1 Ежелгі Шығыс елдеріндегі тәрбие және мектеп жүйесіне салыстырмалы таблица жасау



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі466,49 Kb.
#139664
  1   2   3
Байланысты:
№1


Тапсырмалар:
1 Ежелгі Шығыс елдеріндегі тәрбие және мектеп жүйесіне салыстырмалы таблица жасау.
2. Спартандық және Афиналық тәрбие жүйесін жасаңыз.
3. Таңдауыңыз бойынша Рим ойшылдарының (Сенека, Цицерон, Квинтилиан) педагогикалық идеяларына сипаттама беріңіз.
2-тапсырма Ежелгі Греция — көптеген құлиеленуші мемлекеттерді— полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) — Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әр қайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы зандьшықтарымен, екінші жағынан, сол елдің даму ерекшеліктері мен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашьшықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ежелгі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құлиеленуші мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілік еді. Құлдар мұнда мемлекеттің жекеменшігіне айналды. Спартандық жөне афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық жене саяси дамуының және мәдениеті жағдайыньң кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екеуі де құлиеленуші мемлекеттер болғандықтан, қоғамдық тәрбие жүйесі тек құлиеленушілердің балаларын оқыту мен тәрбиелеу ісіне мән берді. Бүл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатын. Сондықтан да Спарта мемлекетіңде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Афинаның жағрафиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ежелгі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады. Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық қүрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгеше болды. Сонымен қатар тәрбие жөне білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тербиесі мен білім беру жүйесінің мақсаты әскери жауынгер даярлау ғана емес, одан гөрі білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу еді. Афиналық тәрбие жүйесі б.з.д. V-VІ ғ. төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісін де көмек көрсетті. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырды (олар негізінен үй шаруашылығына үйретілді). Ер балалар 7 жастан бастап, үйде жекеменшік мектептергс қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебке (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра мектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 жыл жаттығулармен айналысады. Полестра мектебінде жаттыгулардан басқа оқушылармен саяси жөне адамгершілік тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты отбасылардан шыққан жастар кейіннен мемлекет басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін олар әскери қызметке даярланады, онда әскери дайыңдығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді. Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар Спартада да, Афинада да құлиеленушілердің балалары дене еңбегіне қатыстырылмады. Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қандай болмасын қолөнердің түріне үйреңді. Спартада да, Афинада да құлдардың балалары білім алуға мүмкіншілігі болмады.
3-тапсырма
Цицерон өзін грек философиялық теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын адамы, “татуластырушы”, “тәртіп сақтаушы және қамқоршы” адамның үлгісі деп есептеді. Философиялық идеалы — теориялық скептицизмді практикалық стоицизммен біріктіру, шешендік идеалы — “молшылық”, тыңдаушыны қызықтыра да, сендіре де, еліктіре де алатын барлық құралдарды меңгерген. Цицерон шығармаларынан (үзінділерді есептемегенде) сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практик. философия, теор. философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психол. құжат, латын ауызекі тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты сақталған.

1-тапсырма



Египет мектебі

Үнді мектебі

Қытай мектебі

Көне египетте көп сөйлемейтін, тағдырдың жазғанына шыдамды, яғни тұрақты адам идеал болып саналды. Оқушы тыңдауды үйрену және мүлтіксіз орындау керектігіне үйретті. “Тыңдау- адамның ең жақсы қасиеті.” деген афоризм қолданылды.
Жақсы нәтижеге жету үшін, жазалау әдісін қолданды. Мұғалім “Маған назар аудар, мені тыңды, айтқанымның бәрін есіңде сақта” деп айтады. Алтын ережесі осы болды.Көне Египетте оқуын бітірген бала кем дегенде 700 иероглиф біліп, оларды айыра білу керек болды. Математиканы, географияны, астрономияны,медицинаны басқа елдің тілін меңгеру қажет екені айтылды.

Ежелгі Үнді тарихы б.э 12 ғасырда 2 дәуірге бөлінді. 1.Дравидтік-Арийлік
2. Буддистік
3. Шетелдік
Б.з.д 2-мыңжылдықта Үнді жерінде дравидтік тайпалары Пащ болған. Бұл тайпаларының 4 негізгі каста болды
1. Брахмандар
2. Кшатрийлер
3. Вайшийлер
4. Щудралар
2 білім берілді: бастауыш және аграхар (жоғары деңгейлі білім)

Ең алғашқы мектептері б.з.д 3-мыңжылдықта ашылған. Екі мектеп болды: ЕЯН және СЮЙ. Еян мектепте үлкен, кішілер білім алды. Сюй мектепте әскери білім берілді. Ол жерде 6 пән үйретілді: өнер, мораль, хат, музыка, садақпен ату, санау, тайды қолдану.
Жоғары шендегілер үшін госюэ астанада болды. Сәл төмендеу сатыдаға адамдар сансюэ мектептер қалаларда болды.
Ең алғашқы иероглифтік жазулар тасбақаның панцерінде жазып үйренді. Конфунций Қытайда өз мектеп ашты, 3000 оқушы біілм мен ғылымның негізін салушы болды.



№2 БОӨЖ
Тапсырмалар:


1.Орта ғасырдағы білім беру ісі генезисінің ерекшеліктері.
2. Конфуцийдің оқу тәрбиеге байланысты еңбегін конспектілеу.
3. Қорқыттың «Қорқыт ата кітабы» еңбегін оқып, танысу және талдау жасау.
2-тапсырма Конфунций Қытайда өз мектеп ашты, 3000 оқушы біілм мен ғылымның негізін салушы болды. Еңбектері Лунь Юй, Беседы и суждения, әңгіме және әңгімелесу, книга обрядов, об учении трактаты бар. Негізгі мәселелр тәрбие сипаты діни, нағыз адам, жан-жаөты дамыған тұлға. Мектеп типтері - төменгі және жоғары мектеп.
6 өнер: мораль, санау, музыка, жазу, ату, атпен жүру. Конфуций ойынша тәрбие мақсаты: идеал адам жан-жақты дамыған тұлға адамгершілік, әділдік, адалдық, ізгілік, үлкенді құрметтеу, мораль, шынайылық, тектілік деп есептеді.
3-тапсырма «Қорқыт ата кітабы» – түбі бір түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігер­лерінің бірі, адамзаттың асыл мұрасы ретінде әлемдік дең­гейде зерттелген туынды. Не­гі­зі­нен батырлық жырлардың жи­­нағы болып табылатын бұл жаз­­ба мұраның Дрезденде және Вати­канда сақталған негізгі екі нұс­қасы, сонымен қатар үшінші – Дрез­ден нұсқасының көшірмесі саналатын Берлин нұсқасы бар. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор,Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз,Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстем|Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата).

3 срсп
1. Германиядағы гимназиялар, Франциядағы коллеждер, Англиядағы грамматикалық мектептер ара жігін ажыратып, байланысы мен айырмашылығына сипаттама беріңіз.


2. Туысқандық мектептер, академиялар сабақтастығы жөнінде мүмкіндігінше фактілерді іздеп табыңыздар.
Германияда мектептің мынадай түрлері бар: негізгі мектеп (Hauptschule) шынайы мектеп (Realschule) Осының қорытындысы бойынша жоғары мектепке (Gymnasium), кейін унверситетке түседі. Нәтижесінде орта білім туралы диплом беріледі. Жекеменшік мектептердің басым бөлігі діни, зайырлы бағытта жұмыс істейді, азаматтығы жоқ адамдар тек осы мектептерде білім ала алады.
Франциядағы колледж негізінен мектеп сияқты ұйымдастырылған, бірақ онда полупансион және кейде интернат деп бөлінуі кездеседі. Полупансинода балалар түс мезгілінде түскі тамақ ішеді. Ал, интернатта оқыса, апта бойы колледжде болып, тек аптаның соңында ғана үйлеріне барады. Колледжде білім 2 циклден тұрады, аралары 2 жыл: 6-5 сынып; бақылау немесе обзорный цикль; 4-3 сынып бағыт көрсету.
Англиядағы грамматикалық мектеп ол рта мектептің бір түрі, бұл мектептерде үш пайыз оқушылары оқиды, оқушылар толық теориялық білім алады, өздері қалаған тілдер мен пәндерді таңдайды. Он алты жасында олар мектепті бітіреді де, оқушылар білімдерін жалғастырудың бірнеше жолы бар.

4 срсп
1- тапсырма XIX ғасырдың біріншіжартысындағы Ресейдегі мектеп пен білімінің мемлекеттік жүйесі. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстың ыдырауы күшейе түсті. Осы кезеңде таққа отырған Александр I мемлекетті билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Оның мектепті өзгерту саясаты екі кезеңнен тұрды. Ол 1815 жылға дейінгі мектеп ісін ұйымдастыруда ағартушылық бағытты ұстанды. 1816 жылдан бастап білім беру саясатында реакцияшыл бағыт күш алды. 1802-1804 жылдары халыққа білім беруді қайта құрудың бірінші кезеңі басталды. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрылды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды. 1803 жылы Халық ағарту министрлігі “Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін” жариялады. Бұл “Ережелер” бойынша бүкіл Ресей 6 оқу округтарына бөлінді, әр оқу округын мемлекет шенеунігі – оқу округының попечителі басқарды. Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтық жүйесі құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет