1. Электромагниттік сәуленің табиғаты және оның негізгі сипаттамалары, эмс спектрі Электромагниттiк сәуле спектрi


Атомдық спектрлер.Сериялық заңдылықтар. Спектрлік терм. Комбинация принципі



бет16/47
Дата11.12.2023
өлшемі6,59 Mb.
#137730
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
атомка

18. Атомдық спектрлер.Сериялық заңдылықтар. Спектрлік терм. Комбинация принципі.
Берілген дене шығаратын электромагниттік сәуле жиіліктерінің жиыны шығару спектрі деп аталады. Өзара бірімен бірі әсерлеспейтін, еркін атомдардың спектрі жеке толқын ұзындықтардан, яғни жеке спектрлік сызықтардың белгілі жиынтықтарынан тұратын сызықтық спектр береді. Ең қарапайым спектр сутегі атомының спектрі. Спектрдің көрінетін бөлігінде сутегінің тек 4 сызығы бар, олар Нᵅ, Нᵦ, Нᵞ және Нᵟ сызықтары. Бұл сызықтардың аралығы спектрдің қысқа толқындық шетіне қарай кемиді. Осы сызықтардың толқын ұзындықтарын 1 формуламен өте дәл өрнектеуге болады. Оны 1885 ж. ең алғаш Швейцариялық ғалым И. Бальмер (1825-1898) тағайындаған:
(1)
табуға болатындығын тапты; мұндағы В=364,6 нм, ал n=3,4,5,... бүтін мәндерiн қабылдайды. (1) формуланы Швед ғалымы И.Ридберг (1890) басқа түрде жазуды ұсынды:
, (2)
м
32
ұндағы -спектрлiк сызықтың толқындық саны, см
-1, -толқын ұзындығы, R-тұрақты шама, Ридберг тұрақтысы деп аталады; n=3,4,5,... (2) формула өте жоғары дәлдiкпен тәжiрибеге сәйкес келетiн нәтижелер бередi.
Бальмер формуласын қамтитын сутегi атомының спектрлiк сызықтар тобы Бальмер сериясы деп аталады.Сутегi атомы спектрiнде Бальмер сериясына жататын сызықтардан басқа сызықтар да бар. Олар бiрнеше серия құрайды.
Спектрдiң ультракүлгін бөлiгiндегi бiр топ сызықтар Лайман (1906) сериясы деп аталады:
n=2,3,4,...
Сутегi спектрiнiң жақын инфрақызыл бөлiгiнде Пашен (1908) сериясы деп аталатын бiр топ сызық бар. Бұлар мына формуламен өрнектеледi:
n=4,5,6,...

Спектрлiк терм. Комбинациялық принцип. Атомдардың сызықтық спектрлерiн зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, Ридберг (1889) берiлген серияның барлық сызықтарының толқындық сандары (жиiлiктерi) мына қатынасты
(4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет