μn=ħ/2*e/mp шамасы ядролық магнетон д.а. μn шамасы μБ магнетонынан 1836 есе кіші.Сондықтан аса нәзік түзіліс электрон спинімен байланысты мультиплеттік нәзік түзілістен шамамен 103 есе кіші. Аса нәзік түзіліс құраушыларының санын атомдық спектрдің нәзік түзілісіндегі сияқты табуға,яғни ядролық спин ескерілген атомның векторлық моделі көмегімен анықтауға болады.Осы жағдайды атом күйін атомның толық моментін LF=LJ+LI анықтайтын F толық кванттық санымен сипаттайды. Аса нәзік түзіліске жіктелу мына формуламен анықталады:δωF+1,F= δEF+1- δEF/ ħ=A/ ħ*(F+1) Аса нәзік түзіліс құраушыларының арақашықтықтары аралықтар ережесін қанағаттандырады: δω1: δω2: δω3: ... (F+1): (F+2): (F+3): ...Мұның өзі аса нәзік түзіліс табиғатының дұрыс түсірілгендігін көрсетеді және спектрдің аса нәзік түзілісі бойынша тікелей ядролық спиндерді анықтауға мүмкіндік береді.
43. Элементтердің периодтық жүйесін физикалық түсіндірілуіМенделеев кестесінің 1-ші және 2-ші периодтарының аумағында деңгейлердің толтырылу тәртібі сутегі атомындағы деңгейлердің үлгісімен сәйкес келеді. n=1 қабатта тек s-қабық толтырылады; n=2 қабаттың алдымен s-, онан кейін p-қабығы толтырылады. Егер күрделі атомдар үшін де осы идеал желі қолдануға жарайтын болса, онда калийда 3d-қабық толтырыла басталар еді. Бірақ калийдің 3d және 4d күйлеріндегі электрондардың энергиялары мынаған тең Е3d= = , Е4d= = . Осыдан Е3d> Е4d екендігі келіп шығады, сондықтан тереңірек орналасқан 4s деңгейі алдымен, одан кейін барып 3d деңгейі толтырылады. Демек үшінші период, екінші период сияқты, тек 8 элементтен тұрады және атомдардың 3s және 4р-қабықтары болады. Кальцийдегі (z=20) 4s-қабық толтырылғаннан кейін, скандийде (z=21) 4р-қабықтың құрылуы басталады деп күтуге болады. Бірақ спектрлерді зерттеу кейінгі элементтерде алдымен 3d-қабық толтырылады, онан кейін барып 29Cu мыстан бастап 30Zn мырыштан аяқталатын, қабықтардың қалыпты толтырылуы жалғасады. Сонымен 4-период 18 элементтен тұрады және атомдардың 4s, 3d, 4p-қабықтары болады.