1 Әл Фарабидің философиясына талдау жасау



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі43,62 Kb.
#132674
  1   2   3   4
Байланысты:
философия бөж


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университеті
Тіл және Әдебиет институты
Герман Роман филология кафедрасы
ФИЛОСОФИЯ
пәні бойынша
БӨЖ №2

Тобы: ИЯ-22-2к


Орындаған: Дүйсенбай Р. Т
Тексерген:Аубакирова Г.Р.

Петропавл 2023 ж



Жоспар
1. Әл Фарабидің философиясына талдау жасау
2. Н.Ә.Назарбаевтің болашаққа бағдар мақаласына талдау жасау
3. Абай философиясындағы адам мәселесіне талдау
4. Қазақ философиясына сипаттама
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Әл Фарабидің философиясына талдау жасау.
Әбунасыр Әл Фараби-әлемге әйгілі ойшыл. Ол оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген.
Әл Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило­софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша қалам тартып аса ірі жетістіктерге жетеді. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған, Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Әл Фараби Аристотельдің «Категориялар», «Мета­физика». «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика» т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.
Әл Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін бықсықтан тазалап, аршып өз калпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзкарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалған. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектері көп. Сондықтан да Шығыс философтары оны «Ал муаллим ас-сани» — екінші ұстаз деп атаған. «Бірінші ұстаз» — «ал муаллим ал аууал» деп олар Аристотельді атаған. Әл Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған.
Әл Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемлекет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа мәдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму — таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды. Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды.
Араб философиясындағы жетекші бағыт перипатетизм, яғни аристотелизм болды. Бұлар да бірсыпыра өзекті мөселелер түрғысында Құран қағидаларына қайшы келді. Бірақ олар бұл кайшылыктарды, керағарлықтарды тігісін жатқызып, бітістіру үшін Алланың айтқаны да, философия мен ғылым тұжырымдары да шындыққа сай келеді, біріншісі баршаға бағышталған, екіншісі тандаулы адамдарға, даналарға арналған арнайы, шектеулі шындық.
Араб аристотелизмінің негізін салушылар қатарында әл-Кинди, Фараби, Ибн Сина т.б. жатады. Алайда фило­софия тарихшыларының басым көпшілігінін ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдык-саяси ой-пікірдің нағыз көш бастаушысы Фараби болды. Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Оның философиялық көзқарастарын нақтылы тарихи жағдайда, белгілі бір дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктері мен сонылығын дұрыс түсінуге болады. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондықтан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-теологиялық сипат алды. Демек, Фарабидің философиялық ілімі — негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім. Фарабидің данышпандығы мен білімпаздығы, әрине, бұл идеализмге өзгеше түр бермей қала алмады. Араб тарихшысы Усейбидің айтқанына карағанда, Фарабидің философиялық жүйесінде маңызы кейінірек барып біліне, анықтала бастаған бірден көзге түсе қоймайтын жерлері көп, олар қазіргі заманғы терминология бойынша айтсақ, материалистік нышанды немесе идеализм мен материализм арасындағы ауытқуды білдіреді. Фарабидің философиялық жүйесі ортағасырлар философиядағы барлық проблемаларды қамтиды деп айтсақ артық болмайды. Олар: болмыс жөніндегі ілім, материя және оның дамуы туралы мәселе, адамның тану әрекеті — проблемасы, логика мәселелері, ақыл және оның адамның қоғамдық іс-әрекеттеріндегі алатын орны, этика, эстетика мәселелері, натурфилософия және ғылымдар методологиясы, проблемалары, т.б.
Ақыл туралы ілім Фарабидің философиядағы ірі жетістіктері санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымы кең, бүкіләлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Әрекеттегі яғни жасампаз ақыл болмыс түзілісіндегі жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы сатыны түпкі себеп — Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны — аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай негізгі төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы — адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатыны форма мен материя алып жатыр. Бұл схемада бір жағынан әлемнің жаратылысы мен аспан мен жердің алшақтығы жайлы ресми мұсылман дінінің кағидаларына сәйкес келсе, екінші жағынан дүниеге материалистік, эволюциялық даму тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Әл Фараби.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет