«Әлеуметтану және саясаттану негіздері»
Тақырып 1. Әлеуметтану ғылым ретінде
Дәріс 1. Әлеуметтану ғылым ретінде
Әлеуметтану дербес ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасты. Оның негізін салушы француз философ-позитившілі Огюст Конт (1799-1857) болып есептеледі. Өзінің 1830 жылдан бастап 1842 жылға дейінгі кезеңде жарияланған, әйгілі бес томдық «Позитивті философиясында» Конт бес ғылымды: астрономияны, физиканы, химияны, физиолгоияны (биологияны) және әлеуметтік физиканы немесе әлеуметтануды қарастырды.
Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд «Әлеуметтануға кіріспе» еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу»
Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасындағы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798 – 1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер, К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер және т.б.) мен Американың (А.Смолл, Дж.Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.
Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты:
Микросоциология адамдардың күнделікті өмірдегі қатысын, олардың өзара әсерін зерттейді.
Макросоциология қоғамның ірі үлгілеріне, құрылымына айрықша назар аударады.
Социология қызметі:
Теориялық
Танымдық
Ақпараттық
Практикалық
Сипаттамалық
Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану — әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.
Дж. Херд : «Әлеуметтану – бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі жол ”
Қоғам — мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы.
Ашық қоғам – динамикалық әлеуметтік құрылыммен, жоғары ұтқырлықпен, жаңашылдықпен, сыншылдықпен және индивидуализммен сипатталатын қоғам түрі. Мұнда адамға өзінің дүниетанымы мен адамгершілік құндылықтарын таңдау мүмкіндігі беріледі. 1
Жабық қоғам - бұл әлеуметтік мобильділік шектеулі немесе толығымен тыйым салынған қоғам түрі. Мұндай қоғамда адамдардың әлеуметтік баспалдақпен көтерілуіне және төмен түсуіне кедергі болатын қатып қалған әлеуметтік құрылым болады. Мысалы, буржуазия плебейлер деңгейіне түсе алмайды, сонымен қатар ақсүйектерге жақындай алмайды.
Бұл ұғымдарды австриялық және британдық философ және социолог К.Поппер енгізген
Әлеуметтану зерттейді:
біздің өз мінез-құлқымыз;
біздің мәдени деңгейіміз;
адам еркіндігінің дәрежесі;
адамның әлеуметтік институттардың ішіндегі орны және т.б. туралы мәселелер бар.
Әлеуметтану пәнінің объектісі: адам, қоғам, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік қатынастар және өзара әрекеттердің жиынтығы.
Әлеуметтік және саяси институттар — қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі.
Әлеуметтік және саяси институттар — ол отбасы, мемлекет, оның органдары (парламент, президент, үкімет, сот), партиялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері, зауыттар, банк жүйесі, базарлар, ғылыми және мәдени үйымдар мен мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, дін және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |