1 Әл Фарабидің философиясына талдау жасау


Н.Ә.Назарбаевтің болашаққа бағдар мақаласына талдау жасау



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі43,62 Kb.
#132674
1   2   3   4
Байланысты:
философия бөж

2. Н.Ә.Назарбаевтің болашаққа бағдар мақаласына талдау жасау
Ежелгі түркілер мен қазақтардың тарихи мұрасы рухани код, өзіндік мәдени идентификация, қасиетті орындар, туған жерге деген құрмет ретінде ұлттық метақұндылықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында негізге айналып отыр. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда Мәңгі Ел, Алаш идеясы Президентіміздің Рухани жаңғыру бағдарламасымен сабақтасып жатқаны сөзсіз.
«Егемен Қазақстан» газетінде ҚР Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауы жарық көрді.Бағдарламаның мəтінімен таныса отырып «Дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз, тарихымыз мен мәдениетіміз сақталуы керек»-, деген идеяның басты назарға алынғандығын көру қиын емес. 
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; Ұлттық бірегейлікті сақтау; Ұлттық сана туралы; Прагматизм деген бағдарламаның тақырыпшаларында кеңестік биліктің жүргізген саясатының сақталған көріністерінен құтылу идеялары көтеріледі.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, қазақ халқының тағдыры бірнеше кезеңді басынан кешірді. Соның ішіндегі ең елеулісі Ресей Империясының отаршылдық саясатымен байланысты болды. Ал бұл фактор өз кезегінде туындап жатқан тарихи жадымыз бен орныққан тарихи санамыздың бұрмалануына ықпалын тигізбей қоймады. Осы себептерге байланысты біз маригиналды санаға ауысқан халықпыз(маригиналды- өз қалыптасқан ортасы мен санасына, мəдениетіне сыртқы фактордың əсер етуі арқылы əртүрлі əлеуметтік топтар мен мəдени типтердің арасында қалуы). Бұл құбылыс халқымыздың ұлттық санасына, дүниетанымы мен өзіндік тарихи тəжірибесіне əсерін тигізді. Əр халықтың тарихи тəжірибесі оның тарихын қалыптастыратын ерекшелік формасы. Себебі, барлық халықтың ғасырлар бойы жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырылатын өзіндік тəжірибесі болады жəне соның көрінісі тарихында да байқалады. Ел басымыздың көтеріп отырған жолдауының «Рухани жаңғыру» деп аталуының өзі осы мəселелерді шешуге, бұрынғы тарихи тəжірибемізді қалпына келтіруге жасалған қадам болып отыр деп есептеймін.
Қазіргі біздің қоғамда өз ойларын ашық, нақты білдіріп, халықты бастай алатындай «Интеллигенция» өкілдері аз. Бұған да Империяның жүргізген саясаты елеулі дəрежеде ықпалын тигізген еді. Əсіресе, Алаш қайраткерлерінің идеяларын халыққа жат, ұлтшыл деп айыптап, оларға «шина» жалғауын қосып келемеждеп, жасаған тұжырымдары мен еңбектерін қаралап, қуғын-сүргінге ұшыратып тастады. Нəтижесінде елде қорқыныш сезімінің сарқыншақтары сақталып, тіпті өз көзқарастарынан айнып, кеңес идеологиясының негізінде зерттеулер жүргізіп, тарихты бұрмалай бастады. Қазір сол интеллигенция өкілдерінің халыққа қызмет ететін кезі келді. Алдымен солар «рухани жаңғырудың» мəнін халыққа түсіндіріп, оны жүзеге асыруға алғашқы қадамдарын жасау қажет. 
Бүгінде әлемдік жаһандану үрдісі, көптеген ұлттарды тамырымен жұтып жіберетін вирус тәрізді дейтін болсақ, сол вирусқа қарсы тұратын бірден-бір вакцина - ол рухани дүниемізді қайта жаңғырту. Ұлттық құндылықтар - ол халқымыздың иммунитеті. Кез келген вирусты иммунитеті күшті ағза жеңе алады. Сондықтан да, ұлттық кодымызды сақтап, генетикалық тұрғыда біздің жасушаларымызда сақталып қалған қазақ халқының жастарына біздің тарихи тамырымыз тереңде екенін, салт-дәстүріміз өміршең, талай қиындықтарға төтеп бере алатындай бай рухани дүниетанымымызды негіздеп, ұлттық рухы күшті, иманы берік, тілі мен діні бір азаматтарды тәрбиелеп, жаңа форматтағы білімді игере алсақ, онда халықымыздың бүгінгі жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарын сақтап, халық болып жұтылып кетпей, керісінше рухани жаңғырып, жоғары белестерді бағындыратын Мәңгі Елге айналарымыз анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет