің кім?

  6. Сенің көршің кім?

  7. Қандай ертегі білесің?

  8. Сені кім оқытады?



2 – кезең «Ойлан тап»
Екі топқа бірдей арнайы сөз шығады. Сол сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құру.
Экранда «Сайқымазақ» сөзі шығады.1 минут ішінде қай команда көп сөз жазады, сол топ женіске жетеді.
3-кезең «Мақалды жалғастыр…»
Көп сөздің тобықтай бір түйіні бар,
Мақал сөзде көп сөздің түйіні бар.
Көп сөйлеп ауызыңды ауыртқанша
Мағынасын мақалдың ұғынып ал,-дей келіп мақал сайысына кезек береміз:

  1. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.

  2. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

  3. Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің.

  4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

  5. Үлкенге – құрмет, кішіге міндет.

  6. Еңбектің наны тәтті,т жалқаудың жаны

  7. Дұшпан күлдіріп айтады.

Дос жылатып айтады.

  1. Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын.

  1. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

  2. Білекті бірді жығады ...... (білімді мыңды жығады)

  3. Өнер алды ...... (қызыл тіл)

4-кезең « Кім жылдам»
Сурет құрастыру

5-кезең«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» «Жұмбақ шешу!»
Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,
Астарын сөз бұйдалап суреттеген.
Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,
Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем
1. Ортасында шегесі ,
Жіп-жіңішке денесі ( қалам ,ручка)
2. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан 
Көшіріп жазып аламын. (тақта,доска)
3. Үш қазық,екі желі,тоғыз ноқта ,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл ,сөзге жүйрік болғанмен,
Не пайда үндемейді адам жоқта .(домбыра ,домбра)
4. Іште елу батыр,
Сыртқа шықса өліп жатыр. (шырпы ,спичка) 
5. Тұмсығымен қозғалар 
Соңында аппақ із қалар. (бор,мель)
6. Ұзын,ұзын,ұзын жол 
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қала су,
Түбіне жеткен бар ма екен? (білім ,знание)
7. Іші –жұмсақ,сырты-қытты,
Еті-қызыл, сүті-тәтті. (қарбыз,арбуз)
8. Сөзі-дана,сүні жоқ.
Сөйлемейді .тілі жоқ.
Қолына алсаң,шешен 
Ақылы асқан көсем. (кітап, книга)
9. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар .)қырыққабат, капуста)
10. Есек құлақты,
Мысық аяқты
Түйе ерінді
Ешкі құлақты (қоян, заяц)
6-кезең Топ басшысы

10

20

30

40

50

60

70

80

90


1.Қазақ тың үш биін ата
2.Қазақстан рәміздерін ата?
3. Қазақ ғарышкері кім?
4. Құстар қалай көбейеді?
5.Жеңіс күні қашан тойланады?
6. Қандай мектепте оқисың?
7. Жеміс неден пайда болады?
8. Бір жылда неше ай бар

9.Ең үлкен екі таңбалы сан қанда?
Қорытынды. Бүгінгі «Кім тапқыр» атты сайысымыз аяқталды.Ендігі сөз қазылар алқасына береміз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет