Сонда дисперсияның тұрақтылығы шартынан мына өрнек алынады: (1.1) осыдан (1.2) Гартман формуласы. Призмалық аспаптар үшін аспаптың сызықтық дисперсиясын бейнелейтiн Гартман формуласы (1.3) жақсы нәтиже бередi. Бұл формулада n0, с және 0 үш тұрақты бар; бұлар 1, 2 және 3 толқын ұзындықтары белгiлi үш сызық арқылы анықталады. Осы 1, 2, 3 мәндерiн және бұларға сәйкес аспаптың n1, n2, және n3 көрсетулерiн (1.3) формулаға қойғанда теңдеулер жүйесi алынады. Осы жүйенiң шешiмi : Толқын ұзындығын спектрлік сызықтардың атласы көмегімен анықтау. Спектропроектор экранына проекцияланған спектрограммадағы темір спектрін планшеттегі темір спектрімен беттестіреді. Зерттелетін зат үлгісі спектріндегі сызықтың толқын ұзындығы атлас бойынша тікелей анықталады.
4. Атомдық спектрларді заттың химиялық құрамын анықтау үшін қолдану. Әрбір химиялық элемент атомының және әрбір молекуласының тек өзіне тән спектрі б.ды.демек спектр б/ша заттың химиялық (элементтік) құрамын анықтауға б.ды. Сапалық спектрлiк талдау негiзiне әрбiр химиялық элемент атомдары қоздырылған кезде осы элементке тән сызықтық спектр шығару қабілетi алынған. Сондықтан зат үлгісiнiң шығару спектрiнде элементтiң көрiнген кезкелген спектрлiк сызығы осы элементтiң зат үлгісiнде бар екендiгiнiң дәлелi ретiнде қабылдауға болады. Басқа талдау әдiстерiмен салыстырғанда спектрлiк талдау ең қарапайым, тез әрi сезгiштiгi жоғары әдiс болып табылады. Спектрлiк талдау, әдетте, талданатын материалды жiктеудi қажет етпейдi. Фотографиялық тiркеу әдiсiн қолданғанда бiрнеше мг болатын зат үлгісiндегi көптеген элементтi бiрден анықтауға болады.