1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау. Әкімшілік жаза және әкімшілік – құқықтық ықпал ету шаралары


Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету



бет3/5
Дата29.11.2022
өлшемі120,61 Kb.
#53574
түріКодекс
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сейсенова Нурсая 14

Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету

  • Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын өрескел бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, - жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
  • әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
  • денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лицензиядан немесе лицензияға қосымшадан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру

  • Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру
  • 1. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:
  • 1) қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;
  • 2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;
  • 3) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;
  • 4) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу -
  • жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет